Жасылбалдырлар (Chlorophyta) — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен, тұщы суларды мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.
Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түрі анықталған. Бұлар бір клеткалы, көп клеткалы болып келеді және шоғыр құрып тіршілік етеді. Клеткалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе, целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан клеткаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлар). Бір клеткалы жасыл балдырларды (хлорелла, сценедесмус, т.б.) тағамға, малға жем ретінде, лас суды, ауаны (ғарыш кемелерінде, сүңгуір қайықта) тазарту үшін қолдан өсіреді.
Хлорелла бір жасушалы жасыл балдырлар классына жатады. Оның тіршілік ету ортасы – тұщы су қоймалары. Бұл микробалдырда сирек кездесетін қоректік заттар кешені және хлорофилла дәні өте көп. Соның әсерінен фотосинтез жүргізу арқылы көмірқышқыл газын сіңіріп атмосфераны оттегімен қанықтырады. Хлорелла біздің планетамыздың ең ұзақ тіршілік еткен ағзасы болып табылады. Оның тіршілік ету ұзақтығы екі миллиардтан астам жылды құрайды. Хлорелла – нәруыз, көмірсу, липидтер және витаминдердің белсенді өндіргіш болып табылады. Әдетте хлорелланың құрғақ биомассасының құрамында 40-55% нәруыз, 35% көмірсу, 5-10% липидтер және 10% дейін минералды заттарды құрайды.
Тек балдырлар құрамында өте көп мөлшерде май болады. Балдырлардың түрлеріне байланысты олар жалпы салмағының 2%-дан 40%-ға дейін денесіне қор ретінде липидтер және май қышқылдарын жинайды. Осының арқасында балдырлар белгілі бір ауданды алып жатқан жер бетіндегі басқа өсімдіктерге қарағанда, биогаз өндіруге қажетті биологиялық массаны бес есе көп түзуге қабілетті. Ол энергия алу үрдісі кезінде аралық зат болып табылады, яғни қайта жаңғыртылатын энергия көзі болып табылады.
Сhlorella vulgaris микробалдыры. Бұл балдырды өсіру аса қатаң күтімді қажет етпейді. Оның өсіп көбеюіне жарық, көмір қышқыл газы және қоректік ортасы болса жеткілікті. Өсіру барысында стирильдік жағдай қажет емес.
Микробалдырлардың өнімділігі қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Олар: температура, жарық, қоректік орта, рН, көмірқышқыл газы мен оттегінің берілуі.
Бірақ балдырлардан энергия өндіру технологиясының проблемасының әлі көп шешіле қоймағандықтан жобасы әлі қарастырылуда. Мысалы, балдырлар өте жоғары температурада өскенді жақсы көреді және оны өндіру үшін шөлдала климат қажет етеді. Бірақ кейде түнгі түскін температура кезінде оның температурасын реттеу керек. 1990 жылдың аяғында бұл технология өндіріске мұнай бағасының төмендеуіне байланысты көп мөлшерде шыға алмай қалды. Балдырлар ашық далада өсіруден басқа балдырларды электростанциялардың қасында орналасқан кішкентай биореакторларда өсіреді. Балдырларды өсіру үшін ЖЭО-ның (ТЭЦ) жылу шығарып қаптауы 75%-ға дейін жетуі керек. Бірақ бұл технология өте қатты шөлдалалы климатты қажет етпейді.
Елімізде қала орталығынан алшақ орналасқан елді мекендерде жылу, табиғи газ, электр энергиясы және ауыз су жылда күнделікті мәселеден түспейтін тақырып. Күз келіп, салқын түсісімен қарапайым халық көмір, отын түсіріп, қыс бойы от жағып үйлерін жылытады. Тіпті солтүстік аймақтың тұрғындары үйлерін алты ай от жағып жылытады. Көмірді жағу арқылы біз қоршаған ортаны ластаймыз, көмірдің бағасы жылдан-жылға артып отырғанын ескерсек ол қарапайым адамдардың отбасы үшін үлкен ауыртпалық түсіреді. Көмірді жаққанда улы газ бөлінеді. Осының салдарынан қыс мезгілінде көмірден уланып, бүкіл бір отбасы өліп кетіп жатқаны қаншама.
Қазір кез келген отбасы айына электр энергиясына кем дегенде 7000 тенге жұмсайды. Ол 1 жылда 84 000 тенгені қамтиды. Осындай көрсеткіштер халықтың материалдық тұрғыда 1 жыл сайын өзінің бір айлық көлемін электр энергиясын қолданғаны үшін беріп отырғанмен бірдей.
Қазіргі таңда электр энергиясынсыз ешбір жұмыс, іс-әрекет жасалмайтын болды. Уақыт өткен сайын адамзаттың электр қуатына деген тәуелділік артып барады. Осы себептен шалғай елді мекендер электр қуатының тапшылығынан зардап шегуде. Жылдан жылға электр қуатынын құны артып келе жатқанын ескерсек болашақта жәй теледидар көрудің өзі қымбатқа түседі.
Мұнай бағасының көтерілуі ауылшаруашылығында пайдалананатын жанар жағрмай құныда көтерілуде және азық-түлік бағасы көтерілуде.
Үшінші буынды биоотын түрі бағытының артықшылығы балдырлардың арнайы құрамына байланысты. Бұлар өзінің қасиеттері бойынша биоотын саласының мамандарының қызығушылығын тудыруда, тіршілік ету ортасы құрлық болып табылатын олар өсімдіктен біршама айрықша. Балдырлар «майлы» болып келеді, мысалы балдырлар штаммында майдың құрамы 75-85% құрғақ салмағын құрайды.
Балдырлардың қосымша артықшылығы бір технологиялық аймақтан жылына 35 дақыл өнімін алуға болады.