Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет19/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Нерв жүйесi. Қосмекендiлердiң алуан түрлi ортада тiршiлiк етуiне, күрделi және өзгергiштiк тiршiлiк ортасына байланысты миының құрылысы балықтардiкiмен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу және ол ми жарты шарларына бөлiнген. Ортаңғы миы онша үлкен емес, ал мишығы өте аз болады. Мидың бұл бөлiмiнiң нашар дамуы қосмекендiлердiң қозғалысының күрделi болмай жай баяу қимылдауына байланысты. Жұлын нервтерi иық және жамбас белдеулерiнде нерв торларын құрайды. Омыртқа жотасының екi жағында орналасқан симпатикалық нерв жүйесi жақсы дамыған.
Сезу мүшелерiнiң iшiнде белгiлi бiр дәрежеде өзгерiске ұшыраған мүше ол (құлақ) есту мүшесi. Ол балықтарға қарағанда қосмекендiлердiң есту мүшелерi жақсы дамыған. Қосмекендiлерде тек қана iшкi құлағы емес, ортаңғы құлағы мен дабыл жарғағы да бар. Ортаңғы құлақ қуысының төменгi ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлiмi евстахиев түтiгi деп аталады. Қосмекендiлерде жұп иiс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бiр жұп танау тесiгiмен қатынасады. Иiс сезiмiмен iшкi танау тесiгiмен қатынасады. Иiс сезiмiмен iшкi танау хоандар кетедi, олар ауыз-жұтқыншақ қуысымен жалғасып тыныс алуға да қатысады. Қосмекендiлер иiс сезу мүшесiн ауада ғана пайдаланады, ал суда жүргенде танауын жауып жүредi.
Балықтарға тән бүйiр сызық, қосмекендiлердiң личинкаларына ғана тән. Бүйiр сызық тiршiлiгi үнемi суда өтетiн қосмекендiлердiң кейбiр құйрықты және құйрықсыз түрлерiнiң ересектерiнде өмiр бойы сақталады.
Қан айналу жүйесi. Эволюциялық дамудың барысында омыртқалы жануарлардың iшiнде құрлыққа шығуына байланысты қосмекендiлерде ең бiрiншi рет өкпе пайда болады. Осыған сәйкес қан айналыс жүйесiнде елеулi өзгерiстер туады. Барлық қосмекендiлердiң жүрегi балықтардың жүрегi сияқты екi бөлiмнен емес үш бөлiмнен: бiр қарыншадан, сол жүрекшеден және оң жүрекшеден тұрады. Өкпеде оттегiне қаныққан және көмiр қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келiп құйылады. Мұндай қандарды вена қан тамырлары әкелсе де, оны артерия қаны деп атайды. Бүкiл денеге оттегiн таратып, көмiр қышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келiп құйылады. Мұндай қанды вена қаны деп атауға ұйғарылған. Жүрекшелердiң жиырылуының нәтижесiнде барлық қан құлақшаға құйылады. Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткенi қарыншаның iшкi бетiндегi әртүрлi өсiндiлер қандардың толық араласуына мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейiн қарыншаның оң жақ бөлiгiнде вена қандары, сол жағында – артерия қандары, ал ортасында – аралас қандар тұрады.
Жүрекшенiң оң жақ бөлiгiнен артериялық конус шығады, одан төрт жұп артериялық доғалар тарайды. Бiрiншi жұп артерия таза артериялық қанды бас бөлiмiне апарады, оны ұйқы артериясы дейдi. Екiншi және үшiншi жұп артериялар дененiң барлық жерiне таратылған үлкен тамырлар жүйесiнiң аортасын құрайды. Төртiншi жұп артерия - ол қанды өкпеге апарады, әрбiр өкпе артериясынан бiрден үлкен қан тамыры шығып, терiге барып, терiде веноздық қан оттегiне қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-терi артериялары деп атайды. Сайып келгенде, қосмекендiлерде балықтардiкi сияқты бiр ғана қан айналыс шеңберi емес, екi қан айналыс шеңберi бар. Үлкен қан айналыс шеңберi – жүректен шыққан қан артериялар мен капиллярлар арқылы бүкiл дененiң бөлiктерiне тарап, одан капиллярлар мен веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келiп құяды. Кiшi қан айналым шеңберi – жүректен шыққан қан өкпе артериясы мен капиллярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллярлар және өкпе венасы сол жақ жүрекшеге келiп құяды.
Қосмекендiлерде бұл екi шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлiнбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректiң жалғыз қарыншасы арқылы өтедi. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегi аз аралас қанмен қамтамасыз етедi. Сол себептен зат алмасудың дәрежесi жоғары болмай, олардың денесiнде жылу аз болады. Бұлар да балықтар сияқты, суық қанды жануарларға жатады. Олардың денесiнiң температурасы қоршаған ортаның температурасымен тығыз байланысты. Қосмекендiлердiң тiршiлiгiнiң маусымдық, тәулiктiк ерекшелiктерi және географиялық таралуы осыған байланысты. Олардың түрлерi тек тропикалық жерлерде ғана көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет