Атырау облысы білім беру басқармасы


Мұнай мен газды жинау және пайдалану жүйесі және оны кәсіпшілікте дайындау



бет11/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
8.Мұнай мен газды жинау және пайдалану жүйесі және оны кәсіпшілікте дайындау
Мұнай скважиналарының өнімі - мұнай газ жəне жер асты қабатының суынан тұрады. Мұнай мен судың тығыз араласуынан көбінесе қоспаэмульсия түзіледі. Судың өте ұсақ тамшылары мұнай ішінде араласып жүретіндіктен олар бір-бірімен қосылып, тұнбаға түспейді. Газ скважиналарының өнімінде газдан басқа су тамшылары мен буы, ал газконденсат скважиналарында мұнымен қоса сұйық көмірсутектер де кездеседі. Газ бен сұйықтан басқа механикалық қоспалар да болады. Олар жер асты қабатынан бірге шыққан құм мен саз, балшық түйіршіктері. Мұнай мен газды жинау, тасымалдау, бір-бірінен ажырату үшін сол сияқты бөтен қоспалардан бөліп алу үшін мұнай өндірісі территориясында құбыр жүйелері, аспаптар, ғимараттар салынады. Олар төмендегідей қызметтер атқарады:
1.Скважина өнімдерін жинау жəне өлшеу.
2.Мұнайдан газды айыру.
3.Мұнай мен газды судан жəне механикалық қоспалардан бөліп алу.
4.Мұнайды жинау жəне өлшеу қондырғыларынан резервуарлар паркіне, ал газды компрессорлық станцияларға немесе газ тарату тараптарына тасу.
5.Мұнайды сусыздандыру кейде тұзсыздандыру мен тұндыру. Оны тұрақтандыру, яғни одан көмірсутектерін шығару.
6.Газ құрамынан керексіз қоспаларды шығарып алу.
7.Мұнай мен газ өндіруді есепке алу жəне оларды көлік ұйымдарына табыс ету.
Мұнай мен газды жинауда, тасымалдауда, өңдеуде белгілі бір үлгі жоқ.
Жергілікті жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Яғни кəсіпшіліктің географиялық орнына, скважиналардың ара қашықтығына, өндірістің көлеміне, скважиналарды пайдалану əдісіне, мұнайдың сапасына, оның сулылығына қарай үлгілер өзгеріп отырады. Дегенмен, қазіргі жинау, тасымалдау, өңдеу үлгілері негізгі бір ортақ ережелерге-жеңіл фракциялардың ұшып кетпеуінен сақтандыру, мұнайдың атмосферамен жанасуын қадағалау, мұнайдан су мен газ жəне механикалық қоспалардың неғұрлым толық бөлінуін қамтамасыз етуіне сəйкес келу керек. Бұл ережелерге белгілі бір аудандағы бір немесе бірнеше кен орындарға қызмет ететін мұнай жинаушы пунктерінде орталықтандырылған көп сатылы айырғышы бар арынды жүйелер сай келеді. Мұндай жүйе бойынша скважина өнімдері мұнай сағасындағы қысым (0,6-1,0 МПа жəне жоғары) əсерінен топтап өлшейтін айырғыш қондырғысы (ТӨАҚ) арқылы жинағыш коллекторға бағытталады, одан кейін мұнайды дайындау қондырғысымен (МДҚ), товар паркінен (ТП) кейде газөңдеу зауытымен бір территорияда орналасқан орталықтандырылған айырғыш қондырғыға (ОАҚ) келіп түседі. ОАҚ-да үш-төрт сатыдан өтеді.
Технологиялық жүйе бойынша мұнай газ жəне су дайындайтын үлгіні мынадай элементтерге бөлуге болады:
1-бастапқы жинау-өлшеу қондырғылары.
2-бірінші сатыдағы айырғыш қондырғылар жəне сорапты сығу станциялары.
3-екінші жəне үшінші сатыда соңғы айырғыштары бар дайындау жəне мұнайды өткізу орталық пункті; мұнай дайындау қондырғысы; резервуарлар паркі; мұнайды автоматтандырып өткізу қондырғысы.
4-газ жинайтын компрессор станциялары жəне газбензин зауыты.
5-жер қабатына су айдау үшін су дайындайтын пункт.
Мұнай мен газды жинайтын техникалық жүйедегі айырғыш қондырғылар сұйықты газдан бөлу үшін. Сұйық пен газ шығынын өлшеу үшін газ өңдеуші зауытқа не басқа тұтынушыларға компрессорсыз тарату үшін сол сияқты мұнай мен газ жинау жəне сорап қысымын газға қаныққан мұнайды тарату үшін қолданады. Көбінесе бір буферлік гидроциклондық айырғыш қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет