Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет15/78
Дата08.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#117827
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ИДЕ
ОЛОГИЯЛЫҚ Қ
ОСАЛҚЫ ЖҮЙЕ
СІ
ҚҰРЫЛЫМЫ
ДЕҢГЕЙЛЕРІ
ТЕ
ОРИЯЛЫҚ
КӨ
ЗҚАР
АСТ
АР
ҚАҒИД
АЛАР
ИДЕЯЛАР
ҰР
АНД
АР
ИДЕАЛД
АР
ТҰЖЫРЫМД
АМАЛАР
ТЕ
ОРИЯЛАР
СЕЗІМДЕР
КӨҢІЛ-КҮЙЛЕР
СОҚЫР 
НАНЫМД
АР
ЭМОЦИЯЛАР
ПІКІР
ЛЕР
ӘДЕТ
-
ҒҰРЫПТ
АР 
БА
СҚАРУ ФОРМАЛАРЫ
САЯСИ ИДЕ
ОЛОГИЯ
ЭМПИРИКАЛЫҚ
САЯСИ ПСИХ
ОЛОГИЯ
ЖЕКЕ ИДЕЯЛАР МЕН 
КӨ
ЗҚАР
АСТ
АР
ТАПТЫҚ (ТОПТЫҚ) 
КӨ
ЗҚАР
АСТ
АР
АД
АМЗА
ТҚА ОРТ
АҚ 

ОПТЫҚ, 
ТАПАР
АЛЫҚ) 
ТҮ
СІНІКТЕР


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
19
саяси тілі, символдары және дәстүрлері). 
Эмпирикалық деңгейде саяси психология маңызды рөл 
атқарады, ол көбіне саясаттың мінез-құлық (сезімдер, 
эмоциялар, көңіл-күйлер, пікірлер, мотивациялар, 
сенімдер, адасулар, соқыр нанымдар және т.б.) аспектілерін 
талдайды. 
Саяси субъектілердің өзара іс-қимылы көбіне мәдени-
діни ортаның ерекшеліктерімен анықталады. Осыған орай, 
саяси жүйелерді сипаттағанда кейбір зерттеушілер мәдени 
қосалқы жүйені де қарастырады. 
Мәдени қосалқы жүйе – басым құндылықтар мен 
бағдарларды 
айқындайтын 
құндылықтар 
жүйесі, 
субмәдениеттер жиынтығы, конфессионалдық қатынастар 
кеңістігі, діл (қоғам туралы тұрақты түсініктердің жиынтығы; 
ойлаудың бейнесі, сипаты және әдісі).
Саяси жүйенің мәнін оның функциялары ашады. Олар: 
- азаматтардың саяси санасының қалыптасуы
- саяси әлеуметтену (азаматтарды саяси қатынасқа 
араластыру); 
- мүдделер артикуляциясы (топтардың мүдделеріне сай 
келетін талаптардың қалыптасуы); 
- мүдделерді біріктіру (талаптарды қорыту және оларды 
саяси платформаға, бағдарламаға айналдыру); 
- саяси коммуникация (ақпарат пен сенімдерді 
тасымалдау процесі); 
- заң-нормаларды жасау; 
- нормаларды қолдану; 
- қоғамда материалдық және рухани құндылықтарды 
бөлу; 
- нормаларды ұстануды бақылау. 
Қоғамның саяси жүйесінің басты функциясы – қоғамды 
басқару, мемлекетті басқарудың саяси функциясы. 
Ол қоғамдық дамудың стратегиялық мақсаттары мен 
перспективаларын анықтауда, саяси бағдарды құруда және 
жүзеге асыруда көрініс береді. Қоғамдық дамудың басты 
мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін саяси басшылық 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
20
саяси жүйенің барлық элементтерін жұмылдырады. Бұл 
функцияны мақсатты тұжырымдау деп атайды. 
Қоғамды басқару мен оған басшылық ету қызметі 
көптеген күтпеген жағдайлармен бетпе-бет келіп бірнеше 
есе қиындай түсуде. Этносаралық және дінаралық 
қақтығыстар, табиғи апаттар, саяси оппозицияның үкіметке 
қарсы түрлі көтерілістері т.с.с. бұл қызметті орындауды 
тұрақсыздандырады. Сондықтан да қоғамды басқару-
мақсатқа бағытталған жай ғана әрекет емес.
Саяси мақсатты дұрыс қою – бұл міндеттің бір бөлігі 
ғана. Оны орындауға оңтайлы шарттар табу, бұл мақсатты 
орындауда белсенді топ болатын қоғамдық күштерді көре 
білу аса маңызды. Жүргізілудегі саяси бағытқа қарсы 
болуы мүмкін күштерді қайта бағдарлау керек немесе 
бейтараптандыру керек. 
Жалпы алғанда, саяси жүйе функцияның келесі үш 
тобын міндетті түрде орындауы тиіс: 
• сыртқы ортамен өзара әрекеттесу қызметі; 
• саяси сала ішінде өзара әрекет қызметі
• жүйенің сақталуы мен бейімделуін қамтамасыз ететін 
қызметтер. 
Тиісінше, келесідей саяси жүйе функцияларын бөліп 
көрсетуге болады: 
Саяси әлеуметтену функциясы. Индивидті саяси 
құндылықтарға баулу, қоғамда қабылданған саяси мінез-
құлық стандарттарды ұстану, билік институттарына 
лоялдылық таныту. 
Бейімделу функциясы. Өзекті проблемаларды 
неғұрлым тиімді шешу жолдарын тауып, оларды қоғамға 
ұсына алатын билік субъектілерін дайындау және іріктеу.
Жауап қату функциясы. Іштен және сырттан келетін 
сигналдарға жауап қату. Бұл қызмет өзгермелі жағдайларға 
жүйенің тез бейімделуге мүмкіндік береді.
Экстракциялық функция. Сыртқы және ішкі ортадан 
ресурстарды алу. 
• Дистрибутивті функция. Қоғам ішінде топтар арасында 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
21
ресурстарды бөлу. 
Реттеушілік функция. Нормалар мен қағидаларды 
енгізу арқылы, сондай-ақ оларды бұзушыларға шаралар 
қолдану арқылы қоғамға ықпал ету, ол нормалар мен 
қағидалар негізінде индивидтер өзара әрекет етеді.
Жалпы мағынада дәл осы функциялар мәні мыналарда:
- қоғамды дамытудың мақсаттарын, міндеттерін
жолдарын анықтау; 
- қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды орындау 
бойынша қоғам іс-әрекетін ұйымдастыру; 
- материалдық және рухани құндылықтарды бөлу; 
- мемлекет пен әлеуметтік қауымдастықтардың түрлі 
мүдделерін орайластыру; 
- адамдар мен топтардың қоғамдағы мінез-құлқы 
қағидалары мен заңдарын жасау; 
- саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен 
тұрақтылығын қамтамасыз ету; 
- саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси 
қатысуға және іс-әрекетке тарту; 
- заңдар мен қағидаларды ұстануды қадағалау, саяси 
нормаларды бұзатын әрекеттердің алдын алу (6-сурет).
10


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет