22
6 Астықтың біркелкілігі және ұсақ дәндер құрамын анықтау
Жұмыс мақсаты:
әдістемені үйреніп, ұсақ астықтың құрамын және тегістігін
анықтауды білу.
Әдебиет
ҚРСТ 1046-2001, МЕСТ 10939, МЕСТ 13586.2.
Құрал жабдықтар:
Әртүрлі
өлшемдегі техникалық таразылар, қақпақтары мен
поддондары бар елеуіш жиынтығы (2,5x20 мм; 2,2x20 мм; 2,0x20 мм; 1,7x20 мм), талдау
тақтасы, қалақша және үш минутты құмсағат.
Жұмыс барысы
А) Ұсақ дәндердің құрамын анықтау шөпшар және
астық қоспаларының құрамын
анықтаумен бірге жүргізіледі.
Алынған шөкімді зертханалық елеуіш комплектісінен елеп өткізеді. Ұсақ
дәндердің 1,7x20мм (бидай үшін) елеуіштен өткен қалдықтан бөліп,
салмағын өлшеп,
мөлшерін мына формула арқылы анықтайды:
m
Х
100
m
1
бұндағы:
m
1
– ұсақ дәндердің массасы, г.
m
- астық шөкімінің массасы, г.
Б)
Біркелкілік деп - астық партиясының ірілігі бойынша біртекті болуы. Егер
астық (дәндер) партияда негізінен көлемі бойынша бірдей болса, онда оны тегістелген
деп атайды.
Астықтың және тұқымның себу сапасын бағалауда қолданылытын бұл
көрсеткіштер, олардың технологиялық қасиеттерінің сипаттамасында да
елеулі роль
атқарады. Біркелкі астық партиясын астық тазартқыш машиналарда сепаратарлаудан (
іріктеу ) немесе арнайы іріктеу машиналарында іріктеуден кейін алады. Біркелкі астықтан
өнделінетін өнімнің шығуы және оның сапасы жоғары болады. Ірілігі бойынша біркелкі
бұршақ дақылдарының тұқымдары бір уақытта піседі.
Астықтың біркелкілігі жақсы болса, солодтың да сапасы жоғары болады.
Астықтың біркелкілігін анықтау үшін орташа үлгіден 50 гр
шөкімді бөліп алып,
шөпшар, астық қоспасынан тазартқаннан кейін бидайға арналған елеуіш комплектісінде (
2,5х20мм, 2,2х20мм, 2,0х20мм, 1,7х20мм) 3 минут аралығында елейді. Елеуден кейін
елеуіштерден өтпеген және ең төменгі елеуіштен өткен астықты өлшеп, алынған массаны
% пайызбен көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: