Сабақ жоспары. Тақырып: «Менің елім- Қазақстан». Мұғалім: Шалова Р. К. Павлодар қаласы. Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстан. Сабақтың мақсаты



Дата01.02.2018
өлшемі46,55 Kb.
#37355
түріСабақ
Ашық сабақ жоспары.

Тақырып: «Менің елім- Қазақстан».

Мұғалім: Шалова Р.К.

Павлодар қаласы.

Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың, интелектуалдық

ой-өрісін, білім деңгейін көтереді,

белсенділіктерін, дүниетанымын

кеңейтеді, шығармашылық

қабілеттерін арттырады.

Дамытушылық: ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады,

сөйлеу мәдениетін, өз пікірлерін

айтуға дағдыланады.

Тәрбиелік: оқудың коммуникативтік қабілеттері

арқылы Отанына сүйіспеншілікке,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, тәуелдік жалғауын, септіктерді қайталау.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, фронталдық, диалог.

Көрнекілік: интерактивтік тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Технология: дөңгелек үстел, келесі сөзді мен айтамын.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сұрақтар: - Бүгін қай күн?


  • Қазір қай ай?

  • Мамыр қай жыл мезгілінің айы?

  • Көктемде күн қандай?

  • Көктемде қандай мерекелерді тойлаймыз?

Қызығушылықты ояту:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шетіде жоқ, шегіде жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталды.


  • Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы? Не туралы?

  • Иә, балалар тақырыбымыз, «Менің елім - Қазақстан».

  • Сабақтың мақсаты айтылады.

  • Балалар сендерге үйге «Отан» туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер берілген еді.

  • Соны тыңдаймыз?

  • Кім айтады? (жауап алынады).

2 Мағынаны ашу:

1. Отанымыз туралы не білетіндеріңді, қазақша қалай жауап бере алатындарынды көрейік.

Тақтаға мұқият қарап сұрақтарды оқи отырып жауап аламыз.

А) топқа бөліну.

1 топ 2 топ 3 топ.

1 топ сұрақтары:

1. Отанымыз қай жылы тәуелсіздік алды?

2. Отанымыздың рәміздерін ата.

3. Еліміздің ата заңы қай жылы қабылданды?

2 топ:


1. «Независимость» сөзін қазақ тіліне аудар.

2. Әнұранның авторы кім?

3. Қазақ хрестоматиясының авторы кім?

3 топ:


1. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын ата.

2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

3. Қазақтын қандай ұлттық киімдері бар?

2. Келесі жұмыс. Жаңа сөздермен жұмыс.

Құрлық – суша жазық дала – равнина шөл – пустыня

әр алуан – разнообразная қамтиды – освещает аймақ – край

қорық – заповедник белес – преграда, трудность

талай – несколько егемендік – суверенитет

мақтаныш ету – восхвалять.

Мақал – мәтелдермен жұмыс:

1. Ел іші- алтын бесік.

2. Туған жердің жуасы да тәтті.

3. Әркімнің өз жері – жұмақ.

4. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

3. Мәтінмен жұмыс (67 бет)

1. оқып шығу

2. мағынасын айту

4. Сұрақ құрастыру жұмысы

1.Мәтін үш бөлікке бөлінеді

2. Әр топ өз бөлігі бойынша сұрақтар құрайды.

3. Бір – біріне сұрақ қойып, жауап алады.

1 топ сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасы қандай құрлықтағы мемлекет?

2. Қазақстан қандай мемлекет?

3. Мұнда нелер бар?

2 топ сұрақтары:

1. Қазақстанның тарихы нені қамтиды?

2. Жері қандай?

3. Жерінде нелер кесдеседі?

3 топ сұрақтары:

1. Халқымыздың мақтанышы не?

2. Қазақ халқы не алды?

3. Назарбаев президент болып қашан сайланады?

5.Келесі жұмыс.Осы тақырыптағы синоним сөздерге назар аударамыз. Қараңдар.(4 минут)

әр алуан көркем аймақ

әр түрлі әдемі өлке (әдемі)

6.Келесі жұмыс.(6 минут)

3 топ.

1т.Отан 2т.Атамекен 3т.Қазақстан.



Жекеше көпше түрде тәуелдейді, тәуелдене септейді, сойлем құрастырады. Ойланады. Бір-бір оқушыдан тақтаға шығып жазады.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Орнымыздан тұрайық,

Бойды жазып алайық,

Оңға-салға иіліп,

Сәлем беріп алайық

Бір отырып,бір тұрып,

Б»з тынығып алайық.



3.Ой толғаныс. ДӨҢГЕЛЕН ҮСТЕЛ (стратегиясы). (7 минут)қағаз таратылады.

1)әр топ 5 санға бөлінеді.

2)тақырып берліеді.ОТАН

3)1 номер бастайды. Ол не ойлап отырғаны туралы жазады.

4)Келесі балаға берліеді.

5) Бірінші бастаған оқушыға қағаз қайтып келеді.

6)Оқылады.

4.Қорытынды.

Не істедік?не білдік?

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма.(өлең жазылған қағаз таратылады).

Келесі сөз менікі стратегиясы.



Өленді жалғастырады.

Жаңа сөздерді жаттайды,сөйлем құрастырады.
Каталог: uploads -> doc -> 1202
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1202 -> Айнур анатолиевна
1202 -> Сабақтың тақырыбы: «Әр қашан күн сөнбесін!»
1202 -> Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл
1202 -> Технологиялық карта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі екінші кіші топқа «Здоровячок»
1202 -> Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат. Тақырыбы: Табиғатты аялайық. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет