Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы



Pdf көрінісі
бет22/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум
Тілеу Бағдаулет слайд, КМ 08 8.3 мал ара шаруашылығы — практикамен (1), All English Tenses, Қоршаған ортаны қорғау материал
Нәтиже. 
Алынған көрсеткіштер бойынша 1000 дән масасы берілген топтың қайсысына 
жататынын анықтау. (жоғары, орта, төменгі) 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.
1000 дән анықтау әдісі. 
2.
1000 дән масса сипаттамасы. 
3.
1000 дән масасының есебі. 


26 
8 Астықтың натуралық массасын анықтау 
 
Жұмыс мақсаты: 
натуралық массаны анықтау әдістемесін үйрену. Пурка 
құрылысын үйрену. Астықтың натуралық масасын анықтауды үйрену. 
Әдебиет 
СТРК 1046-2000; МЕСТ 10840 
Құрал жабдықтар:
астық үлгілері, литрлік пурка құламалы жүгімен, ПХ-1. 
Жеткілікті талап тығыз орналасуын қамтамасыз ететін кез-келген сыйымдылыққа 
нақты ережелерді сақтай отырып, бидай, қара бидай, арпа және сұлы дәндерін 
орналастырғанда, осы көлемде және тіпті, бір дақыл тұсында да астық массасы әртүрлі 
болуы мүмкін. Бұл үш себеппен түсіндіріледі: астықтың әртүрлі тығыздығы, астық 
массасында қоспа құрамының әртүрлілігі; астықтың әртүрлі ылғалдығы. Халықаралық 
ашық стандарты бойынша натура 1кг-ға 20 л-ден келеді. Астық тығызырақ 
орналастырылған сайын оның натуралық массасы артады. 
Натуралық масса дәннің толықтығын сипаттайды. Жақсы толыққан дән 
эндосперімнің салыстырмасы жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Осыған байланысты 
натуралық масса астықтың ұндық сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бидай мен 
қара бидай ылғалдылығының артуы натуралық салмақты төмендетеді. Арпа мен сұлының 
ылғалдылығы 16 пайызға артқан сайын, натурасы да артады, ал 16 пайыздан кем болса, 
төмендейді. Минералды қоспа астықтың натурасын арттырады.
Бидайдың орташа сынамасын саңылаудың диаметрі d = 6 мм елеуіштен өткізіп, ірі 
заттарын алып тастап, әбден араластырады. 
Жұмыс тәртібі 
Натура бұл граммен есетелген 1 литр бидайдың салмағы. Натураға дақылдың 
орналасу тығыздығы әсер етеді. Орналасу көп болса, соғұрлым натура көп болады.
Астықтың натуралық массасын литрлік пуркаларда анықтайды. Ол түбінде 
саңылауы және жоғары бөлігінде пышақ үшін кертігі бар өлшегіштен, түбі жоқ 
цилиндрден жасалғантолтырғыштан, құламалы салмақтан – жүктен, пышақтан, таразыдан, 
пурканың жекелеген бөлшектерін салатын жәшіктен және әртүрлі гирлерден тұрады. 
Натураны анықтау үшін пурканы тегіс жерге орнатылған салмақты үстелге бекітеді 
де, одан аспаптың барлық бөлшектерін алады. Ең әуелі таразыны құрастырады. Ол үшін 
ұяға штативті бұрайды, оған иін темірдің сол жақ бөлігіне гирлерді салатын шәшкені, ал 
оң жақ бөлігіндегі призмаға сырғаны іледі де оған құламалы жүк пен өлшегішті 
біріктіреді. Содан соң оларды теңестіреді. Содан кейін алдын ала салмақты жүкті алып 
тастайды да, өлшегішті ағытады. өлшеуіштің саңылауына пышақты сұғады, оған 
құламалы жүкті салады, соңынан өлшегішке толықтырғышты тұрғызады, цилиндр 
құйғышқа ақырын ағыспен орташа үлгідегі астықты төбесіне дейін құяды, оны 
толтырғышқа тұрғызады да құйғыштын сұқпасын ашады. Астық цилиндр толтырғышқа 
құйылады. Соңынан тез қимылдап оң қолмен өлшегіш кертігінен пышақты суырып алады, 
құламалы жүк астықпен бірге өлшегішке түседі. Осыдан кейін пышақты қайтадан 
өлшегіштің кертігіне сұғады, пышақтың ұшы қарама- қарсы жаққа шығып тұруға тиіс. 
Өлшегішті оған кигізілген цилиндр толтырғышпен бірге ұядан алады. Пышақтың 
үстіндегі артық астықты орташа үлгінің қалған бөлігіне қосады. Одан әрі толтырғышты 
ағытады, пышақтың үстінде қалған дәнді аластатады да, пышақты суырып алады. Нақты 1 
л астығы бар өлшегішті таразының иін теміріне іледі және 0,5 г дәлдікпен өлшейді. 
Әрбір үлгі үшін натуралық массаны астықтың әртүрлі бөлігінен кем дегенде 2 рет 
анықтайды. 


27 
Астықтың натуралық массасын екі, немесе бірнеше анықтаулардың орташа 
арифметикалық мәнімен көрсетеді. Екі анықтаудың арасындағы, сонымен қатар бақылау 
және арбитраждық талдаулардағы 5 грамнан, ал сұлы үшін 10 грамнан аспағаны дұрыс. 
Құжатқа қою дәлдігі 1,0 г/л. 
Егер 1 литр бидайдың салмағы 785 г және одан жоғары болса, ол жоғары болып 
есептеледі, егер натура 784-765 г аралығында жатса, бұл ортадан жоғары болып саналады, 
764-725 г болса, орташа, ал 725 г төмен болса, онда төменгі болып есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет