“Атажұрт” интеллектуалдық тарихи-танымдық сайыс Мақсаты



Дата05.12.2016
өлшемі55,21 Kb.
#3221

“Атажұрт”
интеллектуалдық
тарихи-танымдық сайыс


Мақсаты: Оқушылардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру,

өз білімдерін нақты практикада қолдана білуге үйрету. Өз Отанын құрметтеуге,

қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Қатысушылар: 9 «Б» , 10 «Б» сыныптар (әр сыныптан 3 оқушыдан, барлығы 6 оқушы)

Кең байтақ Қазақстан туған жерім,


Кең пейіл мерейі мол дархан елім.
Көп ұлтты жинап алып құшағыңа,
Бір бесіктің әніне салған елім.

Сайыс ережесімен таныстыру:

  • Бірінші кезең –”Қанат қақты”

  • Екінші кезең-”Самғау”

  • Үшінші кезең-”Шарықтау”

  • Төртінші кезең- “Шырқау”

  • Бесінші кезең-”Жерұйық”

  • Алтыншы кезең- Оратор

Бірінші кезең: «Қанат қақты».

  • Оқушылардың барлығы қатысады.

  • Әр оқушыға бес сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 10 ұпайдан.

1-ші оқушыға:

1.ҚР-ның 1920 ж. болған астанасы?

2.Абылай хан қай жылдары хандық билік атқарды?

3.Қазақстан қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына

мүше болды?

4.ҚР территориясы көлемі бойынша дүние жүзінде

нешінші орын алады?

5.Қазақстандағы индустрияландыру жылдары



2-ші оқушыға:

1.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қашан

қабылданды?

2. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан Гитлердің қай жоспарына енді?

3.С.Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?

4.Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен?

5.Қ.Кенесарының көтерілісі қашан болды?

3-ші оқушыға:

1.1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Верный уезінің ханы болып сайланған кім?

2. Қазақстанның ең биік шыңы?

3.Желтоқсан оқиғасы болған жылды атаңыз?

4. «Қызыл керуен» экспедициясын қай жылы және

кім ұйымдастырды?

5. Абылай хан өмірін жырлаған жырау?

4-шы оқушыға:

1.Қай большевик Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату үшін күресті?

2.Черкасск қорғаушылары кімнің әскерімен шайқасты?

3.«Алаш» партиясы қашан құрылды?

4. Қазақ хандығының негізін қалағандар?

5. Түркісіб темір жолы қай жылдары салынды?



5-ші оқушыға:

1.Жезқазған мысын зерттеген геолог кім?

2. «Ақтабан шұбырынды» қай жылдары болды?

3. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?

4.1932 ж.жазылған “Бесеудің хаты” кімге арналды және авторлары кімдер?

5.Қазақстанда қола мәдениетін зерттеген ғалым?



6-шы оқушыға:

1.Азамат соғысы кезінде экономикалық және саяси жүйе

2.Ш.Уалихановтың өмір сүрген жылдары?

3.Қазақтың тұңғыш академигі?

4.Махамбет пен Исатайдың туған жері?

5.1927 ж. қандай ірі құрылыс басталды?



Екінші кезең: «Самғау».

  • Ұпайы көп оқушы бастайды.

  • Жауап 50 ұпаймен бағаланады.Қосымша көмек беріледі және ұпайдың жарты саны азайады.

1)Неліктен сақтар соғысқа аттанарда семсерді жерге шаншып, үстіне қан мен сүт тамызған? Бұның мәнісі неде?

( қанды қырғыннан аман-сау қалуды тілеу )



2)Қазақтар жайлауға көшкенде мал мен көшті жанып тұрған екі оттың ортасынан өткізген.Тек бір түлік от ортасынан өтпеген. Ол қай түлік?

(жауабы: жылқы, оны таза деп есептеген)



3)Бақсылардың зікір салып, ауру адамды айналып шығуы мен қазақтың баланы жақсы көріп, еркелетіп айтатын «айналайын» деген сөзінің арасында қандай байланыс бар?

(Адамды айналып шығу, сол адамның бойындағы бар жамандықты, ауруды өз мойныма аламын деген сөз)



4)Қола дәуіріндегі адамдар есігінің босағасына қай үй жануарының сүйегін көмген?

( иттің сүйегін, себебі оны киелі деп санаған)



5)Геродот скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін жазған. Бұл мүмкін бе?

(мүмкін. Қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген)



6)Парсы саяхатшысы Гардизи: «Ертістен өтсең, қимақтар еліне тап боласың. Оларда табын-табын мал. Бірақ түйе жоқ. Егер саудагер түйесін сол елге бір жылға қалдырып кетсе,түйесі өліп қалады»,- деп жазады.Неге түйе өліп қалады?

(шөптерінде тұз жоқ)



Үшінші кезең «Шарықтау».

  • Мақалды жалғастыру

  • Жауап 20 ұпаймен бағаланады.

1.Туған жердей ....... болмас,

Туған елдей ел болмас

2.Еріншек ....... істейді

3.Білім теңіз, мектеп .....

4.Отансыз ...... ормансыз бұлбұл .

5.Көсем ел бастар,

Шешен .....бастар.

6. ......... пейілді болса

Шәкірті зейінді келеді

Төртінші кезең: «Шырқау».


  • Жанды сұрақтар / қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география, биология, технология пәндері мұғалімдерінің сұрағы.

  • Жауап 30 ұпаймен бағаланады.

Бесінші кезең: «Жерұйық».

  • Логикалық сұрақ.

  • Жауап 40 ұпаймен бағаланады.

1) Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті.Бұлай болу мүмкін бе?

( мүмкін, өйткені қарт 29 ақпанда туылған)

2)Карлик 12-ші қабатта тұрады.Таңертең жұмысқа бару үшін лифтқа кіріп “1” бастырмасын басады да, астыға түседі.Келерде ол 7 қабатқа дейін лифтімен барып,қалған 5 қабатты баспалдақпен мінеді. Неліктен?



(Оның бойы жетпейді.)

3) Тарихта болған көтерілістерді рет-ретімен қойыңдар?

1) Сырым Датұлы 1837-1847ж.ж

2) Исатай мен Махамбет 1773-1775ж.ж

3) Саржан Қасымұлы 1783-1797ж.ж

4) Емельян Пугачев 1825-1836ж.ж

5) Кенесары Қасымұлы 1836-1838ж.ж



Дұрыс жауабы:

1) Емельян Пугачев 1773-1775ж.ж

2) Сырым Датұлы 1783-1797ж.ж

3) Саржан Қасымұлы 1825-1836ж.ж

4) Исатай мен Махамбет 1836-1838ж.ж

5) Кенесары Қасымұлы 1837-1847ж.ж



Алтыншы кезең: «Оратор».

  • Шешендік сөйлеу мәнеріне байланысты.

  • Жауап 50 ұпаймен бағаланады.

1)«Ауылымның көркеюі үшін ....»,

2)«Болашақ мектеп»,

3)«Экологиялық проблемалар»,

4)«Жастар іс басында»,

5)«Қазақстан-2050»

6) «Тәрбие – тал бесігім»

Қорытынды: Әр оқушының сайыстағы жинаған ұпайларын санау, ең көп ұпай жинаған жеңімпаз оқушыны анықтау. Барлық оқушыларды мадақтау қағазымен марапаттау.

Әділ қазы алқаларына және оқушыларға алғысымды білдіремін, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет