14
2-
тоқсан
Бөлім
Зар заман
Оқу мақсаты
AИ5 Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін
түсінеді.
Жетістік критерийлері
Мәселелердің туындау себептерін мәтінге негіздеп, аша алады, заман көрінісін түсінгенін
байқатып, пайымдаулар шығара алады.
Тапсырма
№1-сарапшы парағы
Зерттеуші рөлі
1.
Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2.
Адамдардың ниеті мен көзқарастарындағы және мінез-құлқы мен әрекеттеріндегі
өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп алып (кемінде 5 сөз немесе сөз
тіркесі), мәнін ашып, өзгерістердің себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде
ұсыныңыздар.
3.
Зерттеулеріңіздің қорытындысын 80 сөзден тұратын ғылыми тұжырымдама түрінде
жазыңыздар
Адамдардың ниеті мен
көзқарастарын, мінез-құлқы мен
әрекеттерін танытатын сөздер мен
сөз тіркестері
Сөздердің
білдіретін мәні
Өзгерістердің себептері мен
салдарлары
Қорытынды тұжырым
№2-сарапшы парағы
Журналист рөлі
1. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2. Халықтың ішіндегі түрлі әлеуметтік таптар мен топтарының сипаты мен күй-
жайындағы өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестерін тауып (кемінде 5 түрлі
адамдар сипаты), мәнін ашып, өзгерістердің себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы
түрінде ұсыныңыздар.
3. Ақын сипаттап отырған заман көрінісіне баға беретін риторикалық сұрақ туындатып,
зерттеулеріңіздің қорытындысын проблемалық мақала түрінде ұсыныңыздар.
15
Халықтың ішіндегі түрлі
әлеуметтік таптар мен топтарының
сипаты мен күй-жайындағы
өзгерісті танытатын сөздер мен
сөз тіркестері
Сөздердің білдіретін
мәні
Өзгерістердің себептері
мен салдарлары
Проблемалық мақала
№3-сарапшы парағы
Оқырман рөлі
1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2.
Адамдардың басына түскен қиындық сипатын танытатын көркем сөздер мен сөз
тіркестерінің қолданысын тауып (кемінде 5 сөз немесе сөз тіркесі), мәнін ашып,
қиындықтың туындау себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
3. Талдаудың қорытындысында ақынның әсерлі сөздерін ұтымды қолдана отырып, сол
кездегі заман адамының атынан халық жанашыры ретінде үкімет басындағыларға ұсыныс
хат жазыңыздар.
Адамдардың басына түскен
қиындық сипатын танытатын
көркем сөздер мен сөз
тіркестерінің қолданысы
Сөздердің білдіретін
мәні
Өзгерістердің себептері
мен салдарлары
Ұсыныс хат
№4-сарапшы парағы
Ақынның рөлі
1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2.
Ақынның, яғни лирикалық кейіпкердің заманға байланысты көзқарасын, сезімін,ниетін,
болмыс-бітімін, сипатын танытатын көркем сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысын
тауып (кемінде 5 сөз немесе сөз тіркесі), мәнін ашып, қиындықтың туындау себеп-
салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
3. Талдаудың қорытындысында Шортанбай ақынның кейбір әсерлі сөздерін алмастырып
қолданып,
ақынының атынан 80 сөзден тұратын монолог жазыңыздар.
Ақынның, яғни лирикалық
кейіпкердің көзқарасын, сезімін,
болмыс-бітімін, ниетін, сипатын
танытатын көркем сөздер мен сөз
тіркестерінің қолданысы
Сөздердің білдіретін
мәні
Өзгерістердің
себептері мен
салдарлары
16
«
Мына заман, қай заман?»
монолог
Бөлім
Зар заман
Оқу мақсаты
Т/Ж3 Шығармадағы көркемдегіш және стилистикалық құралдардың ерекшеліктерін
ажыратады, өз пікірін басқа пікірмен байланыстырады.
Жетістік критерийлері
Көркем сөздер мен стилистикалық құралдардың кемінде 3 түріне талдау жасай алады, өз
пікірін басқа пікірлермен байланыстырып, екі түрлі тұжырым ұсына алады.
1-
тапсырма
Проблеманы айқындау кезеңіне қатысты сұрақ.
Ой шақыру. Автор ойын жеткізу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданған? Үздіксіз 2 минут
ойымызды жазамыз. Ойымызды 1 минут топта талқылап, ортаға саламыз.
2-
тапсырма
Ұсынылған сөз қолданыстарының автор ойын жеткізудегі орнын және оның
қолданыстағы жиілігін зерттеп, автор ойын өз пікірлеріңізбен байланыстырып, зерттелген
негіздемеге сүйеніп, нәтижелерді жұпта талқылаңыз, әрқайсына екі түрлі тұжырым
шығарып, ойыңызды «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.
Шығармадағы
көркемдегіш және
стилистикалық
құралдар
Мәтінедегі
сипаты
Білдіретін
мәні,автор
ойын
жеткізудегі
орны
Зерттелген
ұғымдардың
қолданыстағы
жиілігі
Екі түрлі
тұжырым
ұсыныңыздар
Автор
қолданған
әдіс-тәсілдер
17
Метафоралы сөз
қолданыстары
Теңеулі сөз
қолданыстары
Эпитетті сөз
қолданыстары
Заман сипатын таныту
үшін қолданылған сын
есімдер мен заттанған
сын есімдер
Қайталау түрлері мен
ассонанс, аллитерация
Антонимдік сөз
қолданыстары бар
тармақтар
Тапсырманы сапалы орындауға қосымша ақпараттық көмек.
Сапалық, қатыстық сын есімдер мен заттанған сын есімдер туралы мәлімет.
Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзінен жасалады, заттың түр-түсін, сын-
сапасынанықтайды.Мысалы: жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп әтті (алма), жаман (әдет),
жақсы(қасиет), т. б.
Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді.
Мысалы: орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз ,
т. б. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімнің заттануы субстантивтенуі дейді.
Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Еріншектің
(кімнің?) ертеңі бітпес.
Қайталау, ассонанс, аллитерация туралы түсініп оқыңыз.
Қайталау, қайталама ұйқас - сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз
тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.
[1]
Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау.
еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып
отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу”(С.Сейфуллин);
анафора - өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып
отырады: “Ұйқыдан соң - Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң - Құспын,
Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);
эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет
қайталанады: Қыс көбейді - жаз аз боп,Бай таусылды - мал аз боп...
[2]
Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы
әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Ассонанс
[1]
(
французша assonance, латынша assono - үйлесім) - өлең сөзде дауысты
дыбыстардың үндесе қайталануы.
18
Бөлім
Зар заман
Оқу мақсаты
AИ7 Мәтіндегі қажетті, қажетсіз ақпараттарды таңдайды, салыстырады, өзіндік ой
қорытындысын жасайды.
Жетістік критерийлері
Мәтін бойынша кемінде 5 түрлі қажетті, қажетсіз ақпараттарға таңдау жасап, себеп-
салдарын анықтайды, салыстырмалы талдау негізінде өзіндік ой қорытындысын
шығарып, тұжырым ұсына алады.
Тапсырма
Өзіңіз үшін қажетті деген 5 түрлі ақпаратты таңдап алып, қажет болу себептері мен
салдарларын анықтап, дәлелдеңіз. Қажетсіз деген 5 түрлі ақпаратты таңдап алып,
ақпараттарды салыстырыңыз, өзіндік ой қорытындысын жасап, тұжырым ұсыныңыз.
5 түрлі қажетті ақпарат
Себептері мен салдарлары
Ақпараттарды салыстырып, өзіндік ой қорытындысын жасап, тұжырым ұсыныңыз.
5 түрлі қажетсіз ақпарат
Себептері мен салдарлары
Ақпараттарды салыстырып, өзіндік ой қорытындысын жасап, тұжырым ұсыныңыз.
Бөлім
Зар заман
Оқу мақсаты
АИ5 Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін
түсінеді.
Жетістік критерийлері
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын тани алады, деректер мен тарихи деректерді салыстырып,
талдау жүргізе біледі, заман тақырыбына, мәселесіне қатысты екенін, суреттелген заман
бейнесін анықтай алады.
19
Тапсырма
Өлеңде айтылған ақпарат пен тарихи деректерді салыстырыңыз (Оқушыларға 1822
жылғы «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғысынан» үзінділер беріледі).
Шындығын не жалғандығын анықтаңыз: 1.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
2.Өлеңдегі деректер мен тарихи деректерді салыстырып қараңыз.
3.Өлеңнің заман тақырыбына, мәселесіне қатысты екенін анықтаңыз.
4. «Заман бейнесі» тақырыбында ой картасын жасаңыз.
Бөлім
Зар заман
Оқу мақсаты
Т/Ж5 Көзқарастарды дәлелдеп, әдеби шығармаларда өз ұлттық құндылықтардың
ерекшеліктерін басқа халықтардың құндылықтарының ерекшеліктерімен салыстыру және
баяндау.
Жетістік критерийлері
Екі мәтінді оқи отырып, салыстырмалы анализ жасайды және 3-4 дәлел келтіреді,
шығарманы салыстыра отырып, өз көзқарасын өмірмен байланыстырып бере алады, ұлт
құндылықтарын анықтай алады.
Тапсырма
Екі суреткерді (Ш.Қанайұлы мен Шандор Петефиді «Тұр, Мадьяр! Басың көтер!
Сынатпа!» өлеңі бойынша) салыстырыңыз.
Ұқсастықтарына 3-4 дәлел келтір отырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Әр ұлт ақынының тіл ерекшелігіне, ұлттық құндылықтарына назар аударыңыз.
Бөлім
Зар заман
Оқу мақсаты
АИ1 Ұсынылған шығарманың тақырыбы мен мазмұнына анализ жасайды.
Т/Ж3 Шығармадағы көркемдегіш және стилистикалық құралдардың ерекшеліктерін
ажыратады, өз пікірін басқа пікірмен байланыстырады.
Жетістік критерийлері
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын дұрыс анықтай алады, көркемдеуіш құралдарды таба
алады және мағынасын түсіндіреді, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізеді, сыни пікір
білдіреді.
20
Тапсырма
«Мәз болады болысың» өлеңін талдаңыз. Талдау келесі үлгі бойынша жүргізіледі.
Өлең талдау
Өлеңінің тақырыбы_____________
Идеясы___________________
Қолданылған әдеби құралдар
1.Аллитерация_______________
2. Риторикалық сұрақ________
3.Алмастыру_______________
4. Антоним_________________
5. Ауыстыру________________
6. Эпитет___________________
Көркемдегіш құралдың өлеңге берер әсері (Бұл тәсіл неліктен қолданылғанына талдау
жүргізу) ___________________
Маған ұнаған өлең жолдары. Неліктен?____________
Өлеңде көтерілген тақырыптың заманмен байланысы________
Өлеңге берер менің бағам________
Бөлім
Зар заман
Оқу мақсаты
АИ4 Қазақ әдебиетіндегі шығарма тақырыбы мен мазмұнын оқиды, әлем әдебиеті
үлгілерімен салыстырады.
Жетістік критерийлері
Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтайды, авторлық ойды анықтай алады, өлеңдерді
тақырыптары
және
идеялары
бойынша
салыстырады,
ұқсастықтары
мен
айырмашылықтарын табады.
Тапсырма
Венн диаграммасы.
Ш.Қанайұлының «Зар
заманы» мен Уилфред
Оуэннің «Прекрасна за
родину смерть»-і
21
Бөлім
Абай Құнанбаев (1845-1904)
Оқу мақсаты
БС1 Шығарманың негізгі ойын кең көлемде пайдаланып, өзіндік стилін қалыптастырады,
жоспар құрып жазба жұмыстарын жазады.
Жетістік критерийлері
Шығарманың негізгі ойын кең көлемде пайдаланып, дәлелді ой пікірлер келтіре алады,
жоспар құрып, жазба жұмыстарын жаза алады.
Тапсырма
«Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей...» деп ақын жырлаған өлең жолдарын негізге ала отырып,
парақорлықтың және ақын жырлаған түрлі келеңсіздіктің қоғам өміріндегі індет екенін
дәлелдеп, эссе жазыңыз.
Бөлім
Абай Құнанбаев (1845-1904)
Оқу мақсаты
Т/Ж2 Өлең, толғау, аңыз, драма, хикаят үзінділеріндегі көтерілген мәселелердің қарама-
қайшылықтарын түсінеді, маңызды идеяларын өз ойын білдіре отырып сипаттайды.
Жетістік критерийлері
Маңызды мәселелерді анықтай алады, қарама-қайшылықтардың туындау себептерін
ашып, маңызды идеялар негізінде тұжырым шығара алады.
Тапсырма
1-
сарапшы парағы
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі бойынша көтерілген 2 түрлі маңызды мәселені
анықтап, қарама-қайшылықтардың туындау себептерін ашып, маңызды идеяларды өз
ойыңызды білдіре отырып сипаттаңыз.
Маңызды
мәселелер
Қарама-қайшылықтар және
оның туындау себептері
Маңызды идея
Қорытынды
тұжырым
Өлең
қандай
лирикаға жатады?
Өлеңде
қандай
кейіпкерлер бар?
22
2-
сарапшы парағы
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі бойынша көтерілген 2 түрлі маңызды
мәселелені анықтап, қарама-қайшылықтардың туындау себептерін ашып, маңызды
идеяларды өз ойыңызды білдіре отырып сипаттаңыз. «Кесте» сызбасын толтырыңыз.
Маңызды
мәселелер
Қарама-қайшылықтар және
оның туындау себептері
Маңызды идея
Қорытынды
тұжырым
Өлең
қандай
лирикаға жатады?
Өлеңде
қандай
кейіпкерлер бар?
3-
сарапшы парағы
«Болыс болдым мінеки» өлеңі бойынша көтерілген 2 түрлі маңызды мәселелені анықтап,
қарама-қайшылықтардың туындау себептерін ашып, маңызды идеяларды өз ойыңызды
білдіре отырып сипаттаңыз. «Кесте» сызбасын толтырыңыз.
Маңызды
мәселелер
Қарама-қайшылықтар және оның
туындау себептері
Маңызды идея
Қорытынды
тұжырым
Өлең
қандай
лирикаға жатады?
Өлеңде
қандай
кейіпкерлер бар?
4-
сарапшы парағы
«Мәз болады болысың» өлеңі бойынша көтерілген 2 түрлі маңызды мәселелені анықтап,
қарама-қайшылықтардың туындау себептерін ашып, маңызды идеяларды өз ойыңызды
білдіре отырып сипаттаңыз. «Кесте» сызбасын толтырыңыз.
Маңызды
мәселелер
Қарама-қайшылықтар және
оның туындау себептері
Маңызды идея
Қорытынды
тұжырым
Өлең
қандай
лирикаға жатады?
Өлеңде
қандай
кейіпкерлер бар?
23
Бөлім
Абай Құнанбаев (1845-1904)
Оқу мақсаты
Т/Ж5 Өз пікірін білдіре отырып, шығармадағы ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін
әдебиет қайраткерлері берген бағамен салыстырады, суреттейді.
Жетістік критерийлері
Шығарманың негізгі ойын кең көлемде пайдаланып, дәлелді ой пікірлер келтіре алады,
шығармадағы ұлттық құндылықтарды әдебиет қайраткерлері берген бағамен салыстырып,
суреттей алады.
Тапсырма
Проблеманы айқындау кезеңі:
Абайды реформатор дейді. Неге? «Сегіз аяқ» өлеңінде қазақ поэзиясына енгізген қандай
жаңалық бар деп болжам жасар едіңіздер?
Өлеңде қандай қарама –қайшылықтар сөз болады?
Ақын қандай құндылықтарды насихаттайды?
№1 сарапшы парағы
1.
«Сегіз аяқ» өлеңінің бастапқы алты шумағындағы дерексіз ұғым атауларын теріп
жазып, сөздердің синонимдік қатарын жасаңыз.
2.
«Сегіз аяқ» өлеңінің бастапқы екі шумағындағы ойдың ішкі мазмұнды ашудағы
алатын орнына талдау жасап, ұлттық құндылық ұғымымен байланыстырыңыз.
Ойларыңызды «Ментальді карта» сызбасы түрінде ұсыныңыз.
3.
Ақынның сезімі мен көңіл күйіндегі өзгерістерді танытатын сөздер мен тіркестерді
теріп жазып, білдіретін мәнін түсіндіріңіз. Сезімнің өзгеру себебін анықтап,
психологиялық параллелизм мен метафоралық қолданысты, оның мәнін талқылаңыз.
4.
Зерттеуші Рәбиға Сыздықова айтқан төмендегі пікірді өз ойларыңызбен
сабақтастыра отырып, жалғастырып жазыңыздар: « Бұл өлеңде сөз болатын орта
қарама-қарсы екі полюстен тұрады: ..................». [3] Қандай адам образын сомдаған?
Қандай адамның сипаты мен мінезін ашқан? Ақынның түйінді ойынан шығатын
салдарларға баға беріңіз.
5.
«Адамның асыл қасиеттерінің бірі оның ойлылығы... Ойсыздықтың өмірде екі түрі
бар. Бірі нақтылы мәндегі ойсыздық, яғни адамның ақыл-есінің кемістігі. Екіншісі,
кәдімгі ойсыздық. Ол не жалқаулықтан, не жетесіздіктен туындайды» [4] деген
Ғарифолла Есімнің көзқарасын оқып, жұпта талқылаңыз. «Бойда қайрат, ойда көз...»
деген атпен шағын ой-толғау жазыңыз.
№2 сарапшы парағы
1.
«Сегіз аяқ» өлеңінің 7-12-шумақтары бойынша дерексіз ұғымдардың
синонимдік қатарын жасап, ақынның көңіл күйін танытатын сөздердің мәнін
зерттеңіз.
2.
Өлеңді синтаксистік-композициялық құрылысына талдаңыз. Қорытынды
пікіріңізді жазып, өлең құрылымы туралы Р.Сыздықованың талдауымен
салыстырып, ойыңызды толықтырыңыз.
3.
Осы шумақтардағы ақын насихат еткен жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылық ұғымына меңзейтін астарлы ойға талдау жасап, ақын түзегісі келетін
адамның мінез-құлқы мен ақын ұсынған ізгілік ілімін салыстырып, «Венн
диаграммасы» түрінде ұсыныңыз.
24
4.
Ақын қандай адам образын сомдаған? Ақынның түйінді ойынан шығатын
салдарларға болжам жасап, баға беріңіз.
5.
Аталмыш шумақтар астарында ақын насихат ететін құндылықты қазіргі кездегі
маңыздылығына баға беріп, оның өзіңіз, отбасыңыз және қоғам үшін пайдасын
пайымдап, «Біріңді қазақ, бірің дос...» деген атпен шағын ой-толғау жазыңыз.
№3 сарапшы парағы
1.
«Сегіз аяқ» өлеңінің 3-18 шумақтары бойынша дерексіз ұғымдардың синонимдік
қатарын жасап, ақын көңіл күйіндегі өзгерісті зерттеңіз.
2.
Өлеңдегі екі образдың таным әлемін болжап, «Ұстаным», «Көзқарас», «Мүдде»
тұрғысынан талдап, «Түйнек» сызбасы түрінде ұсыныңыз.
3.
Ақынның күйіну қапалану себептерін ашып, өз көзқарасыңызды 3 сөйлеммен
білдіріңіз.
4.
Осы шумақтар бойынша ақынның түйінді ойынан шығатын нәтижелер мен
салдарларға болжап, баға беріңіз.
5.
«...Мен өз өмірімде оған жетпеспін... көрмеспін, ол күнді. Бірақ алда заман
қатты өзгеріп, қауым мүлдем басқаша дәурен жасар. Басқа заңдар туғызып,
үлкен ырысқа түгел халық болып еріскен күндер болар. «Сол болашақ үшін бір
шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын»
дегендеймін. ... мен өзіме ең «ақыл заман», «жақын заман» алдымда қол созып
тұрғандай көремін... Халқыңды, қауымыңды соған әзірлей беруді ғана біл дегім
келеді!- деді» (208-бет) [5] деген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясындағы Ұлы Абайдың сөзін өлеңнің идеясымен байланыстырып, «Мен
аңсаған заман...» деген тақырыпта ақынның атынан шағын естелік жазыңыз.
№4 сарапшы парағы
1.
«Сегіз аяқ» өлеңінің 3-19-шумақтары бойынша дерексіз ұғымдарды теріп жазып,
синонимдік қатарын жасап, ақынның көңіл күй сипатын танытатын сөздердің
мәнін ашыңыз.
2.
Р.Сыздықованың «Сегіз аяқтағы» әр шумақтың соңғы екі жолының көбі бұл
күнде афоризмге айналған түйіндеулер...» [3] деген пікірін өз ойыңызбен
сабақтастырып, 5 сөйлеммен пікір білдіріңіз.
3.
Ақын сезімі мен көңіл күйіндегі өзгерістерді танытатын сөздер мен тіркестердің
экспрессивтік -эмоцоналдық әсерін өзара салыстырып, кемінде 3 сипатына талдау
жасап, талқылаңыз.
4.
Ақынның сезімі мен көңіл күйіндегі өзгерістердің себебін түсіндіріп, ақынның
бойындағы адамгершілік құндылықтарын адамзаттық рухани құндылықтармен
астастырып, баға беріп, қазіргі жастарға бүгінгі ұрпақ атынан (70-80 сөз
Достарыңызбен бөлісу: |