Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет6/11
Дата27.12.2016
өлшемі1,72 Mb.
#6027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құлагер көшесі

Бұрынғы атауы – ХПП көшесі. «Пригородный» тұрғын алабы. Құлагер көшесі Көкорал көшесінен басталып, Шалгөде, Атамұра, Шарбақты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1533,7 м.

Құлагер – Ақан серiнiң әйгiлi, жүйрiктiгi жыр болған тұлпары.

Құлагер көшесі

Қараөткел көшесінен басталып, Арай көшесінде аяқталады. Ж.Шәрденов, Ай-Таңсық, Құмбел, Адырна көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 485,2 м.


Құланөтпес көшесі

Бұрынғы атауы – №5 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Құланөтпес көшесі Айдарлы көшесінен басталып, Саумалкөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 254,8 м.

Құланөтпес – Теңіз көлі алабындағы өзен. Қарағанды облысының Нұра, Ақмола облысының Қорғалжын аудандары арқылы ағады.

Құлынды көшесі

Бұрынғы атауы – Летний көшесі. Құлынды көшесі Космонавтар көшесінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Балауса, Н.Оңдасынов, Е.Тайбеков көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 374,2 м.

Құлынды даласы – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі өңір, Алтай Республикасы мен Павлодар облысы аумағында орналасқан.

Құмбел көшесі

Бұрынғы атауы – Лётный көшесі. Құмбел көшесі Ә.Ермеков көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 154,3 м.

Құмбел – Қырғыз Алатауындағы асу. Жамбыл облысы, Мерке ауданында орналасқан.

Құмкент көшесі

Бұрынғы атауы – №35 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Құмкент көшесі Айнакөл көшесінен басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Қордай, Бесшалқар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,8 м.

Құмкент – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан.

Құндызды көшесі

Бұрынғы атауы – №56 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Құндызды көшесі Балқантау көшесінен басталып, Жанкент, Нұрлы орамы, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 447,9 м.

Құндызды – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жем алабындағы өзен.

Құрманғазы көшесі

Құрманғазы көшесі Н.Гоголь көшесінен басталып, Көктомар орамымен қиылысады. Ұзындығы – 928,5 м.

Құрманғазы Сағырбаев (1823-1889) – ұлы күйші-композитор, дүлдүл домбырашы. 70-тен аса күй қалдырған. «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», т.б. антропологиялық атауларға құрылған күйлері бар. Композитордың «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың», т.б. ғұмырбаяндық күйлері оның патша үкіметі, билік иелері тарапынан қуғын-сүргін көргенінің куәсі іспетті.
Құрылысшылар көшесі

Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Құрылысшылар көшесі Мереке көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,2 м.

Бұл көше құрылысшылардың құрметіне қойылған.

Құсжолы көшесі

Бұрынғы атауы – А.Попов көшесі. Құсжолы көшесі Шардара, Сартүбек көшелерімен қиылысып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1097 м.

Құсжолы – жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты галактиканы Құс жолы жүйесі деп те атайды. Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры.

Құсмұрын көшесі

Бұрынғы атауы – №36 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Құсмұрын көшесі Қайнар көшесінен басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 259 м.

Құсмұрын – Тобыл облысындағы көл. Қостанай облысының Қарасу, Әулиекөл аудандарында, Торғай қолатының қазан шұңқырында, Құсмұрын кентінің солтүстiгiнде 9 шақырым жерде орналасқан.

Қыз Жібек көшесі

Бұрынғы атауы – №82 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қыз Жібек көшесі Баян сұлу көшесінен басталып, Айман-Шолпан көшесінде аяқталады. Ұлпан орамы, Домалақ ана, Қорған орамы, Қарашаш ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1686,3 м.

«Қыз Жібек» – лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклортанушыларының басым көпшілігі жыр ХVІІ ғасырда пайда болған деп есептейді.

Қызбел көшесі

Бұрынғы атауы – №26 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Қызбел көшесі Амантоғай көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 209 м.

Қызбел – Торғай қаласы мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес тау. Ел аузындағы аңыз бойынша, қыратты жерге алыстан қарағанда, қыздың бейнесiн елестетiп, орта шенiнде жота жiңiшкерiп, қыз белiне ұқсаудан, “Қызбел” атанған.

Қызыларай көшесі

Бұрынғы атауы – №43 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызыларай көшесі Қарқабат, Балқантау, Құндызды көшелерімен қиылысып, Обаған көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1250,4 м.

Қызыларай – Сарыарқаның шығысындағы тау. Қарқаралы тауының оңтүстігінде 80-90 шақырым жерде.

Қызылой көшесі

Бұрынғы атауыт – Инициативный көшесі. «Энергетик» тұрғын алабы. Қызылой көшесі Өлеңті көшесінен басталады. Ұзындығы – 308,8 м.

Қызылой – газ кені. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байзақ газ кен орнынан батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Қызылсу көшесі

Бұрынғы атауы – А.Суворов 1-көшесі. Қызылсу көшесі М.Дулатов көшесінен басталып, Қырыққыз орамында аяқталады. Ұзындығы – 738 м.

Қызылсу – «қардың суы, саяз су» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ Қостанай, Ақмола облыстарының жеріндегі өзен.

Л.Мирзоян көшесі

Л.Мирзоян көшесі Қажымұқан көшесінен басталып, В.Петров, Б.Майлин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1157,7 м.

Левон Исаевич Мирзоян (1897-1939) – мемлекет қайраткері. Ұлты – армян. 1933 жылдан Қазақ өлкелік партия комитетінің, 1937 жылы (маусым-желтоқсан) Қазақстан К(б)П ОК-нің бірінші секретары болды. Голощекин ұйымдастырған ашаршылық салдарын жою мақсатында жүргізген шаралары үшін қазақ халқы оны «Мырзажан» деп құрмет тұтқан.

Л.Пастер көшесі

Л.Пастер көшесі Ш.Иманбаева, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы көшелерін қиып өтіп, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1293 м.

Луи Пастер (1822-1895) – француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы.

Л.Толстой көшесі

Л.Толстой көшесі Ә.Әлімжанов көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Абыралы, Күлтөбе орамдарымен және Қарағанды көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 692,5 м.

Лев Николаевич Толстой (1828-1910) – орыстың ұлы жазушысы. «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Арылу» сияқты классикалық романдардың авторы.

Лепсі көшесі

Бұрынғы атауы – №15 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Лепсі көшесі Хантау көшесінен басталып, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1131,9 м.

Лепсі – Балқаш алабындағы өзен. Алматы облысы, Ақсу, Сарқант аудандары жерімен ағады.

Лесной көшесі

Лесной көшесі С.Қожанұлы көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылын және Ақбаян көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 195,4 м.

Лесное – Павлодар облысы, Железин ауданындағы ауыл, округ орталығы.
М.Әуезов көшесі

М.Әуезов көшесі А.Иманов көшесінен басталып, Ә.Молдағұлова көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Ы.Дүкенұлы, Мәскеу көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2716,8 м.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, ҚР Ғылым академиясының академигі, профессор. Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Абай ауданында дүниеге келген. Алты жасынан атасы Әуездің үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап өскен. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазақ әдебиетін әлемге танымал етіп, ұлы ақынның көркем бейнесін тұлғалауда теңдессіз шеберлік танытқан қаламгер. Қазақ көркем прозасының, оның ішінде роман жанрының, драматургияның дамуына зор үлес қосқан классик. Өз заманының ең жоғары сыйлықтары – КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлықтың иегері.

Бұл көшеде Украина елшілігі, Соғыс ардагерлерінің ауруханасы, Орталық сөйлесу пункті, Баспочтампт, №2 балалар ауруханасы, Австрия Республикасының консулдығы орналасқан.

М.Горький көшесі

М.Горький көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Н.Ирченко, Ә.Жанбосынов, И.Грязнов, Кенесары көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 638,8 м.

Максим Горький (1868-1936) – ұлы орыс жазушысы.

Улица М.Горького

Улица М.Горького начинается с улицы Шығанақ, пересекается с улицами Н.Ирченко, А.Жанбосынова, И.Грязнова, Кенесары. Длина – 638,8 м.

Максим Горький (1868-1936) – выдающийся русский писатель.
М.Ғабдуллин көшесі

М.Ғабдуллин көшесі Ә.Исмайылов көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Рамазан, Жәнібек тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати, Кенесары, Отырар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1208,4 м.

Мәлік Ғабдуллин (1915-1973) – қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. КСРО Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағының Батыры.

М.Дулати көшесі

М.Дулати көшесі М.Ғабдуллин көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1063,5 м.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1561) – белгілі тарихшы, әдебиетші. «Тарих-и-рашидидің», «Жаһаннаме» дастанының авторы. Жетісудағы Дулат тайпалары әмірлерінің ұрпағы. Толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау, «дулат» - шыққан тайпасының аты. 1999 жылы М.Х.Дулатидің 500 жылдық тойы халықаралық дәрежеде аталып өтті.

М.Дулатов көшесі

М.Дулатов көшесі С.Мұхамеджанов көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ш.Бейсекова, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, Ақан сері, Жалын, Жидебай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3721,7 м.

Міржақып Дулатов (1885-1935) – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог, жалынды көсемсөз шебері. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Қостанай облысы Қызбел ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш романы – «Бақытсыз Жамал» (1910) және «Азамат» (1913), «Терме» (1915) кітаптарының авторы.
М.Жәлел көшесі

М.Жәлел көшесі Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова, А.Байтұрсынов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 935,0 м.

Мұса Жәлел (1906-1944) – ұлы татар ақыны.

М.Лермонтов көшесі

М.Лермонтов көшесі Ш.Уәлиханов көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Тараз, Асанқайғы көшелерімен және Күлтегін орамымен қиылысады. Ұзындығы – 826,6 м.

Михаил Юрьевич Лермонтов (1814-1841) – орыстың ұлы ақыны. Ол орыс әдебиетінде А.С.Пушкиннің ізбасары ретінде танылды. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі де соншалық зор.

Бұл көшеде «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы орналасқан.
М.Ломоносов көшесі

М.Ломоносов көшесі А.Иманов қысқа көшесінен басталып, С.Сейфуллин көшесінде аяқталады. А.Иманов, П.Морозов қысқа көшесі, Кенесары көшелерімен және Абай даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1147,2 м.

Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – жаратылыстану ғылымының, орыс әдеби тілінің негізін салушы, ақын, суретші, тарихшы, энциклопедиялық білімді ғұлама ғалым.

М.Мақатаев көшесі

М.Мақатаев көшесі Наркескен көшесінен басталып, Космонавтар көшесінде аяқталады. Балауса көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1749 м.

Мұқағали Мақатаев (1931-1976) – қазақтың аса көрнекті ақыны. «Аққайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қарындастар, қош болыңдар», «Шекарада», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Алтай – Атырау», «Қашқын», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азабы» атты поэма, толғаулары мен 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірін терең толғаған.
М.Мәметова көшесі

М.Мәметова көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 818,1 м.

Мәншүк Мәметова (1922-1943) – қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келген. Ерте жетім қалған. 1942 жылы майданға өзі сұранып кетеді. Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза табады.
М.Мусоргский көшесі

М.Мусоргский көшесі Бестау орамымен қиылысып, С.Әліұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 370,2 м.

Модест Петрович Мусоргский (1839-1881) – композитор, пианист. «Борис Годунов», «Сорочин жәрмеңкесі» опералары, «Көрмедегі көріністер» деген әйгілі суреттеме сюитасы, «Раек» атты музыкалық памфлеті бар.
М.Төлебаев көшесі

Бұрынғы атауы – Қарағанды-Астана трассасы. М.Төлебаев көшесі М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Қарағанды-Астана трассасына дейін созылып жатыр. Мақтымқұлы, Б.Момышұлы даңғылын, Арқайым, Жаңаарқа, Бурабай, Жалаңтөс, Жанкент, Балқантау, Құмкент, Айнакөл, Көкжелек, Бәйшешек, Көкарал, Шарбақты көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4886,3 м.

Мұқан Төлебаев (1913-1960) – қазақтың көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

М.Тынышбаев көшесі

М.Тынышбаев көшесі Қарасай батыр көшесінен басталып, Ы.Алтынсарин көшесінде аяқталады. Ақбұғы, Біржан сал көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 727,6 м.

Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937) – қоғам қайраткерi, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Талдықорған облысының Қапал ауданында туған. Верный (Алматы) гимназиясын бiтiрiп, Петербургтегi қатынас жолдары инженерлерi институтын тәмамдаған. «Қазақ» газетiнде мақалалар жариялап тұрған. Алаш партиясын құруға тікелей араласып, 1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады. «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады. Орыс география қоғамының, Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болады. Қазақ халқының арғы-бергі тарихына қалам тартып, бүгінгі күндері де маңызын жоймаған зерттеу еңбектерін жариялайды, қазақ шежіресін түзеді. Саяси қуғын-сүргiн құрбаны.
М.Шоқай көшесі

Бұрынғы атауы – Перспективный көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Мұстафа Шоқай көшесі Көкжелек көшесінен басталады. Ұзындығы – 1108,8 м.

Мұстафа Шоқай (1886-1941) – отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі. Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) уезіне қарасты Шоқай ауылы. Алғашқы қоғамдық жұмысы – оның 1914 жылы Ә.Бөкейханның ұсынысымен ІV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының хатшылығы. Өмірінің соңында, тамыз айының басынан қараша айының соңына дейін немістің бірнеше лагерін аралап, тұтқындағы ондаған мың түркістандықтармен кездеседі, оларды өлім тұзағынан құтқарып алуды өзінің бірден-бір борышы санайды. 1941 жылы Берлинде құпияға толы жағдайда қайтыс болады. Сүйегі Берлин қаласындағы мұсылмандар бейітінде жерленген.
М.Шолохов көшесі

М.Шолохов көшесі Ырыс орамынан басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Балтакөл орамы мен И. Дунаевский көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 972 м.

Михаил Александрович Шолохов (1905-1984) – жазушы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Нобель сыйлығының лауреаты.

Майқайың көшесі

Бұрынғы атауы – №62 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Майқайың көшесі Дауылпаз көшесінен басталып, Манас даңғылында аяқталады. Арқат орамы мен Балталы көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 406,5 м.

Майқайың – Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы кент, округ орталығы.
Майтөбе көшесі

Бұрынғы атауы – Воронежский көшесі. Майтөбе көшесі Ағадыр көшесінен басталып, Сарықұм көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 666,5 м.

Майтөбе – айналасы дуалмен қоршалған бекіністі мекен, дуалдың құлаған орны қазір төбе болып жатыр. Кейбір деректер мен төбе үстінен теріп алынған ыдыс-аяқтар сынықтарына қарағанда, Майтөбе тұрғындары ХІ-ХV ғасырларда өмір сүрген. Қазір осы аттас Жамбыл облысы, Талас ауданында ауыл бар.

Мақат көшесі

Бұрынғы атауы – 1-Карьерный көшесі. Мақат көшесі Бестөбе көшесінен басталып, Шет көшесінде аяқталады. А.Чехов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 472,3 м.

Мақат – Атырау облысы, Мақат ауданының орталығы, кент.
Мақтымқұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. Мақтымқұлы көшесі І.Жансүгірұлы көшесі мен Абылай хан даңғылын қиып өтіп, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 4335,2 м.

Мақтымқұлы – ХVІІІ ғасырда өмір сүрген түрікменнің классик ақыны.
Маржансу көшесі

Бұрынғы атауы – Встреча көшесі. Маржансу көшесі Мирный көшесінен басталып, Арай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 227 м.

Маржансу – «маржандай таза, мөлдір су» деген мағынаны білдіреді.
Марқакөл көшесі

Бұрынғы атауы – №53 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Марқакөл көшесі Қарасаз көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Кеңгір, Таскескен, Арғанаты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 435 м.

Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы көл. Мұнда Марқакөл қорығы орналасқан.
Масаты көшесі

Бұрынғы атауы – №112 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Масаты көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Қордай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1380,2 м.

Масаты – қымбат бағалы, жұмсақ түкті барқыт, жібек мата.

Маятас көшесі

Бұрынғы атауы – №24 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Маятас көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Шаңтөбе көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 309,7 м.

Маятас – мезолит дәуірінен сақталған тұрақ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан.

Мәриям Жагорқызы көшесі

Бұрынғы атауы – №74 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. М.Жагорқызы көшесі Тұран даңғылынан басталып, Қарашаш ана көшесінде аяқталады. Айғаным көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 729,2 м.

Мәриям Жагорқызы (1887-1959) – (шын аты-жөні Рыкина Мария Егоровна) халық өнерпазы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Халық арасында кең тараған «Дударай» әнінің авторы. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында дүниеге келген.
Мәскеу көшесі

Бұрынғы атауы – Московский көшесі. Мәскеу көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, М.Әуезов көшесінде аяқталады. Сарыбұлақ, Берел, Бекетай, Б.Хмельницкий, Ә.Ділманов, Г.Потанин, Жеңіс даңғылын, Желтоқсан, Бейбітшілік көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2281,2 м.

Мәскеу – Ресей федерациясының астанасы.

Бұл көшеде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы орналасқан.

Медеу көшесі

Бұрынғы атауы – А.Островский көшесі. Медеу көшесі Ш.Бөкеев, Аспара, Т.Шевченко, Оқжетпес көшелерін қиып өтіп, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2664,2 м.

Медеу – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 шақырым жерде, Алматы шатқалында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Мереке көшесі

Бұрынғы атауы – Мир көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Мереке көшесі Құрылысшылар, Көлсай, Армандастар, Өркениет, Нұрлыжол көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 979,7 м.

Мереке – көп қырлы қоғамдық құбылыс. Ол дамыған мәдениеттiң бiр көрiнiсi. Мерекелi күндер халықаралық, дүниежүзiлiк ынтымақты, достық пен бауырластықты, айырықша тарихи жағдайлар мен белгiлi бiр мамандық ерекшелiгiн салтанатпен атап өтетiн күндер. Қазiр тәуелсiз мемлекетiмiздiң өз мерекелерi бар.

Меркі көшесі

Бұрынғы атауы – Мереке көшесі. Меркі көшесі Космонавтар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 584,6 м.

Меркі – Шу алабындағы өзен. Мерке ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы – 100 шақырым. Өзен Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шимен ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды. Сонымен қатар, Меркі – көне қала атауы және Тараз облысындағы аудан орталығы.

Мирный көшесі

Мирный көшесі Ә.Марғұлан, Тобылғысай, Толағай, Маржансу көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 457 м.

Мирный – «бейбіт, тыныштық» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елді мекендер де кездеседі.

Мойылды көшесі

Бұрынғы атауы – №14 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Мойылды көшесі Ақмола көшесінен басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ақтөбе көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 514,4 м.

Мойылды – Шалқар алабындағы өзен. Ақмола, Қостанай облыстарының Амангелді, Жарқайың аудандарының жерімен ағады.

Мойынты көшесі

Бұрынғы атауы – №30 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Мойынты көшесі Жанкент көшесінен басталып, Сұлутөбе көшесінде аяқталады. Обаған, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 821,5 м.

Мойынты – ірі теміржол стансасы, Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Моншақты көшесі

Бұрынғы атауы – №9 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Моншақты көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Ақтөбе көшесінде аяқталады. Тарбағатай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 381,2 м.

Моншақты – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы тау аты.
Мостопоезд-463 көшесі

Мостопоезд-463 көшесі Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 40,3 м.

Мостопоезд – көпірлер мен өткелдер салатын және оларды жөндейтін арнайы поезд.

Мұғалжар көшесі

Бұрынғы атауы – К.Маркс көшесі. «Тельман» тұрғын алабы. Мұғалжар көшесі Қоңырөлең көшесінен басталады. Ұзындығы – 1232,5 м.

Мұғалжар – Қазақстанның батыс, солтүстік-батысындағы аласа тау.

Мұзтау көшесі

Бұрынғы атауы – Овражный көшесі. Мұзтау көшесі С.Мұхамеджанов көшесінен басталып, Фахд бен Абдулл Азиз көшесінде аяқталады. Абат-Байтақ, Оқжетпес, М.Жәлел, Шақпақ көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1207,3 м.

Мұзтау – Жетісу Алатауының оңтүстігіндегі жоталар тобының ең биік сілемі.

Мұнайшылар көшесі

Бұрынғы атауы – Нефтяниктер көшесі. Мұнайшылар көшесі Ақжол, Н.Гоголь көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1752,5 м.

Мұнайшылар – жер асты байлығы «қара алтынды» өндіріп, өңдеу саласында жұмыс істейтін адамдар. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай қорының молдығына байланысты бұл салада еңбек ететін мұнайшылар саны да артып келеді. Сондай-ақ Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы кент атауы.

Мыңарал көшесі

Бұрынғы атауы – Одинцовтар көшесі. Мыңарал көшесі І.Есенберлин көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 851,1 м.

Мыңарал – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы ауыл, кенттік округ орталығы.
Мыңжылқы көшесі

Бұрынғы атауы – №13 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Мыңжылқы көшесі Арқалық көшесінен басталып, Ақмола көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 153 м.

Мыңжылқы – Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау басы.
Н.Гоголь көшесі

Н.Гоголь көшесі Игілік көшесінен басталып, Ақсай көшесінде аяқталады. Құрманғазы, Жаңажол көшелерін және Көктомар орамын қиып өтеді. Ұзындығы – 985,7 м.

Николай Васильевич Гоголь (1809-1852) – орыс жазушысы. В.Алов деген бүркеншік атпен «Ранц Кюхельгертен» идиллиясын жариялайды. Гоголь есімін көпшілікке танытқан «Диканька маңындағы хутор кештері», «Арабески», «Тарас Бульба» туындылары болды. Н.Гоголь шығармашылығының түйіні 1835 жылы жазыла бастаған «Өлі жандар» поэмасы.

Н.Ирченко көшесі

Н.Ирченко көшесі Западный көшесінен басталып, Желтоқсан көшесінде аяқталады. Сарыарқа даңғылын және И.Репин, М.Горький көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1053,3 м.

Никифор Михайлович Ирченко (1886-1919) – Атбасар уезіндегі Маринск көтерілісі басшыларының бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет