Орташа сынама бөлу Орташа сынаманы қол тәсілімен құру рұқсат eтіледі. Ол үшін 6ipiктірілген
сынаманы беті тегіc үстел бетіне таратып шашады, дәндерді квадрат түрде таратады
және оны қабырғасы қиықталған екі қысқа ағаш тақтайлар көмегімен араластырады.
Араластыруды оң және сол қолдагы тақтаймен квадраттың екі жағынан қысылып
алынған дәндердің бірнеше рет араластырулардан кейін білік түзетіндей eтiп ортаға
қарай бірдей уақытта төгіліп туратындай eтіп жүргізеді. Содан кейін дәнді білік
шеттерінен қамтып алады және бірдей уақытта екі тақтайлардан ортаға қарай ceбеді.
Бұндай араластыруды 3 рет жүргізеді. Үш рет араластырғаннан кейін біріктірілген
сынаманы қайтадан квадрат түрінде тегіc қабатпен жазып таратады және тақтаймен
диагонал бойынша төрт үш бұрышқа бөледі. Екі қарама қарсы үш бұрыштардан дәнді
алып тастайды, ал қалған екеуін 6ip жерге жинайды, көрсетілген тәсілмен
араластырады және қайтадан 4 үш бұрышқа бөледі, олардың ішіндегі екеуі келесі
бөлуге кетеді. Орташа сынама массасы (2,0(
+
-
0,1) кг болу керек. Егер біріктірілген
немесе тәуліктік үлгі массасы 2,0(
+
-
0,1) кг аспаса, онда ол тәуліктік үлгі болып есептеледі.
Сынамалар салмағы 3 кестеде көрсетілген сынамалар салмағы, әдетте барлық дакылдардың
дәндеріне дәл келеді
3 кесте – Сынамалар салмағы Партия
Нүктелі сынама
Біріктірілген
сынама
Орташа сынама
500 т дейін
1 кг (max)
100 кг
5 кг
Кей жағдайда өткізілетін сынауларға сәйкес үлкен немесе кіші көлемді орташа
сынама талап етіле алады.
Сынамаларды орау және таңбалау Орташа сынамалар жылтырлатылмаган, агартылмаган, айналдыра тігілмеген, тығыз
мата қапшықтарға оралуы керек. Ылғалдылығын анықтауға арналған немесе ұшпа
заттардың жоғалуын болдырмау керек, басқа сынаулар (мысалы химиялық өндеудің
ықтималдығын зерттеген жағдайда), қымталып жабылатын қақпақты ауа өткізбейтін
сиымдылықтарға салынуы керек. Сыйымдылықтар толтырылуы, ал олардың қақпақтары
олардың босауы мен бұзылуын болдырмау үшін мөрленген болуы керек. Ыдыс
сапасының өзгермеуне кепілдік беруі керек. Әрбір сынама салынған қапшықтар мен
басқа да сиымдылықтар пломбалануы керек.