Қорытынды Неопластикалық процестердің этиологиясы мен патогенезін зерттей отырып ғалымдар қатерлі ісіктің пайда болуында канцерогендік факторлар мен ДНК, РНК текті вирустар себепші болады деген тұжырымға келді. Соның ішінде Л. Зильбердің (1955) вирусогенетикалық теориясы эксперимент жүзінде дәлелденді. Иммунитет жүйесі ісікке қарсы қорғаныста зор роль атқарады. Алғаш рет дифференцияланбаған жасушалардың өсуін тежейтін механизмдер болатынын П.Эрлих болжамдаған. Оның ойынша, қатерлі ісік жасушаларының мембранасы өзгеріп, организмге бөгде антиген болып саналады.
Қатерлі ісік клеткаларының өсуін тежейтін механизмдер бар деген Эрлихтың болжамы иммунитет жүйесінің зерттелуі арқасында толық дәлелденеді. Бұл саланың одан әрі дамуына Бернет тұжырымдаған имуниттеттік бақылау концепциясы зор ықпал жасады. Бұл қағида бойынша организмнің генетикалық гомеостазын сақтап тұратын, яғни пайда болатын мутант жасушаларды жойып отыратын жүйе болу керек. Ол иммунитет жүйесі. Бұл тұжырым кейін тәжірибе жүзінже және клиникады толық дәлелденді. Мысалы, тимусэктомия жасалған ышқанда ісік бірден түзіледі. Тимус қызметі бұзылған балаларда рак ауруы сау балаларға қарағанда өте жиі кездеседі. Бүйрек трансплантациясын жасаған адамдарда иммуниодепрессанттар әсерінен қатерлі ісік пайда болу қаупі бірнеше есе өседі. Қазіргі кезде қатерлі ісікке қарсы күресте иммунитет жүйесінің ролі организмнің басқа механизмдерінің ішінде ең басты роль атқаратыны дәлелденді деуге болады, иммунитет жүйесі ісік антигендеріне жасушалық және гуморалдық факторлармен қарсы шығады, бірақ ісік антигендерінің ерекшелігіне байланысты кейде иммунитет реакциялары аса тиімді болмай қалады.
Пайдаланған әдебиеттер 1.Практикум по патологической анатомии c. –х. животных / А.В.Жаров, И.В.Иванов, А.П.Стрельникв и др. М.: -Агропромиздат, 1989.
Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с.- х. животных / А.В.Жаров, М.В.Иванов, А.П.Стрельников и др. – М.: Колос, 1982.
Кокуричев П.И., Домнин Б.Г., Кокуричева М.. Патологическая антомия с. – х. животных. – Атлас. Санкт-Петербург: Агропроиздат, 1994.