Атырау облысы Атырау қаласы №35 мектеп – гимназиясысының 2 в сынып оқушысы Нағым Мерует Нұрланқызы Жетекшісі: №35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнур Асхатовна «Ең үздік ғылыми жоба»


апай осы ою өрнектермен жұмыс жасауды қайдан үйреніп алдыңыз?



бет6/6
Дата13.03.2023
өлшемі420,4 Kb.
#172221
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0-97830200-1491816855

.....апай осы ою өрнектермен жұмыс жасауды қайдан үйреніп алдыңыз?
Менің әжем ою өрнек шебері болған.Әжемнің қасынан бала кезімнен қызығушылық танытып,осы өнерді баулимын деп ынталанып жүргем.
Апай қандай ою өрнекттерді көптеп қолданасыз?
Көбіне «қошқармүйіз» оюы түгеліне жатық, сондықтан соны қолдану ыңғайлы.
Ал сіз осы оюларды қандай қолөнерде қолданасыз?
Мен оюларды қолөнердің көп түрлеріне қолданамын, әсіресе, үлкен мекемелер салтанатты киім үлгілері мен қазақ ұлттық киімдер үлгілерін ұсынады. Сол кезде олардың дизайндарында көптеген қазақ ұлттық ою өрнектер қолданыста болады. Сонымен қатар жарнамаларда, жарнамалық ілінімдерде, марапаттауларда, ұлттық рәміздерде және кітап журналдарда қолданылады. Осы сұхбаттан кейін маған ой келді жарнамалық агенттікке барып, қаламыма ою - өрнек жапсыртып алмасқа деген. Сөйтіп мен ою өрнекпен өрнектелген қалам ұстап жүрмін. Оқушылардың барлығының назары түсті. Алдағы уақытта сынып ішіндегі оқушыларға да күнделік мұқабасына барлығымыз бірдей етіп, ою - өрнекпен көмкерілген мұқаба ұстауға ұсыныс жасадым. Сыныбымдағы оқушылар келісті. Бұл жобамды алдағы уақытта мектепке де айтқым келеді. Осылай қазақ ою – өрнектері күнделікті оқушылар көз алдарында жүргенде, біздің ұлттық салт – дәстүріміз ұмытылмай, ұрпақтан – ұрпаққа мұра ретінде қалатынына сенімім мол.


Қорытынды:
Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Міне, осы ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар, бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі адамдардыкі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жайттары алға тарта бастауда. Қазақ халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Оның ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы. Ұлттық ою-өрнектердің бүгінгі заманға пайдасы зор. Ендігі міндет ұлттық дүниетанымын ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу. Қазақ қолөнерінің күрделі саласы ою-өрнекті әлі де ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттей түсу қажет.
Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, теңдік, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық,
ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген құштарлық жиын-тығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ою-өрнек ой айтар... Авторы: З.Ақайқызы Алматы «Рауан» 1986ж.

  2. Сен білесің бе? «Ұлттық ою-өрнектер»

  3. Қазақ халқының дәстүрлі өнері Авторы: М.Өмірбекова «Алматыкітап» ААҚ, 2003ж.

  4. Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері Алматыкітап 2003ж.

  5. Қосымшалар:

  1. Ою-өрнектер бейнеленген бұйымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет