Атырау облысы білім беру басқармасы


Мұнай мен газды кəсіпшілікте дайындау



бет12/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
Мұнай мен газды кəсіпшілікте дайындау
Мұнай мен газдың араласып кетуінен пайда болатын бөлігіштігі қиын қоспаны мұнай эмульсиясы деп атайды. Эмульсия бір сұйықтықтың ерімейтін тамшыларына қаныққан зат. Мұнай эмульсиясының түзілуіне қолайлы жағдай бар, себебі жер қабаттынан шығып ең соңғы айырғыш қондырғыларға жеткенге дейін үдейі араласуда болады. Кəсіпшілік тəжірибесінде көбінесе «су мұнай ішінде» эмульсиясы орын алады. Басқалардан бұл эмульсияның ерекше айырмашылығы судың өте ұсақ тамшылары мұнай ішінде жүреді. Мұнай эмульсиясының тұрақтылығы əдетте жоғары болады. Жəй тұндыру мен суды мұнайдан ажырату мүмкін емес, ол үшін эмульсияны арнаулы өңдеуден өткізу керек.
Өңдеу алдындағы мұнайды дайындау екі операцияға бөлінеді: Сусыздандыру, тұзсысдандыру.
Сусыздандыру-деэмульсация-мұнайдан суды жəне басқа қоспаларды айыру. Сусыздандырғанда мұнайдағы мөлшері 1-2%- ке, тұзсысдандырғанда 0,1%-ке жеткізіледі. Онымен қоса бұл үрдісте тұздан айыру үрдісі жүреді. Бұл үшін мұнайды тұщы су қабатынан өткізеді, сонда мұнай құрамындағы тұз суға еріп онымен бірге кетеді.
Мұнай эмульсиясын бұзу үрдісін 2-кезеңге бөлуге болады:
1.Ұсақ су тамшыларының тұтастануы
2. Іріленген су тамшыларының тұнбаға түсуі. Бұл үрдістерді жылулық, химиялық жəне электрлік əдістермен іске асыруға болады. Жылулық əдісімен тұндырғанда мұнайды 45-80о С дейін қыздырады. Əрі қарай тұндырған бірнеше сағат ішінде су мұнайдан бөлініп резервуарларға барып жиналады да, одан кейін канализация торабымен
сыртқа шығарылады.
Мұнайды деэмульсациялауды жылулық əдіспен өткізегенде,
қыздырудан эмульсияның тұтқырлығы төмендеп, су тамшылары тұтасып тұнбаға түсу принципіне негізделген. Эмульсияны айыру резервуарларда, жылу алмастырғыштарда немесе құбырлы пештерде өтеді. Химиялық əдіс. Эмульсия құрамындағы мұнай мен суға химиялық реагент-деэмульгаторлармен əсер етуге негізделген. Деэмульгатор ретінде түрлі ионогенсіз беттік əрекетті заттар (БƏЗ) қолданылады. Олар этилен тотығы (ОП-10, дипроксамин, дисольвант т.б.). Деэмульгатор шығыны аса үлкен емес, 1т өңделген мұнайға 30-100гр-ға дейін. Деэмульгатор мұнайға қосылғанда екі фазада да ерігіштігіне байланысты. Ішкі фазаға еркін кіріп эмульгатордың қабығын бұзады, су-мұнай шекарасындағы тартылу күшін əлсіретеді де, эмульсияны ыдыратуына соғады. Эмульгаторлар-эмульсияны айырғыш. Деэмульсия əдісі-мұнайдан суды жəне басқа қоспаларды айыру.



9

10

09



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет