73-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою 1. Егер ата-аналардың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы және осы Заңның 72-бабында көзделген шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады.
2. Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланыңпікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.