Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы


 кесте – Мәдени атаулы дақылдардың елеуштен өту пайызы %



Pdf көрінісі
бет11/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум

кесте – Мәдени атаулы дақылдардың елеуштен өту пайызы % 
Мәдени аталуы 
0,8 мм сымды елеуіштен өткен 
бидай 
60% кем емес 
Қарақұмық 
50% 
Сұлы 
30% 
Өлшенген бюксаларға 5 г-нан екі шөкім ұнтақ салынады да, жақсылап 
араластырылған астықты 0,1г дәлдікпен өлшейді. 
СЭШ- ЗМ кептіргіш шкафтын алдын ала қыздырып, ұяшықтағы айналып тұрған 
столға қақпақтары ашылған бюксаларды салады. Сонымен шкафтағы температура 
төмендейді. 10-15 минуттен кейін температура 130

С-қа дейін жетеді, бақылау шамы 
сөнеді. 40 минуттен кейін бюкстерді тигельді қысқыштармен алып салқындату үшін 15-20 
минутке эксикаторға салады. 
Салқындатылғаннан кейін бюкстер астық шөкімімен өлшеніп, кептіргенге дейігі 
және кептіргеннен кейінгі салмақ айырмасы бойынша ылғал мөлшерін анықтайды. 
Астық ылғалдылығы пайызбен көрсетіледі де мына формула бойынша анықталады:
Х= буланған ылғал мөлшері *100 % / 5 =буланған ылғал мөлшері * 20 % 


11 
Екі анықтаманың орташа колемін қолданып, соңғы қорытынды шығарылады. 
Талдау қорытындысы 
5 кесте қорытынды: ылғалдылық жағдайын анықтау 
Талдау 
күні 
Дақыл 
Бюкс 
нөмірі 
Бос 
бюкс 
масса
сы, г. 
Шөкіммен бірге 
бюкс массасы 
Кепті
ргіш 
Астық 
ылғалд
ылығы 

Орташа 
ылғалд
ылық, 

Кепті
ргенге 
дейін 
Кептірг
еннен 
кейін 
3.2 Ылғалдылықты жанама тәсілмен анықтау 
Жұмыс мақсаты:
берілген әдіс бойынша астықтың техникасы мен әдісін анықтап 
үйрену. 
Әдебиет 
МЕСТ 13586.5- 93 
МЕСТ 3040 
Құрал жабдықтар:
техникалық таразы; лабораториялық диірмен, СЭШ-3М 
кептіргіш шкафы; 0,8 мм сым торша елеуіш; 20-25 см эксикатор; металды бюксалар, 
тигельді қысқыштар; белгі беру сағаты; АУО-1 салқындатқыш. 
Жұмыс тәртібі 
Ылғалдылықты анықтаудың жанама тәсілдері барынша кең тараған: ұнтақталған астық 
шөкімін кептіру (құрғақ қалдық бойынша) жолымен; электр өткізгіштігі бойынша және 
диэлектрлік өткізгіштігі т.б. тәсілдермен. 
Астықтағы ылғалдылық мөлшері астық өңдеуде үлкен роль атқарады. Диірмен 
өндірісінде ылғалдылық мол болса диірмен өндірісі бірден нашарлайды. Шикі астық ұнға 
және жармаға өнделуге жарамсыз. Бірақ та құрғақ астықтың өзінде де 15-15,5% 
ылғалдылық болу керек. 17% ылғалдылықта астықты ұнға тартуға болмайды, өйткені 
технологиялық процесс нашар жүргендіктен онда ұн аз шығып, кебек мөлшері көбейеді. 
Астық қабылдау кәсіпорындары астық сатушылармен есеп айырысқанда 
ылғалдылықты негізғі тәсілмен (ұнтақталған астық шөкімін кептіргіш шкафта тұрақты 
салмағына жеткізіп кептіру аоқылы) анықтайды.
Ылғалдылық 18 % артық болса, оны жанама тәсілмен анықтайды. 
Ылғалдылық мөлшеріне қарай астықтың стандарты бойынша 4 күйі бар: құрғақ, 
орташа құрғақ, ылғалды және дымқыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет