АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет50/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

 
 


Пәннің әдебиетпен қамтылуы 
 
№ 
Шифр 
Оқулық авторы, аты-жӛні 
Барлығы  
Шығар
ылған 
жылы 
Кітапха 
нада  
 
Кафед 
рада  
Электрон 
дық 
нұсқасы 
 
 
Негізгі әдебиеттер 
 
 
 
 

 
И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, 
З.О.Ӛнербаева  
Химияны оқыту әдістемесі 
2005 
Аб.13 
Ч.з1-5 



Ч – 493 
Чернобельская Г.М. 
Методика обучения химии 
1979 
15 

 

Ч – 493 
Чернобельская Г.М. 
Методика обучения химии в средней 
школе 
1988 




П - 525 
Полосин В.С., Практикум по методике 
преподования химии 
1980 
10 

 

П - 383 
Плетнер Ю.В., Практикум по методике 
преподования химии 
1991 
10 

 

Е - 806 
Егыгин Д.Г., Методика решения задач по 
химии 
1999 


 

74.264.97. 
З - 70 
Зайцев О.С., Методика обучения химии 
1999 
10 

 

24.1 
Б - 20 
Балезин С.А. Практикум по 
неорганической химии 
1962 
15 

 

24.1 
Г - 63 
Гольдбрайх З.Е., Практикум по 
неорганической химии 
1974 
12 

 
10 
24.1 
я-73 
П - 69 
Подавтор. Л.Ю.Аликберова (и др.) 
Практикум общей и неорганической 
химии 
2004 
Ч.з1 
 
 
11 
74.264.97 
Д -93 
Дьяковин С.В., Профориентация 
учащихся при обучения химии  
1982 

 
 
12 
24.4 
И - 276 
Игровой метод в обучении химии: 
Практическое пособие 
1990 
58 
 
 
13 
74.264.97 
И - 209 
Иванова Р.Г. Изучение химии в 9 классе 
1979 

 
 
14 
74.264.97 
Г - 23 
Гатаулин А.Г., Связь преподавания 
химии с сельским хозяйством. 
1979 

 
 
15 
74.264.97 
Г - 251 
Грабецкий А.А., Использование средств 
обучения на уроках химии   
1988 

 
 
16 
74.264.97 
Г – 751 
Грабецкий А.А., Кабинет химии 
1980 

 
 
17 
74.264.97 
Г – 751 
Ахметова Н.С., Актуальные вопросы 
курса неор.химии 
1991 

 
 
18 
74.264.97 
Г – 547 
Глоризов П.А., Проверочные работы по 
химии для 7-8 классов. 
1989 

 
 
19 
74.264.97 
Г – 938 
Гузик Н.П., Учить учиться 
1981 

 
 
20 
74.264.97 
З – 16 
Зазнобин Л.С., Экранные пособии на 
уроках химии  
1981 

 
 
21 
74.264.97  Зуева М.В., Развитие учащихся при 
1978 

 
 


З – 93 
обучении химии 
22 
74.264.97 
З – 93 
Зуева М.В., Совершенствование 
организации учебной деятельности 
школьников на уроках хим. 
1989 

 
 
 
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі 
 
 
 
 
 
 
 
№  
СӚЖ атауы 
Тапсырылған 
мерзімі 
Қабылдау мерзімі 
Сағат 
саны 
Ұпай 
саны 
СӚЖ 
№1 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№2 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№3 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№4 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№5 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№6 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№7 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№8 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 



100 
СӚЖ 
№9 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 

10 

100 
СӚЖ 
№10 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 

11 

100 
СӚЖ 
№11 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 

12 

100 
СӚЖ 
№12 
Тақырып бойынша 
есептер мен жаттығулар 
орындау 

13 

100 


Дәріс сабақтары 
 
№ 1 дәріс.           Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық жоғары оқу      
                                      орындарының оқу пәні және ғылымы 
 
Жоспар: 
1.  Оқыту  әрекетінің  жеке  бӛліктерін  сипаттап,  олардың  ӛзара  байланысын  кӛрсетіп, 
химияны оқыту әдістемесіне ғылыми анықтама беру. 
2. Химияны оқыту әдісі басқа ғылыммен байланысы. 
3.  Химияны  оқыту  туралы  орыстың  ұлы  ғалымдары  М.В.  Ломоносовтың,  Д.И. 
Менделеевтің, А.М. Бутлеровтың пікірлері, дамуы. 
4. Кеңес ӛкіметі тұсында химияны оқыту әдістемесінің дамуы. 
5. Қазақстан Республикасында химияны оқыту әдістемесі дамуы. 
 
         Химияны  оқыту  әдістемесі  –  мұғалімдер  дайындайтын  университеттер  мен 
педагогикалық  институттардың  оқу  жоспарындағы  негізгі  пәндердің  бірі.  Ол  болашақ 
мұғалімдерді химияны оқыту теориясымен қаруландырып, іс жүзінде күнделікті туындап 
отыратын жеке әдістемелік мәселелерді ғылыми тұрғыдан шеше білуге әзірлейді. 
         Мұнда  химияны  орта  мектепте  оқыту  әдістемесінің  жалпы  және  жеке  мәселелері 
баяндалады. 
         Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша зерттелетін нысаны, оның басқа пәндермен 
байланысы,  қалыптасу  кезеңдері,  Қазақстан  Республикасындағы  химияны  оқыту 
әдістемесінің даму жолдары қарастырылады. Жалпы білім беретін орта мектепте химияны 
оқытудың  мақсаттары  мен  міндерттері,  мазмұны,  оқыту  әдістері  және  ұйымдастыру 
түрлері  мектеп  реформасының  талаптары  мен  тұжырымдамалары  тұрғысынан  талданды. 
Бұл еңбекте орта мектепте химиядан сабақ берудің аса маңызды құралы болып табылатын 
химиялық  эксперименттердің  түрлеріне,  мӛлшерлік  және  эксперименттік  есептерді 
шығару әдістемесіне баса назар аударылды. Химиялық ғылыми тілдің табиғаты, құрамы, 
оқыту  құралдарының  жүйесіндегі  орны,  оқу  –  тәрбие  саласында  атқаратын  қызметі 
семиотикалық және дидактикалық кӛзқарастар тұрғысынан біршама кеңірек талданды. 
         Қазақ  мекетептерінде  химияны  оқытудың  негізгі  ерекшелігі  ғылыми  тілге 
байланысты  екені  ескеріліп,  химиялық  символика  мен  номенклатураның  қазақша 
қалыптасуына  және  даму  кезеңдеріне  қысқага  шолу  жасалды.  Бұл  салада  авторлардың 
ұзақ  жылдар  бойы  жүргізген  зерттеулерінің  нәтижесінде  химиялық  тілдің  оқыту 
құралдары  жүйесіндегі  орны  анықталып,  оны  оқушылардың  жете  игеруіне  мүмкіндік 
беретін әдістер баяндалады. 
         Химияны  оқыту  әдістемесі  педагогикалық  ғылым  әрі  оқу  пәні.  Химия  –  заттардың 
бір –біріне ӛзгеруін зерттейтін ғылым. демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия 
курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін 
зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек. 
         Оған  оқу  үрдісін  ұйымдастыру,  оқушылардың  танымдық  іс  -әрекетіне  басшылық, 
сарамандық  дағдылар  мен  іскерліктер  қалыптастыру,  шығармашылық  қабілеттер  мен 
ғылыми дүниетанымдық кӛзқарастарды дамыту жатады. 
         Келесі мәселе – «қалай оқиды?» - деген сұрақтың жауабына келсек, ол оқушылардың 
іс -әрекеті бойынша анықталады. Химияны оқыту әдістемесіне ғылыми тұрғыдан қандай 
анықтама беруге болады? Бұл әлі күнге дейін толық шешімін таппаған мәселелердің бірі 
болып  саналады.  Кейбір  оқу  құралдарында  мынадай  анықтама  берілген:  бұл  – 
жасӛспірімдерге  химия  ғылымын  үйретудің  қоғамдық  әрекеті  және  оларды  білім  алуға 
тәрбиелеп,  дамыту,  мектептегі  химия  курсының  мазмұнын  оқушыларға  игерту 
заңылықтары туралы педагогикалық ғылым. 


         Химияны  оқыту  әдістемесі  мұғалімнің  оқу  материалын  оқытуы  мен  оқушылардың 
химиялық  білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін 
және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді. 
         Химияны  оқыту  әдістемесі  әрі  ғылым,  әрі  оқу  пәні  ретінде  оқытудың  мазмұнын, 
оқыту  әдістерін  тәрбие  жұмысымен  тығыз  бірлікте,  ӛзара  байланыста  зерттейді. 
Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұны-мақсатын, әдістерін, оқыту 
формалары мен құралдарын,  оқытушы мен оқушының іс-әрекетін бір-бірінен ажыратпай 
біртұтас қарастырады. 
         Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, 
педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет 
болып  табылады.  Педагогикалық  тұрғыдан  қарастырғанда  оқыту  дегеніміз  – 
жасӛспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту 
білім  берудің  мазмұнын  жасӛспірімге  жеткізу  ісіндегі  сабақ  беру  бірлігі.  Ал  әдістемелік 
тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасӛспірімге жеткізу ісіндегі 
сабақ беру мен оқудың бірлігі.  
         Химияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді (1 
– сызбанұсқа). 
Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін 
ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудың 
теориясын  жасайды,  екінші  жағынан,  сол  теорияны  қолдану  арқылы  оқытудың 
сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту 
әдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды ӛзінің әдістемелік негізі 
ретінде пайдаланады. 
  Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, химияны оқыту 
әдістемесі орта метептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға 
сәйкес  мектептегі  химия  курсының  мазмұны  таңдап  алынады.  Ол  мазмұн 
бағдарламаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады. 
 
Әдістеменің  зерттейтін  тағы  бір  мәселесі  –  оқытудың  ұйымдастыру  формаларын, 
құралдарын  және  әдістерін  жетілдіру,  мектептің  алдына  қойылған  жаңа  талаптарға 
сәйкестендіру. 
 
 
1-с ы з б а  н ҧ с қ а   Оқыту әрекетінің жеке бӛліктері 
 
Химияны оқыту 
Мақсаттары мен міндеттері 
Мазмұны 
Оқыту формалары 
Құралдары 
Әдістері 
Сабақ беру 
Оқу 
Нәтижесі 


         Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, ―Химияны оқытудың әдістемесі  – химиядан 
білім  берудің  мазмұнын  және  химияны  оқыту  барысының  заңдылықтарын  зерттейтін 
педагогика ғылымының дербес бір саласы‖ деген анықтама беруге болады. 
         Мұғалімдер  дайындайдын  жоғары  оқу  орындарында  химияны  оқыту  әдістемесінің 
оқу пәні теориялық және сарамандық курстардан тұрады. 
         Жалпы бӛлімде орта мектепте химия курсының мақсаттары мен міндеттері, мазмұны 
мен  құрылысы,  оқулықтары  және  химияны  оқытудың  ұйымдастыру  формалары  мен 
әдістері  талданады.  Жеке  мәселелерін  қарастыратын  бӛлімінде  химияның  теориялық 
кӛзқарастарын  оқып  –  үйрену,  химиялық  элемент  және  реакция,  зат  туралы  негізгі 
ұғымдарды қалыптастыру және дамыту әдістемесі баяндалады.   
         Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері  және оның басқа ғылымдармен 
байланысы. Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді тӛрт 
мәселеге топтастыруға болады. 
1.  Химияны  не  үшін  оқытылады?  2.  Химияда  нені  оқытады?  3.  химияны  қалай 
оқытады? Химияны оқытудың нәтижесі қандай? 
         Бірінші сұрақтың жауабы мектеп химия курсындағы материалды іріктеп алу арқылы 
анықталады.  Ол  үшін  химия  ғылымының  даму  логикасы  мен  тарихы,  теориялық  және 
нақты материалдың ӛзара ара қатынасы ескеріледі. 
         Екінші сұрраққа былай жауап беруге болады: химияны оқыту әдістемесі оқушының 
жас  ерекшеліктеріне  қарай  оқу  материалдарының  мазмұнына  сай  қарастыру  нұсқау 
береді; оқу құралдарын қалай қолдану жӛнінде ұсыныс жасайды; оқушылардың ӛздігінен 
орындайтын жұмыстары мен жаттығуларына бағыт сілтейді. Оқыту үрдісінде ұғымдарды, 
заңдары, теорияларды іріктеп алудың жолдарын қарастырады.  
         Үшінші  сұрақтың  жауабын  оқытуға  байланысты  қарастырылғаны  жӛн.  Оқыту  – 
мұғалімнің  қызметі.  Мұғалім  оқушыларға  химиялық  білімді  меңгертеді,  оны  ақпараттар 
берумен  байланысты  орындатады.  Сонымен  бірге,  химияны  оқыту  әдістемсі  –  орта 
мектептерде  химиядан  сабақ  беретін  мұғалімдерді  жоғары  оқу  орындарында  кәсіптік 
мамандыққа даярлайтын оқу пәні.  
         Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым және оқу пәні болғандықтан, қоғам 
талаптарына  сай  педагогика  ғылымы  анықтап  берген  жалпы  орта  білім  беру  және 
тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес химия пәнінің ӛзіндік ерекшеліктеріне 
негізделіп құрылады. 
         Химияны  оқыту  әдістемесі  алдымен  химия  ғылымымен  тығыз  байланысты 
қарастырады.  Себебі,  химияны  оқыту  әдістемесі  мектеп  химиясының  мазмұнын 
анықтауда  шешуші  роль  атқарады.  Мектеп  химиясы  оқушыларға  химия  ғылымы  ашқан 
теориялар  мен  түсініктердің  негізін  үйретеді.  Химияны  оқыту  әдістемесі  осы  ғылым 
негіздердің неғұрлым маңызды элементтерін, оқып – үйрену нысандарын дұрыс таңдауға, 
оқу  материалдарын  неғұрлым  түсінікті  және  еске  сақтауға  жеңіл  де,  ұғымды  түсінуге 
бағыттайды. 
         Бұл  мәселелерді  үшін  химияны  оқыту  әдісі  педагогикалық  зерттеулерде  кеңінен 
қолданылатын  мына  әдістерді  пайдаланады:  бақылау,  жорамал  жасау,  педагогикалық 
эксперимент, оқу – тәрбие құжаттарын, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық 
және т.б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу т.б. 
         Бақылаудан  алынған  мәліметтерге  сүйеніп,  ғылыми  жорамалдар  жасалады.  Оның 
дұрыстығын  тексеру  үшін  қосымша  бақылаулар  жүргізіледі  немесе  педагогикалық 
эксперимент  қойылады.  Эксперимент  кезінде  құбылыс  бақылаудағыдай  емес, 
зерттеушінің  жорамалына  сәйкес  алдын  ала  жоспарланып,  ӛзгертілген  жағдайда  жүзеге 
асады. Зерттеудің мәселесі  мен мақсаттарына қарай енгізілетін ӛзгерістер де алуан түрлі 
болуы мүмкін. 
         Оқушылардың  жұмыстарын  талдау,  әңгімелесу  және  анкета  алу  арқылы  білім  және 
дағдының  қалыптасу  жайын,  мұғалім  мен  оқушының  зерттеліп  отырған  мәселеге 
кӛзқарасын анықтайды. 


         Химиядан  оқу  материалын  іріктегенде,  кӛрнекі  кӛрсетілетін  және  зертханалық 
тәжірибелерді  жетілдіруде,  кӛрнекі  құралдардың  жаңа  түрлерін  жасауда,  оқытудың 
формалары мен әдістерін жетілдіруде химияны оқыту  
әдістемесінің  ӛзіне  ғана  тән  арнайы  зерттеу  әдістері  қолданылады.  Оларға  жататындар: 
оқу  материалын  іріктеу,  химия  ғылымының  мазмұнын  әдістемелік  талдау,  бұрыннан 
қолданылып  келе  жатқан  кӛрнекі  кӛрсетулерді,  зертханалық  тәжірибелерді,  кӛрнекі 
құралдарды  жетілдіру  және  жаңадан  ұсыну,  оқушылардың  ӛздігінен  істейтін 
жұмыстарының тапсырмаларын жасау, т.б. 
 
№ 2 дәріс.  Оқытудың мақсаттары мен міндеттері 
Жоспар: 
1. Химияны оқытудың мақсаттары. 
2. Химияны оқытудың міндеттері. 
3. Химиядан орта білімнің жеке бӛліктері. 
4. Химияны оқыту барысында тәрбие беру мәселелері. 
5. Химияны оқыту барсында оқушылардың дамуы. 
         Орта  мектепте  химия  оқытудың  мақсаттары.  Жеке  оқу  пәндерінің  мақсаты 
қоғамның  мектеп  алдына  қойған  әлеументтік  талабы  бойынша  анықталады.  Ол  мақсат  - 
әржақты  жетілген,  ӛз  ісіне  сенімі  күшті,  қоғамдағы  түбірлі  ӛзгерістерді  жүзеге  асыруға 
қабілетті  кісіні  тәрбиелеу.  Бұл,  мақсатқа  жету  үшін  мектеп  жасӛспірімдерді  табиғат, 
қоғам,  адам  және  оның  еңбегі  туралы  білім  жүйесімен  қаруландырады,  ақыл  –  ой, 
адамгершілік,  эстетика-лық,  дене  тәрбиесін  береді,  ғылыми  және  ізгілік  кӛзқарастары, 
қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды.  
         Осы  жалпы  мақсатқа  сәйкес  әр  пәннің  алдына  ғылым  негіздерінен  білім  беру, 
тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту мақсаттары да 
қойылады.  Химия  пәні  де  оқушыларға  табиғат  туралы  және  технологиялық  білім  беру, 
ғылыми  кӛзқарас  қалыптастыру,  солардың  негізінде  экологиялық,  экономикалық, 
адамгершілік,  еңбек  және  т.б.  тәрбиесін  беру,  олардың  бақылау,  қабылдау,  түсіну  және 
ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын кӛздейді. Бұл мақсаттар химияны оқыту барысында 
одан әрі салаланып жүзеге асады, олар: 
1. 
Химия  ғылымының  негізін  оқушыларға  игерту  арқылы  үздіксіз  білім  алуға, 
сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру; 
2. 
Химия зертханасында, ӛндірісте, табиғатта және күнделікті ӛмірде 
байқалатын сапалық ӛзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету; 
3. 
Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат 
туралы ғылыми материалистік кӛзқарас қалыптастыру; 
4. 
Заттармен,  құралдармен,  кӛрнекі  құралдармен  жұмыс  істей  білудің  біліктері  мен 
дағдыларын игерту; 
5. 
Білім,  білік  және  дағдыны  оқу  барысында,  ӛмірде,  қоғамға  пайдалы  еңбекте 
қолдана білуге үйрету; 
6. 
Оқушыларды  білім  мен  білік  алу  инициативасына,  дербестікке  және 
табандылыққа тәрбиелеу; 
7. 
Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру. 
Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, 
тақырыптар бойынша ӛткізілетін сабақтарда нақтыланады. 
         Химияны  оқыту  әдістемесінің  міндеттері.  Оқытудың  мақсаты  дегеніміз  – 
жорамал нәтижесі, ол оқытудың қҧралы арқылы жҥзеге асады. Орта мектепке химиядан 
берілетін  білімнің  мазмұны  химия  ғылымының  даму  дәрежесін  ескеріп,  дидактикалық 
талаптарға  сай  таңдап  алынады  және  химия  ғылымының  негізі  деп  аталады.  Химияның 
негізі  үш  салалы  білімнен  тұрады:  заттар  туралы  ілім;  химиялық  теориялар  мен  заңдар 
жӛніндегі білім; химиялық ӛндіріс туралы білім.  


Химиядан  орта  білім  берудің  бірінші  міндеті  –  жаратылыстану  ғылымдарының 
арасындағы химияның алатын орнын кӛрсету.  
      Бұдан  зат  туралы,  деректі  ұғымдар  заңдар  теориялық  мӛлшері  ӛзгеріп  отырады.  Бұл 
ӛзгерісті әр жылдағы бағдарламадан кӛреміз. Оқулықтарда химиялық мазмұнына 3 түрлі 
материалдар кіреді. 
1.  Деректі материалдар; 
2.  Теориялық материалдар; 
3.  Ӛндіріспен байланысты материалдар. 
       Осылардың ара–қатынасы кейінгі шыққан оқулықтарда оны оқытуда ӛзгеріп отырады. 
Бұл  мазмұнның  қалай  ӛзгеретіндігін  оқулықтардан  кӛреміз.  Бұл  мәселе  оқулықтың 
мазмұнын біріншіден дидактикалық принциптеріне сәйкес таңдап алынады. 
    Әр түрлі күрделену сатысында заттарды, олардан түзілетін табиғи және 
жасанды  денелерді  жаратылыстану  ғылымы  зерттейді.  Химия  солардың  бірі  ретінде 
заттардың бір-біріне айналу ӛзгерістерін атом-молекулалық деңгейде қарастырады, ӛзінің 
зерттеу  зерзаты  жағынан  физика  мен  биологияның  арасында  орналасады.  Бұлармен 
физикалық химия, ядролық химия, геохимия, биохимия, т.б. ғылымның жүйесін түзеді. 
 
Химиядан  орта  білім  берудің  екінші  міндеті  –  пәнаралық  байланысты  жүзеге 
асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физиканың 
әдістері  мен  теориялық  кӛзқарастарын  пайдаланады.  Жер  туралы  ғылымдар  (геология, 
минералогия  және  т.б.)    минералдар  мен  тау  жыныстарының  ӛзгерістерін  олардың 
құрамына  кіретін  заттар  деңгейінде  қарастырып  түсінуге  тырысады.  Организмдердегі 
тіршілік  әрекеттерінің  мәнін  физика  мен  химияның  заңдылықтарына  сүйеніп, 
молекулалық биология зерттейді. 
         Химиялық  орта  білім  берудің  үшінші  міндеті  –  табиғаттың  тұтастығы,  онда  жүзеге 
асатын  құбылыстардың  бір-бірімен  байланыстылығы  шарттылығы  жӛнінде  ғылыми 
кӛзқарас  қалыптастыру.  Ӛлі  табиғатты  құрайтын  минералдар  мен  тау  жыныстары,  тірі 
табиғатты құрайтын организмдердің денесі  заттардан тұрады. Заттардың ӛзі  жүзге жуық 
химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бӛлшектерден 
құралады.  
 
Химиядан орта білім берудің тӛртінші міндеті – орта мектептегі химияның негізіне 
кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу. Қазір үш миллионнан астам заттар белгілі, 
олардың саны үздіксіз артуда.Осы миллиондаған заттардың ішінен қайсысы және қандай 
дәрежеде  ӛту  қажеттігін  шешу  –  аса  жауапты  міндеттердің  бірі.Заттар  туралы  білім 
ұғымдардан  тұрады,  олардың  негізгілері  –  химиялық  элемент,  химиялық  реакция, 
химиялық ӛндіріс. 
 
Химиядан  орта  білім  берудің  бесінші  міндеті  –  химия  курсын  құрайтын  ұғымдар 
жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу. 
 
Заттар мен ұғымдар теориялық кӛзқарастар тұрғысынан іріктеп алынады. Олардың 
бірі – теорияны ӛтуге әзірлеу үшін, екіншісі – бекіту үшін, үшіншісі  теорияның негізінде 
оқып  үйрену  үшін  қажет.  Мәселен,  заттардың  қасиеттерін  түсіну  үшін    -  оның  атом-
молекулалық  құрылысын, элементтердің қасиеттерін түсіну үшін атомының құрылысын, 
периодтық заң мен периодтық жүйені білу керек. 
Химиядан  орта  білім  берудің  алтыншы  міндеті  –  орта  мектепте  оқылатын 
теориялардың  мазмұнын,  деңгейін  және  орнын  негіздеу.  Теориялық  білім  деректі 
материалдарды сұрыптау, түсіндіру және болжау, ұғымдарды анықтау міндетін  атқарады. 
         Химиядан  орта  білім  берудің  жетінші  міндеті  –  орта  мектептегі  химия  ғылымының 
негізіне кіретін ӛндірістік материалдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық 
әзірлігін  арттыру.  Бұл  негізді  жүзеге  асыру  үшін  химия  ӛндірістерімен  және  олардың 
ғылыми  негіздерімен  таныстыру,  технологиялық  негізгі  ұғымдарды  қалыптастыру, 
қалаулы  қасиеттері  бар  ӛнімдерді,  бағалы  синтетикалық  материалдарды  ӛндірудегі, 


қалдықсыз  технология  жасаудағы  химияның  мәнін  кӛрсету,  химиямен  байланысты 
мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тәрбиесін жүзеге асыру керек. 
         Химиядан  орта  білім  берудің  сегізінші  міндеті  –  табиғатты  аялай  білуге  баулу; 
химияны  және  химия  ӛнеркәсібін  ӛркендетуге  байланысты  ауаның,  судың  топырақтың 
ластануын  болдырмау;  минералды  тыңайтқыштарды,  ӛсімдіктерді  қорғайтын  заттарды 
пайдаланудың  тиімді  және  тиімсіз  жақтарын  білу;  соңғы  кезге  дейін  химияны  кілең    
мадақтайтын  сыңаржақтылықты  қойып,  оның  табиғатқа,  организмдерге  және  адамның 
денсаулығына тигізетін әсері жӛнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру. 
         Химиядан  орта  білім  берудің  тоғызыншы  міндеті  –  оқушылардың  таным  әрекетін 
жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру. 
         Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті – оқушыларға химияның ғылыми тілін 
жетік меңгерту; Химиялық әдебиеттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын 
қалыптастыру,  сӛйлей  білуге,  ӛз  ойын  анық,  дәл,  жүйелі  және  дәлелді  жеткізе  білуге 
үйрету;  химияның  ӛзіне  ғана  тән  тілдік  құралдарын,  химиялық  символиканы, 
номенклатурасын  және  терминологиясын  жетік  білдіру;  олардың  мағынасы  мен 
құрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.  
 
№ 3 дәріс. Орта мектеп химия курсының мазмҧны мен қҧрылымы 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет