Ашу және жазуға үйретудің


Оқу дағдысының негізгі сипаттамалары



бет88/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Оқу дағдысының негізгі сипаттамалары:


  1. Түсініп оқу (мәтіннің мазмұнын дұрыс түсіну).

Мәтін мазмұнын, шығарманың идеялық бағыттылығын, кейіпкерлерін, әдеби тәсілдерді түсініп оқумен ерекшеленеді.

Оқудың түсініктілік жағы – бұл оқырманның төмендегі заттарды біртұтас түсінуі:



    • Мәтінде қолданылған сөздердің көпшілігін тура және ауыспалы мағыналарында да түсінуі;

    • Мәтін құрамындағы сөйлемдердің әрқайсысын жеке және басқа сөйлемдермен байланыста түсіну;

    • Мәтінің бөлімдерін (азат жол, эпизод, тараулар), ол бөлімде не туралы айтылғаны және нені меңзейтіні туралы түсіну.

    • Мәтіннің негізгі мазмұны (өзінің соған қатынасын) түсіну.

    • Түсініп оқудың деңгейі мен тереңдігін бағалау кезінде мәтін мазмұнының екі жоспарын түсінудің маңызы зор:

    • Пәндік жоспар;

    • Пәндік жоспар мазмұны;

Пәндік жоспар – бөлме ішін сипаттау, кейіпкерлерді сипаттау, диалогтарды, кейіпкерлердің пікірлерін, ой-толғауларын, оқиғалар тізбегін, сөздердің, сөйлемдердің мағынасын сипаттау. Пәндік жоспар мазмұны – бұл жоғарыда аталған заттардың оқырманға айтары, жазушының оқырманға айтқысы келген ойы.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет