Ата-ана құқығы мен міндеттері 62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері



бет9/12
Дата15.03.2022
өлшемі18,28 Kb.
#135732
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
5 тапсырма
Методика 147 каз, 8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ, уч.практика инф(интернеттегі), @Назар Гүлжан, 2-топ, Алаш (1), 1516183189, kar-eea-0918, академиялык, Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован, 11-1 Зертханалық жұмыс (1), ТАЕЫСУ ПР ОТЧЕТ, grantss, Эссе, БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)
71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардыңбіреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
1) ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасыныѕ бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с.с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;
2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата- аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланыңжақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардыңқұқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата- аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы. 
Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет