69-бап. Ата-ана құқықтарынанайырудың салдары 1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлыққұқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу (осы Заңның 131бабы), сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.
2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
4. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата- анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-аќ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата- анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органныңқамқорлығына беріледі.
6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың біреуінің) өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.
7. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.