Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет7/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана
3 дәріс – Тақырыбы: 3-тип тармағы: Омыртқалылар немесе басқаңқалылар.

1. Омыртқалы жануарлардың құрылысындағы негізгі белгілері (жабыны, тірек-қимыл аппараты, асқорыту, тыныс алу, қан айналу және т.б.).


2. Омыртқалылардың эволюциясында сулы ортадан құрылық-ауа тіршілік ортаға көшу және эмбрионалдық бейімделушіліктер (анамнилер мен амниоттар). Тип тармағының классификациясы.


Омыртқалылар – хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда тұрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында және тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты.Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің денесін қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ сүйектері бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Жақ сүйектерінің ұстау тамақтарын ұстау қызметтері – төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалылардың өте жоғары дәрежеде шешілген. Осы қажеттіліктің нәтижесінде денесінде қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу процесі күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да ас қорытатын арнайы бездер – бауыр мен ұйқы безі және көптеген ішкі секреция бездері жетіледі. Төменгі сатыдағы хордалылар тек қана суда, теңізде тіршілік етсе, омыртқалылар тіршілікке қолайлы жердің бәріне таралады. Эволюцияның барысында омыртқалылар бейімделгіш қабілетін анық көрсетеді.
Омыртқалылар силурда, полеозойда белгілі болды, ал юра кезеңінде қазіргі тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлық класы белгілі болады. Қазіргі уақытта омыртқалылардың 43 мың түрі белгілі. Дөңгелек ауыздылар аздап балыққа ұқсайтын осы кезде тiршiлiк ететiн омыртқалылардың iшiндегi өте қарапайым құрылысты жануарлар. Олар теңiздерде және басқа да суларда тiршiлiк етедi. Дөңгелек ауыздылар жартылай немесе толық паразиттiк тiршiлiк жағдайына бейiмделген. Миногалар балыққа жабысып, олардың қанын сорады, кейде тiптi етiн жейдi. Ал миксин болса жабысқан жануарлардың денесiнiң iшiне кiрiп кетiп, етiнде, iшкi мүшелерiн де жейдi. Паразиттiк тiршiлiк етуiне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесiгi болады. Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Иiс капсуласы бiреу, ол бiр ғана танау тесiгi арқылы сыртқа ашылады. Олардың мүйiздi тiстерi болады, терiсi жалаңаш. Балыққа тек сырт көрiнiсi ғана ұқсас, ал дөңгелек ауыздылар омыртқалылардың жеке өз бетiнше дамыған тарауы. Қазiргi уақытта сандары өте аз бiр ғана отряд қалған. Өзен мен тұщы суларда тiршiлiк ететiн миногалар (30 түрi бар) және мұхиттар мен теңiздерде тiршiлiк ететiн миксиналар (20 түрi бар.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет