9
көгергеннің, көгерген-борсығанның иістері жатады. Ашытқы, шірік иісті және басқа да
ыдыраудың иісі бар астықты қабылдау кәсіпорындары қабылдамайды.
Иісті дәннің бүтін күйінде немесе ұнтақ күйінде анықтайды. Орташа үлгінің (бүтін
немесе ұнтағын) алақанға 100 г салып, деммен жылтады. Сосын сезім мүшелермен бөтен
иістің бар-жоғын анықтайды. Егер астықта жусан иісін анықтаса, онда астықтың ұнтақ
күйін алып анықтайды, бірақ алдын ала жусан кәрзеңкелерін алып тастайды.
Астықтың иісінде бөгде иістер бар болса, онда оны екі тәсілмен жылытуға болады:
а) қайнап тұрған судың бетінде 2-3 мин. бойы торға салынған бидайды буға
буландырады;
б) 100 мл колбаға тұтас немесе ұнтақ астықты салып, 35-40
С температурада 30 мин
бойы қыздырып ауызын қақпақпен тығыздап жабады. Қыздырғаннан кейін астықтың иісін
анықтайды.
2 Астықтың түсін анықтау
Барлық ауылшаруашылық мәдениетінде астық сапасының бағасы ең негізгі болып
есептелінеді. Астықтың түсі бойынша түрін, сортын және біртектілігін анықтай аламыз.
Астықтың көпшілігінде өзіндік спецификалық түсі, ал кей кезде жылтырлығы да болады.
Астық түсінің өзгеруі көбінесе микроорганизмдердің, насекомдар әрекетінің, астықты
өңдеуді дұрыс атқармаудың нәтижесі болып саналады. Астықтың түсін арнаулы
стандартпен немесе типтік нұсқаулармен салыстыру арқылы анықтайды. Астықтың түсін
біз қарапайым түрде бақылай аламыз, күннің жарығына немесе арнаулы жасанды күн
сәулесі арқылы бақылай аламыз.
Түстің анықтауында келіспеушіліктер болса, онда күннің жарығында анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: