Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
«Мен балалық шағымда армандадым.........» жаттығуы:
Бір біріне допты лақтыру арқылы балалық шағындағы армандарымен бөліседі.
«Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін т.б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарыңызды көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
Достарыңызбен бөлісу: |