11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу 67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру 1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
2. өз балаларының не жұбайыныңөміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.