Астана қаласы №53 мектеп-лицей психологы



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі1,49 Mb.
#46961
1   2





«Мамандықты таңдаудағы күш беретін өріс»

психологиялық тренинг

Масаты: Мамандықты таңдауға әсер ететін әр түрлі факторларды (күштерді) талдап, әсер ету деңгейін анықтау.

Жұмыс барысы:

  • Тақырыпқа сәйкес психологиялық тренинг тапсырмаларын жинақтау.

  • Психологиялық тренингтерді арнайы бекітілген күндерде өткізу

  • Хаттама жазу


«Мамандықты таңдаудағы күш беретін өріс»
Қажетті материал: «Мамандықты таңдау үшін не әсер етеді» тізімі, А4 форматты парақтар, стикер, фломастерлер.

Нұсқау:

  1. Қазір біз сіздің кәсіби өзін-өзі анықтауда ненің көмектесетінін, ненің кедергі болатынын талдаймыз. Бұл үшін үлестірмелі материалдардан «Мамандықты таңдауға не әсер етеді» тізімін табыңыз. Тізімді анықтап қарап шығыңыз және егер сіздің мамандықты таңдауда әсер ететін нәрселер бар деп есептесеңіз оны жаңа пункттармен толықтырыңыз. Сонымен қатар, сіз бар пункттерді өзгерте аласыз, оны нақтылаңыз.

Мысалы: достарыңыздың біреуі жауапты шешім қабылдауға көмектеседі, ал кейбіреуі сізге оны қабылдауға кедергі болады.

  1. Сіз өз бетіңізше мамандықты таңдау барысында позитивті рөлді өзгертетін факторларды «+» белгісімен белгілеуіңіз керек. Ал «-» белгісімен негативті рөлдегі факторларды белгілеу үшін пайдаланыңыз. Кейбір күштер өз көрінулерінде сізге көмектесе алады, ал басқаларында кедергі болады, мұндай жағдайларда «+/-» белгісімен көмекке алыңыз.

  2. Енді сіз мамандықты таңдаудың күш беретін өрісінің суретін сала аласыз. Ортасына сопақ дененің суретін салып, ішіне «Менің таңдауым» деген сөздерді жазыңыз. Бағыттың көмегімен сіздің таңдауыңызға әсер ететін әр түрлі күштерді белгілеңіз. Төменгі жағынан оң күштер, ал теріс күштер жоғары жағынан әрекетке түседі. Бағыттардың көлемі (ұзындығы мен жуандығы) күштердің үдемелілігін көрсетеді, яғни сіз бағытты ұзынырақ және жуандау етіп салсаңыз, адамның әрекет күші анағұрлым көрінеді.


«Егер де...мен болар едім».
Мақсаты: қатысушылардың сезімталдықпен кәсіби өзн-өзі анықтауға қызығушылығын оятып, кәсіпті таңдауға әр түрлі жағдайлар мен ортаның әсерін зерттеу.

Керекті мағлұмат: әр қатысушыға А4 форматты парақтар, қарындаштар және фломастерлер үлестіріледі.

Нұсқау: Сіз таңдаған кәсіпке назар салатын көптеген әр түрлі шарттар мен жағдайлар әсер етеді. Қане, осындай шарттар мен жағдайлардың тізімін жасайық. Сендер маған айтасыңдар, мен оны флип-чартқа жазамын. Бұл жағдайларға өздеріңізді қойып көріңіздер. Яғни, «Егер де менің...» сөзінен бастаңдар.

Мысалы: егер де менің ата-анам дәрігер болса, егер мен меңгеру аулында тұрсам, егер мен мектепті алтын медальмен бітірсем, егер мен қытай тілінде еркін сөйлесем және т.б. Басында әркім кем дегенде бір шарттан атау керек.



Жаттықтырушыға арналған ескертулер: қатысушылар айналдыра өздерінің шарттарын атап шығады, ал жаттықтырушы жазып алады. Егер қатысушылар жылдам болса, онда екі не үш айналым жасауға болады (ең белсенді қатысушыларды шаршағанға дейін). Бірақ айтылған жағдайлардың маңыздылығына көңіл бөліңіз, егер күндік болса қатысушылардан өзіңіз ұстанымын түсіндіріп өтіңіз (егер менің көзім көк болса).

Енді құрастырылған тізімге қарап, кезегімен бір жағдайды таңдап алыңыз яғни мамандық таңдауға әсер ете алатындай қызықты болуы керек.

Ал, қазір біз жұпқа бөлініп, өз серігімізден осы жағдайда ол кім болғысы келетінін сұраймыз.

Сұрақтың нобайы мынадай:

Сен кім болар едің егер де...

«Өз жауаптары, әркім жеке парақтарға жазу керек».



Жаттықтырушыға арналған ескертулер:

Топ жұпқа бөлінгендей, үштікке де бөліне алады. Ең соңғы кезекті топтың қатысулары бір-біріне айналым бойынша бір-біріне тапсырма береді (оң жақтағы керісінше). Сұрақтар мен жауаптар жеке парақтарға мына нобай бойынша: «Егер де мен болсам ...!» жазылады. Қатысушылар жұмысы мен жауаптарын қосуына болады. Әрі қарай қатысушылар қабырғадағы жазуларды парақтарына көшіріп алады.



Қорытындыларды талқылау:

Топтан осы «Осы жаттығудан кейін қандай шешімге келдіңіз?»

Сіз өз таңдауыңызға әсер ететін қандай жағдайды көріп тұрсыз:! –деп сұрауға болады.

«Мына әріпке мамандық»
Мақсаты: жаттығу, мамандық туралы білімнің өзгешелігі, кәсіптік еңбек туралы білімді өрістету.
Нұсқау:

Қазір мен кез келген реттен қандай да бір әріпті айтамын. Сендердің тапсырмаларың осы әріптен басталатын көптеген мамандықтарды білетіндеріңді көрсету, яғни мамандық әлемімен қаншалық таныс екендеріңді көрсету. Қолдарыңды көтеріп белгі бергенде мамандықты атаңдар. Кім айтылған әріпке ең соңғы болып мамандық атауын айтады, сол жеңеді.


Жаттықтырушыға ескертулер:

Жаттықтырушы бірінші әріпті айтады, ал қатысушылар кезегімен мамандық атайды. Егер үзіліс болып қалса, жаттықтырушы аукциондағыдай санай бастайды. Мысалы, «П» әрпі «Психолог бір, психолог үш, ХХХ жеңеді». Егер де түсініксіз бір мамандық атауы аталса, жүргізуші не жайында екенін түсіндіріп беруді өтінеді. Егер ойыншы түсіндіріп бере алмаса, ол атау саналмайды және ойын жалғасады. Сөйте тұра қатысушылардан арнайы мамандық атауларын талап етудің қажеті жоқ.

Мүмкін болса 5-7 әріпке дейін ұсынудың керегі жоқ, өйткені ойын қызықтырғыштық қасиетінен айырылады. Ойын әдісін өткізу барысында жай әріптерден басталған дұрыс (м, н, о) яғни мамандық атауларын оңай атауға болатын әріптер, біртіндеп қиындау әріптерге көшкен дұрыс (ч, ц, я). 2-3 топқа бөлініп, топтар арасындар жарыстар өткізуге болады. Осындай әдіспен қай топтың жан-жақты білімді екені анықталады.
Рефлексия

«Мен және менің сүйікті мамандығым»

психологиялық тренинг
Мақсаты: Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындыктан шығу шеберлігін шыңдау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сөздік, түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық

тестілеу.

Көрнекілік: Тақырыпка байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, дидактикалык материалдар, маркер, әдістемелік бланк, сызба, бағалау парағы, кері байланыс парағы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Тренингтің максаты мен тапсырмаларын жариялау. Топ жетекшісімен таныстыру. Жүргізілу уақыты: 45 минут.

II. Тренингке қатысушыларды бір-бірімен таныстыру.

Сіз өзіңізді таныстырып, өзіңіз жайлы бір-екі ауыз сөз айтқаннан кейін оң жақтағы көршіңіздің де солай етуін өтініңіз, сізден кейін де солай жалғаса береді. Қатысушылар түгел танысып болған соң көңілі калағандарға топтағылардың атын түгел атап шығуларын өтініңіз.

Мұны шамамен былай түсіндіру керек. «Бұл тапсырманың күрделі екенін білемін әйткенмен араларыңызда тренингқе катысқандардың аттарын түгел атап шыға алатындар бар ма екен?» Сұрақтың бұлай қойылуы әйтеуір біреуге түрткі болады, сондай-ақ алғашқы қорқынышты басқандай болады.

Бірнеше оқушы (әдетте 2-3 жеткілікті) қатысушылардың атын түгел атап шығады, сәтті өткен танысу жайлы көңіл жайландыратын бір-екі ауыз сөз айтып, келесі жұмысқа көшу және төмендегілерді түйіп алу:

1. Топта кайталаған кезде аттары қалып қалған адамдар болды ма? Егер болса сол есімдерд1 есіңізде сақтаңыз (аты ұмытылғандарды да, ұмытпағандарды да).

2. Есте тез сақталатын есімдер кездесті ме, немесе ерекше эмоция тудырған есімдер кездесті ме (мысалы: эзіл-қалжыңмен немесе еркелетіп аталған есімдер. Қатысушы кайталау кезінде біреудің атын өзі танысқаннан өзгеше атаса, мысалы: Ақмарал деп танысқан адамды Марал десе, Салтанатты Салта десе т.б.). Сондай-ақ кім толық атын атағанын, кім қысқартылған атын атағанын да ескеріп қою.

Танысу соңында қатысушыларға бір-бірінің аттарын атап, Сіз деп сөйлеуді ұсыну керек.


III. Тест. Өзіңізге өзіңіз ризасыз ба?

Мұндағы мақсатымыз ең алдымен, адам өзіне деген сенімді қалай табуы керек екендігін түсініп алу.

Гүлге көбелек қондыру - әр оқушы өз проблемаларын қағаздан қиылған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондырады.

IV. Топпен жұмыс. Таңдаған салалары бойынша бөлінеді. Жүргізуші (психолог) шартымен таныстырады. Тәрбие көзі - отбасынан дей келе қазақ халқының ежелден бірге жасасып келе жаткан киелі де қастерлі баспанасы — қазақ үй бейнесін алып отырмыз.

Өз салалары арқылы берілген сызбадағы улгі бойынша мамандықтарының жобасын жасайды. Гуманитарлык және жаратылыстану пәндері, яғни бір-бір шаңырақ болып отырсыңдар. Осы салаға сендер уық болып кадаласыңдар. Киіз үйдің шаңырағына - саласы жазылады. Ал, уықтарға - таңдаған мамандықтарының түрлерін жазады. Керегелеріне - әрқайсыларың осы мамандықтың пайдасы, неліктен таңдадың, еліктедің бе, ақшасына қызықтың ба? Династия сияқты сұрактар көлемінде жауаптары жазылады. Сықырлауыққа-гуманитарлық пен жаратылыстану салаларының болашағы яғни болашақты болжауы жазылуы керек.

Соңында гүлге қонган көбелектегі мәселеміз шешуін таба алды ма? Мақсатымызға жеттік пе? Талдау.



Сергіту жаттығуы.

Әрі қарай ортаға өз еркімен бір оқушы (кейіпкер) шығады (таңдаған мамандығына жетуге өзінің рухани дайындығын анықтайды).

Әрбір қатысушы басты кейіпкердің бағдарының табандылығын анықтау ба-рысында бірнеше кедергілер ойластырады. Кейіпкер ойланбастан бірден жауап беру арқылы сол кедергілерден шығу жолын айтады. Кедеріні қоюшы (қатысушы) берілген жауаппен келісетінін немесе егер келіспесе өзі қандай әрекет жасайтынын мәлімдейд1. Соңында жургізуші кейіпкердің қатысушылармен бірге қай кейіпкердің табандылығы мен рухани дайындығы басым екендігін анықтайды.
Келтірілген кедергі, қиындықтар үлгісі төмендегідей:

1. Егер сенің ол оқуға түсуіңе ата-анаң келіспесе не істейсің?

2. Емтиханға кешігіп калсаң не істер едің?

3. Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?



4. Оқуға түскен соң оқуың өзіңе ұнамай калса не істейсің? және т.б.
Қорытындылау кезінде жалпы оқушылармен жеке бастың касиетін бағалау үшін «Мен сізге жазамын» атты ойынымен аяқталып, кері байланыс парағы алынады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет