Атырау облысы Атырау қаласы №35 мектеп – гимназиясысының 2 в сынып оқушысы Нағым Мерует Нұрланқызы Жетекшісі: №35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнур Асхатовна «Ең үздік ғылыми жоба»



бет3/6
Дата13.03.2023
өлшемі420,4 Kb.
#172221
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0-97830200-1491816855

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ ұлттық ою-өрнектері туралы тарихи зерттеулер жүргізе отырып, күнделікті өмірде жаңа заман ағымына сай пайдалануды талқылау.


Болжам: Ұлттық ою-өрнек түрлетін күнделікті өмір көрінісі ретінде қалыптастыруға баса мән бере отырып,ою-өрнектің түрлері мен дайынлалу жолдарын өз бетімен үйрену және қолдану мәселелерін алға қойсақ, ұлттық болмысымыз айқын әрі мықты болады.


Зерттеу жұмысының міндеті: Ұлттық ою-өрнек бедерімізді көне мұра ретінде таныту арқылы түрлері және жасалу әдіс-тәсілдерінен танымдылықтарын арттырып, болашақтағы дамуы мен тәрбиелік мәнін ашу,


Тақырыптың өзектілігі: Ұлттық ою-өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың ою-өрнегінің өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу


Зерттеу әдісі: Сауалнама, сұхбат, бақылау жүргізу; ою-өрнектерге байланысты материал жинақтап, оны іріктеу,талдау, жүйелеу әдістері


Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай қолданысқа енгізу.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: аңдатпа, кіріспе, негізгі зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
«Оюы көптің өрнегі көп,
өрнегі көптің ермегі көп»
Халық мақалы
Қазақ ұлттық ою - өрнектерінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ұлттық ою - өрнектер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эститикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым - қатынаста болғандығы мәлім. Сондай - ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Сондықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою - өрнектерді көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Қазақ ою - өрнегін зерттеген Еуропа, орыс ғалымдары қате пікірлер айтып, осы өнердің дамуына кедергі туғызды.
Қазақ қолөнерін зерттей келе ою-өрнек өнерін жоғары деңгейде дамып қана қоймай, көршілес елдердің қолөнеріне үлкен әсер еткізгеніне көз жеткіздік. Қазақ ою - өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы - Төлеу Бәсенов.
Ол қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп, көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран оюларынан басты айырмашылығы ою өрнектің әрбір элементі дара тұрады.
Төлеу Бәсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер туындыларын альбом етіп шығарып, әсемдік тектес ою - өрнектердің даму тарихын және оншақты ою нұсқасын қалдырды. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретінде, біз қолданып жүрген ою - өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі. Туымыздан орын алған ою - өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаматтығымыздың нышаны - көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою -өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер туындылары мұражайда ғана сақталды. Көбінесе бұл өнер туындыларына ескінің сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.
Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып,байытушы. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Менің пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Ою-өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп, жемістене береді.
Ою-өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Осы ою-өрнекті өз өмірлерінің мәні мен сәніне айналдырғаны сонша ою-өрнек туралы бірнеше аңыздар мен ертегілер де бар.
Қазақ ою-өрнегі әлі түбегейлі зерттеліп болған жоқ,дегенмен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге архитектор - ғалым Төлеу Бәсеновтың ою туралы біраз деректер қалдырғанын білеміз.Сол ою-өрнек саласын зертеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп,мынадай топтарға бөлген.
1.Өсімдік типтес ою-өрнектер («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»);
2.Зооморфтық-ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері)
«қошқармүйіз»,және оның түрлі нұсқалары «қосмүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», сондай-ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты»;
3.Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз»)
Қазақ ою-өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда жаңа мазмұнда қолдануда. Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзінің тұрмыс жағдайын, ақыл-парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік, тәлім-тәрбие ұғымдарын кілемшедегі ою-өрнек нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен жеткізіп отырған. Жоғарыда аталған негізгі ою-өрнек түрінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданылатын ою-өрнек элементтерінің мынандай атаулары бар:
а) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпір-қосақ, т.б.
ә) заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ, т.б.
б) эпиграфиялық өрнектер – яғни, жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.
в) ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен-таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері: тұмар, айшық, босаға, абақ, тарақ, көз, шөміш, шылбыр, көсеу, ашамай, т.б.
Қазақ ою-өрнегі бейнелеу өнерінің сәндік үлгісі ғана емес, ол философиялық ойға, терең мағынаға негізделген.
Ою-өрнектегі әшекей белгілер халықтың қоршаған орта, өмірі туралы ұғым-түсінігін, ойлау жүйесінің, көркемдік ой–қиялының көрінісі.
Мұндағы түр мен түстің символикасы, магиялық нышан белгілері біртұтас образ ретінде белгілі бір мағыналық қызмет атқарады. Көгілдір түс, әдетте аспанды, қызыл түс – от пен тіршілік негізін бейнелесе, жасыл түс – көктем мен гүлденудің, ақ түс – адам өміріндегі жоғарғы құндылықтардың, сары түс – даналық пен ақыл–ойдың, ілім – білімнің нышаны саналған.
Ою деген сөзбен өрнек сөзінің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер су,көшіп қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою үлгілерін жатқа жасап,оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «Оюшы»деп атады. Әрбір елде,әрбір руда атағы шыққан оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне тоқталсақ,



Тұмарша көне дәуірден тіл көзден кесір-кесапаттан сақтайтын киелі ұғым болып қалыптасқан бұйым. Тұмарша ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет