Атырау қаласы, Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №8 «Ақбота» шипа -жай типті бөбекжай балабақшасы



Дата28.01.2018
өлшемі58,43 Kb.
#34922
Атырау қаласы, Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№8 «Ақбота» шипа -жай типті бөбекжай - балабақшасы

Тәрбиеші Куспангалиева Лена Заировна.

Эстетикалық панорамалық сайыс.

Тақырыбы: «Балабақша палуаны».
Сайыстың мақсаты:

1.Балалардың қазақтың ұлттық ойындары тақырыбына байланысты алған білімдерін және қзақ халқының мәдениетін,салт-дәстүрін насихаттау арқылы білімдерін бекіту.

2.Сұрақтарға жауап беру арқылы тілдерін дамыту,ойын бекіту.

3Қазақ отбасында ер баланың тәрбиесіне деген сүйіспеншілігі мен құрметін,патриоттық сезімін ояту. Ептілікке,әділдікке,инабаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыбына дайындалған слайдтар,әр түрлі түсті асықтар,қоржындар,аттың бейнесі.

Жүргізуші:

Уа,халайық,халайық.

Мұнда назар салайық

Береке де осында,

Мереке де осында

Болып жатыр той-думан, Қырандардың қасында

Асқақтаған ән дайын.

Күмбірлеген күй дайын.

Ал канекеней қырандар!

Босқа қарап тұрмаңдар!

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғаңдар!

Мерекесі халықтың бәрінің,

«Балабақша палуаны»сайысын бастайық.

Жүргізуші:

-Құрметті ардақты да аяулы тәрбиешілер мен кішкентай бүлдіршіндер!

Бүгін балабақшамыздың дүлдүл,палуан жігітін анықтау мақсатында өткелі отырған «Балабақша палуаны»байқауына қош келдіңіздер!

Ал енді сахнаға сұлу да сымбатты,сыпайы да ұстамды, өнерлі де жігерлі,күшті де сері ұлдарымызды шақырайық.

Құрметті көрермен қауым сайысқа түсетін ұлдарымызды қол шапалақтап,құрметтеп ортаға шақырайық.

1палуанымыз:№15 топ тәрбиеленушісі Ахат Аманат.

2палуанымыз:№15 топ тәрбиеленушісі Тоғайбай Ержан

3палуанымыз:№16 топ тәрбиеленушісі Алғаш Мирас

4палуанымыз:№16 топ тәрбиеленушісі Мұқиденов Нұрдаулет

5палуанымыз:№17 топ тәрбиеленушісі Хабен Фархат

6палуанымыз:№17 топ тәрбиеленушісі Асқалиев Мерей
Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар,бап сыналар,

Бас жүлдені жігерлі,күшті алар.

Кім күшті,кім жігерлі екенін –шешу қиын,

Қазылар алқасы нық саналар.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Кез келген сайыс асық түстеріне қарай бағалануы тиіс.Қызыл түсті асық 5,жасыл түсті асық 4,сары түсті асық3 деген бағамен бағаланады. Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі,дәстүрлі үрдісі, біз де сол үрдіс бойынша әділдігін айтып,тура шешімін шығаратын әділ қазылар алқасына қошемет көрсетейік.

Байқауға қатысатын ұлдарымыз әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілікті,жігерлікті,батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсетулері керек.

Сайыстың шарттары:

1.Өзін-өзі таныстыру.

2. «Білімдіден шыққан сөз»сұрақ-жауап сайысы.

3. «Арқан тарту»сайысы.

4. «Күш сынаспақ» сайысы.

5. «Тауық күрес»сайысы.

6. «Көтермек»сайысы.

7. «Қазақша күрес» сайысы.
1-сайыс: Өзін-өзі таныстыру.

Жүргізуші:

Балалар бүгін бізге қонақ келмекші.Біз көктем мезгілінде Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесін атап өткен болатынбыз. Сол Наурыз мерекесінде палуан ағаларымыздың арасында үлкен палуан сайысы өткен болатын. Үгінгі мерекеміздің қонағы сол сайысымыздың жеңімпазы Серік палуанымызды ортаға шақырамыз. Бізге Серік палуанымыз бос келген жоқ. Ол өзімен бірге алтыннан жалатылып жасалған қара белбеуді алып келді,ол белбеуді бүгін осы сайыста жеңімпаз атанған палуан балаға тарту етпекші.

Палуан балалармен амандасады, сәттілік тілейді.

Жүргізуші:

Бірінші сайысымыз «Өзін-өзі таныстыру». Сайысқа қатысушы ұлдарымыз көпшілікпен сәлемдесіп,өздерін таныстырады. Болашақ палуандарымыздың бойында қандай қасиеттер болуы керек.

Ей ұлдарым!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Таныстырып өздерін тақпақтапты.

Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға

Ұлдарымыз аянбай-ақ жан салыпты.

1сайыстан кейін өзін-өзі таныстыру сайысын таразылап,әділ қазылар бағасын беріңіздер.Бағалау.

2-сайыс:

Жүргізуші:

«Білікті бірді жығады,білмді мыңды жығады» дейді халық. Енді жігіттеріміздің білім деңгейінің қаншлықты екенін пайымдайық. «Білімдіден шыққан сөз» сайысы. Бұл сайыста экраннан суреттер беріледі. Сол суреттер бойынша берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Жүргізуші:

Қазіргі таңда жалпы қоғам алдында қойылып отырған басты мақсат –салауатты өмір салтын құру. Берік қоғам құру үшін қоғамда денсаулығы мықты азаматтардың көп болуы қажет. Біздің ұлдарымыз ертеңгі берік қоғамның негізі бола ала ма?Олардың спортқа деген бейімділігі қандай?
Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай,-демекші енді ұлдарымыздың спорттық жарыстардағы өнерлерін көріп бағалайық.

3сайыс: «Арқан тартыс»

Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызылады және сол сызықтың екі жағына тұрады,арқанның екі ұшынан ұстайды.Тартыс кезінде қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал,еүші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.

4сайыс: «Күш сынаспақ».

Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын үстелге тіреп қолдарын айқастырады.Кім білекті жықса сол бала жеңіске жетеді.

5сайыс: «Тауық күрес».

Дөңгелек сызылады,соның ішіне екі бала сол қолын артына ұстап тұрады,ал оң қолымен оң аяғын ұстап бір аяқпен секіреді.Тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуі тиіс. Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жтілдіреді. Қайсысы сүрініп жығылса,сол ұтылады.

6сайыс: «Көтермек»

Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бір-бірін көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де, басқа балалармен бірге күш сынасады.

7сайыс: «Қазақша күрес».

Ортаға екі бала шығады.Қолдарын белдеріне қапсыра ұстап күресу керек.Қайсысы сүрініп жықса,сол бала ұтылады.Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де,басқа балалармен бірге күш сынасады. Бағалау.

Жүргізуші:

Сайысымыз аяқталды. Сайысымыздың соңғы қорытындысын шығарғанша,балабақша тәрбиеленушілерінің өнерін тамашалайық.

Ұлдарым,жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде

Кезекті әнге берейік.

Концерттік номерлер.

Жүргізуші:

Ұлдарым,қалқып бақыт аралында

Лайым мұң түспесін жанарыңа

Осыменен айысымызды аяқтайық.

Сөз берейік әділ-қазы алқасына.

Әділ қазылар алқасы ұлдарымыздың сайыстарын таразылап, «Балабақша палуанын» атасаңыздар.

Жүргізуші:



Бақыттарың бастан кетпесін,

Жамандық жетпесін

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет