Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы



Pdf көрінісі
бет3/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум

Нүктелік үлгі
– біріктірілген үлгіні құрастыру үшін астық тобынан бір 
қимылмен сұрыптап алынған астықтың шағын бөлігі. 
4
Біріктірілген үлгі
– астық тобынан сұрыптап алынған барлық нүктелік 
үлгілердің жиынтығы. 
5
Тәуліктік орташа үлгі
– 24 сағатта келген машиналардан астық сапасын 
анықтау үшін арналған үлгі (1 тәулік өткен соң орташа үлгі жасалады). 
6
Орташа үлгі
– лабораториялық зерттеулерге алынған біріктірілген үлгінің бір 
бөлігі. Шамалы көлемдегі (2 кг) астық тобынан сұрыпталған біріктірілген үлгі 
сонымен қатар орташа үлгі болып табылады. 
7
Шөкім
– астық сапасынының жекелеген көрсеткіштерін анықтауға арналған 
орташа үлгінің бір бөлігі. 
8
Жеделдік тәуліктер
– белгілі бір көзделген уақытта 24 сағат ішінде тәуліктік 
орташа сынаманы сұрыптау. 



1.2 Нүктелік үлгіні сұрыптау 
 
1
 
Автокөліктен нүктелік үлгіні сұрыптау 
Нүктелік үлгіні автокөліктен механикалық үлгі сұрыптағышпен немесе қолмен қуыс 
бұрғы арқылы сұрыптайды. Астықтан нүктелік үлгі жүк көлігі қорабының ұзындығы 3,5 
метрге дейін болғанда 4 нүктеден А схемасы бойынша, 3,5 м-ден – 4,5 метрге дейін 
ұзындық аралығында – 6 нүктеден Б схемасы бойынша; 4,5 метрден жоғары болғанда – 8 
нүктеден В схемасы бойынша, артқы бортпен алдыңғы борттан 0,5 -1 м-ге дейін ара 
қашықтықта және 0,5 м-ге дейін бүйір бортынан алынады. 
А схемасы 
Б схемасы 
В схемасы 
* * 
* * * 
* * * * 
* * 
* * * 
* * * * 
Механикалық үлгі сұрыптағышпен нүктелік үлгіні астық үйіндісінің барлық 
теңдігінен сұрыптайды. Қолмен қуыс бұрғының көмегімен үлгілер жоғарғы және төменгі 
қабаттардан сұрыпталады. Нүктелік үлгінің жалпы массасы А схемасы бойынша алғанда 1 
кг-нан, Б схемасы бойынша 1,5 кг-нан және В схемасы бойынша 2 кг-нан кем болмауы 
керек. Егер алынған масса жобалағаннан кем болса, онда қосымша нүктелік үлгі қайтадан 
1-ші алынған нүктеден алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет