Ата-ана құқығы мен міндеттері 62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері


-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі



бет6/12
Дата15.03.2022
өлшемі18,28 Kb.
#135732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
5 тапсырма
Методика 147 каз, 8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ, уч.практика инф(интернеттегі), @Назар Гүлжан, 2-топ, Алаш (1), 1516183189, kar-eea-0918, академиялык, Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован, 11-1 Зертханалық жұмыс (1), ТАЕЫСУ ПР ОТЧЕТ, grantss, Эссе, БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)
68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. 
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардыңқұқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен ќорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата- аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен ќорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет