Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет15/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Көбеюi. Шемiршектi балықтарда аналық жыныс бездерi жұп болады. Олар бауыр жағындағы қуыста орналасқан. Жетiлген жұмыртқа клеткалар бiрден дене қуысына түседi, содан кейiн одан уылдырық түтiктерiнiң шұңқырына түседi. Демек, жұмыртқа клеткалары уылдырық түтiктерiмен тiкелей жалғаспайды. Уылдырық түтiктерi бiрден клоакаға ашылады. Ұрықтану iште өтедi. Акула мен скаттарда ұрықтану ұрғашы балықтардың жыныс жолдарында болады. Спермалар (шәует) ұрғашы балықтың жыныс мүшесiне еркек балықтың ерекше жаратылған қосалқы (копулятивный аппарат) мүшесi арқылы енгiзiледi.
Дамуы. Шемiршектi балықтарда даму әртүрлi жолдармен өтедi. Көпшiлiгiнде сары уызы көп жұмыртқа клеткалары ұрытанғаннан уылдырық түтiктерiне түсiп қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды. Екiншi бiр түрлерiнде сары уызға өте бай болады да, сыртына қатты қабық түзелмей, уылдырық түтiктерiнiң арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдiсiн жұмыртқадан тiрi туу немесе”тiрi жұмыртқа тууышылық” деп атайды. Кейбiр түрлерiнде нағыз тiрi туу байқалады. Олардың жұмыртқаларында қоректiк заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейiн уылдырық түтiктерiмен жылжып отырып, оның кеңейген жерiне бекiп даму үшiн қажеттi заттардың бәрiн содан алады. Тiрi туатын түрлерiнiң жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесiмен тығыз байланыстыратын “сары уыз плаценттерi” (желточный мешок) болады.


Систематикасы:
Шемiршектi балықтар класы – Chondrchtyes
Тақта желбезектiлер класс тармағы – Elasmobranchia
I-отряд үстi акулалар – Selachomorpha
II-отряд үстi скаттар – Batomorpha
Бүтiн бастылар немесе химерликтер класс тармағы – Holocephali


Сүйектi балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңiздерде және тұщы суларда тiршiлiк етедi. Тiршiлiк жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пiшiнi де алуан түрлi болып келедi. Барлық балықтардың 99% (20 мың түрi) осы сүйектi балықтарға жатады. Олардың қабыршақтар сүйектi болады. Құйрық қанаттары гомоцеркалды. Сүйектi балықтардың қаңқасы сүйек болғандықтан денесi ауыр болады. Осыған байланысты оларда торсылдақ жақсы дамыған.
Сүйектi балықтарда шемiршектi балықтардiкiндей арқа, анальный, құйрық қанаттары кең, ашалы болып келедi. Осындай құрылысты құйрықты гомоцеркальды деп атайды.
Сүйектi балықтардың денесiн жұқа пластинка тәрiздi көптеген сүйектi қабыршақтар жауып жатады. Жұқа пластинканың бiр шетi терiсiне бекiнiп, екiншi шетi сыртқа шығып жатады.
Сүйектi балықтарда төрт жұп жетiлген желбезектерi болады. Сүйектi балықтардың желбезек аралық перделерi болмайды, желбезек талшықтары шеңберлерiне ғана бекидi. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады. Олар желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балықтардың тыныс алуы суда ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады.
Сүйектi балықтардың ас қорыту жүйесiнiң кейбiр ерекшелiктерi бар. Lшектiң ас қорыту бетiн ұлғайтатын спираль тәрiздi қақпақшалары болмайды. Сүйектi балықтарда iшектiң бетiн ұлғайтатын пилорикалық тұйық өсiндiлер пайда болады. Клоакасы болмайды, қорытылмаған нәжiстер аналь тесiгi арқылы сыртқа шығады. Жыртқыш балықтардың тiстерi өткiр, ауыздары кең ашылады, қарындары үлкен болып келедi. Ал өсiмдiктермен қоректенетiн балықтарда, әсiресе ұсақ омыртқасыздармен және органикалық қалдық заттармен қоректенетiндерiне тiстерi мардымсыз немесе жоқ, қарында жеке бөлiнiп көрiнбейдi немесе болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет