Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет17/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

6 дәріс – Тақырыбы: ІІ-класс тобы. Төртаяқтылар.

1. Құрылықтық омыртқалы-лардың пайда болуы.


2. 1-класс. Қосмекенділер. Суда және құрылықта тіршілік етуіне байланысты клдасқа жалпы сипаттама.

  1. Құрылысына салыстырмалы-анатомиялық шолу. Көбеюі мен дамуы.

Құрылықта тiршiлiк етушi алғашқы омыртқалылар қосмекендiлер болған. Олар пайда болғанға дейiн жерде судың омыртқалылары – балықтар тiршiлiк еткен. Қазбадан табылған ертедегi балықтардың арасынан саусақ қанатты балықтар белгiлi. Ендеше девон дәуiрi кездерiнде (шамамен 400-500 млн бұрын) алғашқы қосмекендiлер (стегоцефальдар) саусақ қанатты балықтардың ертедегi тегiнен шыққан деп болжайды. Қосмекендiлер құрлыққа шығуымен қатар сумен де байланысын жоғалтпады және толығымен құрылық жануарына айналған жоқ. Қосмекендiлердiң гректiң “амфибиос” деген сөзiнен олардың өз тiршiлiгiнде тек құрлықпен ғана емес, сонымен бiрге сулы ортамен де байланысты екендiгiн көрсетедi. Бұл байланыс олардың тiршiлiк әрекеттерiнен көбею, даму және дене құрылыс ерекшелiктерiнен айқын көрiнедi. Қосмекендiлер тұзды суларда өмiр сүре алмайды.


Құрылысы. Ересек түрлерiнiң денесi бас, дене және екi жұп аяқтан тұрады. Қосмекендiлер жартылай тiршiлiк етуiне байланысты балықтармен салыстырғанда жақсы жетiлген. Бас-мойын бөлiмiнiң бiр ғана омыртқасы арқылы дене омыртқасымен жалғасады. Соның нәтижесiнде бас қозғалмалы болып, азықтарын тез ұстауға мүмкiндiк бередi.
Терi жабындысы. Барлық қосмекендiлердiң терiсiн және оның сыртынан жауып тұратын сүйектi немесе мүйiздi қабыршақтары жоқ – жалаңаш болады. Олардың денесiнiң салмағы судан шыққанда артып, суға түскенде жеңiлденген. Сондықтан құрлықта өмiр сүрген қосмекендiлер үшiн сүйектi қабыршақтардың болмауы үлкен жеңiлдiк. Қабыршақтардың жойылуымен, қорғанудың қажеттiлiгiне байланысты эпидермисiнде бездер өте көп. Терi бездерiнiң секреттерi терiнi құрғап кетуден және сыртқы ортаның факторларының зиянды әсерiнен қорғайды. Көптеген түрлерiнiң терiсiнде улы бездерi болады. Оның қызметi қосмекендiлердi жыртқыш жануарлардан қорғайды. Қосмекендiлер құрлықта тiршiлiк ететiн жануарлар сияқты құрғақшылыққа қарсы тұру қабiлеттiлiгi әлi жете дамымаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет