Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет10/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту мүшелерi ауыздан және жақсы дамыған ауыз қуысы мен үлкен тiлден басталады. Тiлдiң үстiнде тамақты ұстап алуына бейiмделген мықты мүйiз тiстерi жұтқыншақтан және iшектен құрылады. Жағы жоқ, аузы дөңгелек, ол жануарлардың денесiнiң қай жерiне болмасын сорып жабысып алуға бейiмделген. Жұтқыншақ iшекпен жалғасып, аналь тесiгiмен аяқталады. Дөңгелек ауыздыларда қарын жоқ. Қарыны дамымағандықтан өңеш бiрден iшекке келiп жалғасады. Миногаларда iшектiң iшкi қабырғаларында спираль тәрiздi қыртыстары болады, олар ас қорыту жүйесiнiң iшкi сiңiру бетiн ұлғайтады да, тамақтың iшек қуысынан өтуiн баяулатып, оның толық қорытылуына себепшi болады. Lшектiң алдыңғы бөлiмiнен бауыр дамиды, iшектiң алдыңғы бөлiмiне келiп құйылатын өтi бар, ұйқы безi жетiлмеген. Миногалардың iрi түрi балықтарға шабуыл жасап денесiн кемiрiп iшiне кiрiп барлық iшкi мүшелерiн жеп, зиянын тигiзедi. Миноганың ұсақ түрлерi судағы омыртқасыздармен қоректенедi.
Көбеюi. Жынысты жолмен көбейедi. Дөңгелек ауыздылар дара жынысты. Жыныс бездерi дара, көбею кезiнде дене қуысының көпшiлiк жерiн алып жатады. Бұл бездердiң арнаулы шығару түтiктерi болмайды. Жетiлген жыныс гаметалары бездерден дененiң қуысына құйылып одан арнаулы тесiктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр түтiк өзегi арқылы суға шығып, сол жерде ұрықтанады.
Дамуы. Миногаларда даму түрленiп жүредi. Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Құмғазғыштар көпшiлiк уақытта топырақты қазып, соның iшiнде жатады. Олар бiрнеше жыл өмiр сүредi, (2-5 жыл) сол жылдардың iшiнде олар ересек миногаларға айналады. Құмқазғыш кейбiр белгiлерiнiң болуына қарағанда (эндостильдiң болуы) тiршiлк ету тәсiлдерiне қарағанда ланцетниктерге ұқсайды. Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Олар тура дамиды.
Миногалар отрядына, миногалар тұқымдасына жататын өкiлi – Каспий миногасы Қазақстан қызыл кiтабына енгiзiлген. Туыстың жалғыз түрi. Өзендерге су құрылыстарын салу нәтижесiнде көбею жағдайының өзгеруiне байланысты бүкiл Каспий алқабында саны өте жылдам кемiп келе жатыр. Уылдырық шашу үшiн теңiзге құятын көпшiлiк өзендерге өрiстейдi. Ересектерi теңiзге құлайды, онда 55см-ге дейiн өседi.
Систематикасы:
Омыртқалылар – Vertebrata немесе бас сүйектiлер – Craniata тип тармағы
Класс үстi – Жақсыздар Agnatha
Дөңгелек ауыздылар класы – Cyclostomata
Балықтар класс үстi – Pisces
Шемiршектi балықтар класы – Chondrichthyes
Сүйектi балықтар класы – Osteichthyes
Класс үстi құрлықтағы омыртқалылар немесе төрт аяқтылар – Tetrapoda
Қос мекендiлер класы – Amphibia
Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia
Құстар класы – Aves
Сүт қоректiлер класы – Mammalia.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет