Сабақтың түрі мен құрылымы:
сабақтың қандай түрі таңдалған, оның мақсаты;
берілген бөлім бойынша сабақтар жүйесіндегі осы сабақтың орны;
сабақтың ғылымилығы несімен көрінді, оның тәжірибемен байланысы;
сабақ кезеңдері қандай, оның логикалық байланыстылығының дәйектілігі;
сабақ жүйесі берілген сабақ түріне сәйкестігі;
сабақтың өту барысы мен қорытындысы қалай қамтамасыз етілді.
Оқыту ұстанымдарының орындалуы:
міндеттердің кешенді шешіміне негізделген оқытудың бағыттау ұстанымы;
сабақтың ғылымилығы қалай байқалады, оның өмірмен, тәжірибемен байланысы;
әр көрнекілік қандай мақсатта қолданылды;
білім, білік, дағдыны қалыптастырудағы жүйелілік және бірізділік ұстанымдарының сақталуы;
оқушылардың сезімі, белсенділігі, өзін-өзі басқаруы қалай ұйымдастырылды;
оқушыларды оқытуға басшылық жасау жүзеге қалай асты;
оқушылардың сабақта дамуы қалай жүзеге асты;
танымдық іс -әрекетінің қай түрі басым болды (репродуктивтік, ізденіс, шығармашылық);
оқытуда даралау, саралау қалай орындалды;
оқушылардың оқуға деген ынтасы қалай көтерілді.
Оқытудың әдіс-тәсілдері:
қолданылған әдіс- тәсілдер қандай мөлшерде сабақтың мақсатына сәйкес;
олар танымдық іс-әрекеттің қай түрін қамтамасыз етті;
оқушылардың оқу белсенділігін көтеруде қандай әдіс- тәсілдер қолданылды;
өзіндік жұмысы қалай жоспарланып өткізілді және оқушылардың өзіндік танымдық дамуы қамтылды ма;
пайдаланылған оқыту әдіс-тәсілдердің тиімділігі.
Сабақта оқу жұмысының ұйымдастырылуы:
әр сабақ кезеңінде оқу мақсатының қойылуы қалай жүзеге асты;
әр түрі қалай байланысқан: жеке, топтық, сыныптық;
оқушылардың әртүрлі іс-әрекетінің алмасуы жүзеге асты ма;
оқушылардың іс-әрекетіне бақылау қалай ұйымдастырылды;
оқушылардың білім және біліктері дұрыс бағаланды ма;
мұғалім оқушылардың дамуын қалай жүзеге асырды (логикалық, ойлауын дамыту, сыни ойлау, салыстыру іскерлігі, қорытынды, талдау жасау);
оқушыларды ұйымдастыруда мұғалім қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланды;
әр кезеңді және жалпы сабақты қалай қорытындылады.
Мұғалімнің жұмыс жүйесі:
сабақта жұмысты жалпы ұйымдастыру іскерлігі, уақытты бөлу, бір кезеңнен келесісіне логикалық ауысуы, оқушылардың оқу жұмысын басқару, сыныпты меңгеру, тәртіп сақтау;
оқушыларға оқу жұмысының ұтымды түрлерін көрсету;
сабақта оқу мәліметтерінің мөлшерін анықтау;
сабақта мұғалімнің мінез-құлық, жүріс-тұрыс әдебі: әдеп пен өнеге, сөйлеу екпіні, сырт пішіні, сөйлеу көркемдігі, сезімталдығы, қарым-қатынас түрі, әділдігі;
қажет шағын психологиялық ахуал құрудағы мұғалімнің рөлі.
Оқушылардың жұмыс жүйесі:
әртүрлі сабақ кезеңіндегі ұйымдастырушылық пен белсенділік;
сезімталдықтың тепе-теңдігі;
жұмыстың әдіс-тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейі;
мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына деген көзқарас;
негізгі білім және білікті меңгеру деңгейі;
білім, білік және дағдыларын шығармашылықпен қолдану іскерлігі.
Сабақтың жалпы нәтижесі:
сабақ жоспарының орындалуы;
сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсатының іске асуы;
оқушылардың білімді меңгеру және іс-әрекет түрлерінің деңгейі:
1-ші – қабылдау, түсіну, есте сақтау деңгейінде меңгеру; 2-ші – үйлесімді және ұқсас жағдайларда қолдану;
3-ші – жаңа жағдайда қолдану, яғни шығармашылық;
сабақ тиімділігі және жалпы нәтижені бағалау;
сабақтың сапасын жақсартуға ұсыныс.
Сабақты талдау қырлары:
Оқу барысының бағытынан, қызметінен шығатын (сабақтың дамытушылық, тәрбиелік, тәжірибелік бағыты, жалпы білім-білік және дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру; танымдық іс-әрекетінің белсенділігі, пәнаралық байланысты жүзеге асыру т.б);
Мұғалім мен оқушының түрлі іс-әрекетінен шығатын;
Оқыту барысының құрамынан (мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдіс-тәсілі, оқытуды ойдағыдай ұйымдастыру);
Сабақ кезеңдерінен (қабылдауға дайындық, білім, білік және дағдыларын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту, үй тапсырмасы, сабақты қорыту т.б.) шығатын.
Сабақты талдау мақсаты:
Сабақ беру сапасын, оқушының білім, білік және дағдыларының сапасын бақылау;
Оқу-тәрбие барысының жағдайына бақылау;
Педагогқа нұсқау беру;
Жоғары педагогикалық шеберлікті меңгеруде көмек көрсету;
Мұғалімнің жетістігі мен сәтсіздіктерінің себебін анықтау, жұмыстағы кемшіліктерді жеңе білу.
Мұғалім жұмысының жүйесін айқындау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |