64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей отырып жүзеге асыру Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығыныңнегізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамныңқадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардыңқұқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.