Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы


дәріс – Тақырыбы Қосмекенділердің систематикасы



бет21/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

7 дәріс – Тақырыбы Қосмекенділердің систематикасы.

1. Құйрықтылар отряды. Көбеюіндегі ерекшеліктер.


2. Аяқсыздар отряды. Тіршілігі.
3. Топырақ арасында тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктер


Систематикасы:
Класс үстi төртаяқтылар – Tetrapoda
Қосмекендiлер класы - Amphibia
Жiңiшке омыртқалылар класс тармағы – Lepospondyli
Аяқсыздар отряды – Apoda
Құйрықтылар отряды - Caudata
Доға омыртқалылар класс тармағы - Apsidospondyli
Құйрықсыздар отряды - Anura

Аяқсыз қосмекендiлер отряды. Жер астында тiршiлiк етуiне және жердi қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрiздi кiшкентай топ жануарлар. Көпшiлiк түрлерiнiң денесi жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терiсiнде терi бездерi көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бiр ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстiк Америкада таралған,ұзындығы 40 см болады. Дымқыл жерлердi 50см-ге дейiн қазып, сол жерде тiршiлiк етедi. Аяқсыздар iндерге, түбiрдiң түбiне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейедi. Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды. Ұрықтануы iште болады.


Құйрықты қосмекендiлер отряды. Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегi бар, көздерi жоқ, үңгiр су қоймаларында кездеседi), сирендер(желбезегi бар, бiрақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшiлiк құйрықты қосмекендiлер Солтүстiк Америкада таралған. Олардың денесi бас, дене және құйрық бөлiмдерiне бөлiнген. Өмiрiнiң көпшiлiк уақытын суда өткiзедi. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бiрдей. Бiзде кәдiмгi тритон және жалпы тритондар кездеседi. Бұлар жаз айларында шағын ақпайтын, ақса баяу ағатын өсiмдiгi мол суларды мекендейдi. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбiне, тастың астына, жердiң жарығына кiрiп паналайды. Қыста құрғақ түбiрлердiң, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюi мен личинкаларының дамуы суда өтедi.
Кәдiмгi саламандрлар тритондарға қарағанда тiршiлiгi сумен онша байланысты емес. Күндiз ағаш тамырларының, тастың астында және iндерде болады. Саламандрлар желбезегi бар балаларын тiрi туады, кейде суға уылдырықтарын шашады, одан личинкалар шығады.
Сирендер Солтүстiк Америкада кездеседi. Артқы аяқтары жоқ. Денелерi қзынша, 60-70 см болады. Батпақты жерлерде түбiрдiң астын мекен етедi.
Протейлер Балқан түбегiнiң жер асты суларын мекендейдi. Аяқтары кiшкене жүруге жарамайды. Денесiнiң ұзындығы 25-35см болады. Жұмыртқа салу арқылы көбейедi, Балқан протейлерi тiрi де туады. Жетiсу аяқтыбалығы Қазақстан қызыл кiтабына енген.
Құйрықсыз қосмекендiлер отряды. Сан жағынан көп, құрылысы күрделi, құрлықта да тiршiлiк етуге бейiмделген жануарлар тобы жатады. Бұл отрядқа көлбақа, тоспа бақасы, құрбақа, жерлянка, квакша, чесночницы т.б. жатады. Құйрықсыздардың көпшiлiгi тропикалық елдерде көп кездеседi. Олардың әрқашан жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда күштi дамыған, сондықтан жер бетiнен секiрiп жүредi. Олардың iшiнде құрлықта, ағаштың басында, суда және қазып iнде тiршiлiк ететiндерi бар. Құйрықсыздар терiсi қалыңдау, сондықтан олардың өкпесi жақсы дамыған. Деседе олар тек дымқыл жерлерде ғана тiршiлiк етедi. Сыртқы ортада ұрықтанады. Қосмекендiлердiң көбеюiндегi ерекшелiк – олардың көбею кезiнде суға келiп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтедi. 1700-дей өкiлi бар, бiрнеше тұқымдасқа бөлiнедi.
Дөңгелек тiлдiлер тұқымдасының тiлi дөңгелек келедi. Бұлар Евразияда және Солтүстiк Америкада тараған. Өкiлдерi жерлянка, ұзындығы 5см, сұр түстi құрбақа павитуха, ұзындығы 5см.
Құрбақа тұқымдасы сумен байланысы аз, терiсiнiң эпидермисiнiң жоғарғы қабаты мүйiзденiп кеткен. Өкiлдерi кәдiмгi және жасыл құрбақа бiздiң елiмiзде кеңiнен тараған. Данатин құрбақасы Қазақстан қызыл кiтабына енген. Нағыз бақалар тұқымдасы Австралия мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кездеседi. Өкiлдерi көлбақа және оған жақын тоспа бақасы, шөп бақасы, бiз тұмсық бақа, яваның ұшқыш бақасы. Қызыл аяқ бақа Қазақстан қызыл кiтабына енген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет