Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет13/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

Назар аударыңыз!
Сызықша



Қойылатын орны

Мысалы

1

Бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан Жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе

Мен, Әсет, Самат – үшеуміз доспыз.
Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды.

2

Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан

Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды.




3

Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса

Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады.

4

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас

Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.

5

Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе

Есікті ашып қалса – маңдайына тас келіп тиді

6

Мақал-мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста

Гүл шықса – жердің көркі,

қыз туса – елдің көркі.



7

Мақал-мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда

Асыл – тастан, ақыл – жастан.

8

Төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады

- Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті.

9

Жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылды

Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды.




Жазылым
6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Сөз сөйлеуге бірден-бір...... , сөзсіз, ...... екенін еске ұстау.

2. Қазіргі таңдағы... телехабарларға... үйренген, сәйкесінше... да... сөйленген сөздерді қалайды.

3. Сөз сөйлеуге бірден-бір тиімді мерзім, сөзсіз, таңертеңгілік уақыт екенін еске ұстау.

4. ... бар-жоқтығын, оны...қажет, қажетсіздігін... жоспарлау.

5. Ойды... , алаңдататын өзге... болмауын тексеру.


7-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Шешен, бала, байлық, бақ туралы қандай түйінді ой айтады. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыз.
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт :

- Ақ ата (Бөлтірікті жұрт осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? – дейді. Сонда Бөлтірік: - Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала – артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас- жораңмен, ағайын – туысыңмен, ел – жұртыңмен «сіз-біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Оларға жүрегің жылы болса, қайғың – күл, қуанышың – от! – дейді.



Шешендік сөздерден.

8-тапсырма. «Сөзді тап» ойыны. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мына мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыз.

1. ... ауыз сөздің

Тобықтай түйіні бар.

2. Тіл - ... жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

3. Өткір... – дарын,

Ұзын тіл – жауың.

4. Білімдіден шыққан... болсын кез.

5. Айтушы ақылды болса, ... дана болады.
Керекті сөздер: тас, талаптыға, тыңдаушы, тоқсан, тіл.
9-тапсырма Әйтеке бидің шешендік сөзін жаттап алыңыз.

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды

Ашу деген – ағын сөз,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген – дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек

Туысқан соң сөз қуыспау керек

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады



Тапсырма. Басқа да би-шешендердің шешендік сөздері туралы қосымша мәлімет іздеңіздер. Сайт: www.google.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz

10-тапсырма. Төмендегі сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, бірнеше сөз тіркесін құраңыздар. Олардың мағынасын таратып айтыңыздар.

Үлгі: Өткір - өткір тіл, өткір көз, өткір ой, өткір сезім.
Өткір, биік, терең, айлалы, шолақ, кәрі, жас, шебер, олақ, жылы, құнарлы.
11-тапсырма. Мына сөздер тілдік қолданыста қандай мағынада жұмсалады? Сөз арасында қолданылғанда қандай мән, сипат береді? Әр сөзге мысал келтіріңіз.
Кешіріңіз, қиын болмаса, айып етпеңіз, мүмкін болса, тілеуіңізді берсін, қолайлы деп білсеңіз, орынды деп тапсаңыз

Даналық мәйегі



Т Е С Т
1. Сөз сөйлеуге қай уақыт тиімді?

А. Түскі;

Ә. Таңертеңгілік;

Б. Бесін;

В. Кешкілік.

2. Мінбеде өзіңді қалай ұстаған дұрыс?

А. Бірқалыпты;

Ә. Жоғары;

Б. Орташа;

В. Дұрыс.

3. «Кеңес» дегенді қалай түсінесіз?

А. Кеңесу;

Ә. Ақылдасу;

Б. Бірігу;

В. Бас қосып ақылдасу, ойласу.

4. Ашу бар жерде ақыл тұрмайды

Ашу деген – ағын сөз,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген – дария,

Алдын тоссаң, тоқырар – қай шешеннің сөзінен алынған?

А. Қазыбек би;

Ә. Әйтеке би;

Б. Төле би;

В. Саққұлақ.

5. «Білімдіден шыққан сөз ... болсын кез» мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді белгілеңіз.

А. Талаптыға;

Ә. Тыңдаушыға;

Б. Білгірге;



В. Айтушыға.

8-САБАҚ. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН

ҚАТЫНАСЫҢЫЗ ҚАЛАЙ?




Тілдесім
Сұхбаттасайық!
1. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не?

2. Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарына көңіліңіз тола ма?



3. Сізді бүгінгі таңда қандай тақырып толғандырады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет