Ғарыш (арабшадан аударғанда - кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс ғарыш болып ажыратылады.
2.1. Ғарыш алаңы
Ғарыш алаңы, космодром - ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық -өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңы жабдықтары арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады.
Қазақстанның ғарыш алаңы.
Байқоңыр десе алдымен ойға орналатыны: Қазақстанның атын аспандатып, әлемге әйгілеген алып космодромнан ұшқан небір ерлер және олардың аңызға айналған жетістіктері. Бұл жөнінде талай айтылып та, жазылып та жүр.
Байқоңыр – ғарыш алаңы, дүниежүзіндегі 20-дан астам ғарыш айлақтарының ішіндегі ең ірісі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағында Төретам станциясынан 18-20 км қашықтықта орналасқан. Ол 7360 шаршы км жерді алып жатыр.
Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болашақ ғарышкерлер қаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескеріледі.
Байқоңыр ғарыш айлағын алғаш құруды ұсынып, басқарған А.И. Нестеренко болатын. Сонымен қатар ғарышкерлер айлағының алғашқы объектілері мен қаламыздың құрылысы Георгий Максимович Шубниковтің де есімімен тығыз байланысты. Ол полигон құрылысына 1955 жылы 10 сәуірде келді.
Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы пайдалануға берілді, сол жылы Р-7 зымыранының бірінші рет экспериментальды ұшырылуы болды. Мақсаты: старт техникасын тексеру және 1-ші мен 2-ші сатыларының бөлінуі болды. Сәтсіз ұшырылу себебі: 1 сатының 4 блогінің біреуінде өрт басталды.
Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин « Восток » ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды
Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар старттық орнына айналды.
Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс», ғарыш кемелері, «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метоер», т.б. Жердің жасанды серіктері ұшырылды.
Ғарыш бағдарламасы мен әскери зымыран комплекстерінің сынақ бағдарламасы ғарыш айлағының дамуымен қатар қаланың дамуы қатар жүргізілді.
Байқоңыр қаласы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам теміржол стансиясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдеуінде орналасқан. Байқоңыр қаласының алып жатқан ауданы 50 км2. Қаланың тұрғыны 1960 жылы 40 мыңға, 1975 жылы 74 мыңға жетті. Ал қазіргі кезде 2005 жылғы санақ бойынша, қала тұрғындары шамамен 68 мың адамды құрайды. Қаланың көп бөлігін қазақтар құрайды.
1955 жылы 5 мамырда қаланың ең бірінші ғимараты-әскери құрылысшылардың штабы салынды. 1955 жылы 2 маусым қала мен ғарыш айлағының туылған күні болып жарияланды. Бұл шешім қорғаныс министрінің бұйрығымен 1960 жылы 3 тамызда қабылданды.
Құрылысы (ол кезде « Зрая » посёлкасы) қазіргі ГДК жанынан басталды. Алғашқы көшелері – Набережная, Школьная, Пионерская, № 30 мектеп (№1) салынды. Тұрғын үйлер – 3 қабатты, черепицамен жабылған, жергілікті климатқа сай салынды. Климатына тоқталатын болсақ, тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температупрасы -11о С, кейбір күндері -35о С-қа төмендейді; шілдеде 26о С, кейбір күндері 45о С-қа дейін көтеріледі. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Бірнеше мың га жерді алып қала ұзақ жыл бойына « Аса құпия » нысан болып саналады.
1991 жылы 2 қазан Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған бұл күні ғарышқа тұңғыш қазақ ғарышкері КСРО батыры Тоқтар Әубәкіров ұшты. Осы ұшырылым барысында республиканың бірінші ғылыми зерттеу жұмыстары жүзеге асты.
Ресейлік ғарышкер Александр Волков, австриялық тұңғыш ғарышкер Фрац Фибек және тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров құраған халықаралық ғарыш экипажының «Мир» ғарыш станциясына ұшқан сапарына ТМД мемлекеттерінің басшылары басқа да шет елдерден жүздеген ресми қонақтар Ел басының шақыруымен келіп куә болды.
«Байқоңыр» космодромын сақтап қалуда Қазақстан Респуликасының Ұлттық Аэроғарыштық Агенттігі сүбелі үлес қосты. 1993 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақ ССР-ның ғарыш зерттеу Агенттігі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Аэроғарыш Агенттігі болып қайта құрылды. Агенттіктің бас директоры болып қазақтың тұңғыш ғарышкері «Халық Қаһарманы Т. Әубәкіров» тағайындалды. Ал Байқоңырдағы ҰАҒА басқармасының басшысы болып Мейірбек Молдабеков тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |