Қасым Қайырбек Тайырұлы ОҚо отырар ауданы «С. Сейфуллин атындағы жом»кмм



Дата18.02.2017
өлшемі70,34 Kb.
#10216
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Қасым Қайырбек Тайырұлы

ОҚО Отырар ауданы «С.Сейфуллин атындағы ЖОМ»КММ

Біз «Өмір бойына жететін білім алу» моделінен

«өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз

Н.Ә.Назарбаев

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны

оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор.

Маңызы аса зор дейтінім, ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру.

«АКТ құралдары» дегеніміз не? Бұл микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.

АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі.Мектепте бұл үрдісті іске асырудың көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:


-Компьютер;

- Интерактивті тақта,видеопроектор;


- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.

Ақпараттық коммуникативтік технологияны қолданудың тиімділігі:

  • сабақтағы уақыт тиімді пайдаланылады;

  • тақырып толық қамтылады;

  • оқушылармен кері байланыс орнатып, тақырыпты меңгеру нәтижесі анықталады;

  • сыныптағы оқушылардың барлығының білімін бір уақытта тексеріп, олардың әр сабаққа деген ынтасын арттыруға болады;

  • оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады;

  • оқушы өз білімін бағалап, қатесін таба алады;

  • оқушы өзі тапсырма (тест, сөзжұмбақ), презентация құрастыра алады;

  • ынтасы төмен оқушылармен жұмыс жасалады (сабақ барысында қамтылмаған оқушы қалмайды);

  • көрнекі бейне, анимация, әуен оқушылардың зейінін арттырады.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы мұғалімнің басты көмекшісі -компьютерді қолдану.

Компьютерді қолдану арқылы:



  • Мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады.

Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.

  • Компьютер пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу.

Оқушының ақпарат қабылдау(аудиал,визуал) және есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Қазақ психологы М. Мұқановтың пайымдауынша баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынандай екі түрлі түрткіден құралады бірінші – сыртқы түрткіден, бұл жағдайда бала өзгелерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде өзгелердің оған қолданған шарасына өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсінуі керек.
Екіншіден, оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз – баланың өзінің ықыласы мен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан білуге болады.
АКТ сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген сияқты мотивтермен оны іштей оқуға талпындырады. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.

Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі.



  • Компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады.

  • Сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.

Интерактивті тақтаны қолдану кең мүмкіндіктерге жол ашады. Проблемалық, иллюстративті-түсіндіру, ізденіс  оқыту әдістері сәтті іске асырылады. Оқу материалын қабылдау белсенділігі  артады, пәнге деген қызығушылық байқалады, сабақтың тартымды сәттері берілген материалды  толық меңгертіп, ол жөнінде түсінігін арттырады.  Құрастырған материалдарды өзгерту, қайталап  қолдану, сақтау мүмкіндігі мұғалімнің жұмысындағы таптырмайтын көмек. Видеопроектор - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

АКТ құралдарын оқу үрдісінің кезеңдерінде пайдалану.

АКТ құралдарын оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде пайдалануға болады: жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, бақылау. Бағдарламалар мен оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, хрестоматиялар, интерактивтік жабдықтар және т.б. мұғалімнің ғана емес, оқушының да сабаққа дайындығы барысында пайдаланатын ақпарат көздері. Мультимедия мүмкіндіктері  сабақтарды тартымды, мазмұнды, есте сақтауға жеңіл болуына ықпал етеді.

Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақты бастау формаларын таңдау керек.

Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, кластер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде қолданылған көрнекі материал оқушының берілген ақпаратты толығымен есте сақтауына  көмектеседі. Сабақтың бұл кезеңінде қолданылатын ақпараттық көрнекіліктер:


  • жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған слайд-презентация, бейнебаян;

  • бейнефильмдер;

  • анимациялы, әуенді презентациялар;

  • флипчарттар;

  • E-learnіng жүйесіндегі сандық білім ресурстары;

  • интернет ресрурстары;

  • электронды оқулықтар;

Сабақты бекіту және үй тапсырмасын  тексеру кезеңінде мынадай жұмыс түрлерін қолдануға болады:

  • оқушының өзі құрастырған презентация бойынша үй тапсырмасын айтуы;

  • оқушының өзін – өзі, сондай-ақ бірін-бірі тексеруі үшін соңында жұмысты бағалау критерийлері көрсетілген тест-презентация;

  • тапсырма мен жауап нұсқалары берілген анимациялы тест-презентация (анимация арқылы дұрыс жауап белгіленеді немесе дұрыс емес жауап алынып тасталады);

  • тапсырма мен жауап нұсқалары берілген гиперссылкасы бар тест-презентация (гиперссылканың көмегімен жауаптың дұрыстығы туралы ақпараты бар слайдқа өтіп, дұрыс таңдау жасалған болса, келесі сұрақ ұсынылады, егер жауап дұрыс болмаса, алдыңғы сұраққа қайтып келеді);

  • Түрлі бағдарламаларда құрастырылған тест, карточка, сөзжұмбақ, өздік жұмысы, бақылау жұмысы;


Қорытынды.
XXI ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар және оқушылардың шығармашылығын арттыруда ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Ол үшін сабақ құрылымы әртүрлі оқу әдістері мен ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары болуы керек.
Оқыту үдерісінде АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады.
- Уақыт үнемделеді;
- Сабақтың сапасы көтеріледі;
- Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады;
- Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады,

сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

Елбасының «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жасұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -дегені әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейтін сөз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».

2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.



Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары 2012 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет