Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет9/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Тілдесім
Сұхбаттасайық!

– Тыңдай білу білігі дегенді қалай түсінесіз?

– Сөйлеушінің әңгімесін мақсатсыз, жүйесіз деп тапсаңыз, оны қалай тоқтатар едіңіз?

– Баяндамашыға сұрақ қойылған жағдайда жауап беру міндетті ме?


Оқылым




1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.
Ел арасында «тыңдауға алғашқы, ал сөйлеу қажет болғанда, соңғы болу» ұстанымы бар. Демек, тиімді сөз сөйлеу көпшілік жағдайда тыңдай білу білігіне байланысты. Өкінішке орай, адам атаулы айтылатын мәселенің көпшілік ретте қызықсыз, тартымсыз боларын күн ілгері кесіп-пішіп жатады. Олар ең әуелі тыңдап алудың орнына, сөйленер сөзді іштей сынға іледі. Өзге нәрсені ойлап отырып, тыңдаған қалып танытады. Олар мәселенің жекелеген тұстарына ой жүгірте отырып, негізгі ойларды өткізіп алады.
Ал іскер маманның тыңдау білігін қалыптастыру үшін қандай жіктемелерге сүйенуге болар еді. Жалпы атқарар міндетімізге байланысты тыңдау білігінің қырлары да сан түрлі. Кейбірі төмендегіше:

  • Біреуге бағынышты адам ретінде берілген бұйрықтар мен нұсқауларды мұқият тыңдау. Бұл ретте сіз ақпараттық процессор міндетін атқарасыз. Бұл орайда өзіңізге тиісті деректерді алу өте-мөте қажетті. Ал ол үшін, қысқаша жазба жүргізу; анық түсіну мақсатында сұрақтар қою; терең ұғыну мақсатында түртіп алынған түйіндерді қайталап айтып көру; ереже-нұсқаулықтарды шұғыл түрде парақтау тиімді;

  • Иықтас тең дәрежедегі іскер маман ретінде айтылған ақпараттарға екеуаралық оңтайлы шешімдерге қол жеткізу үшін, өзара ынтымақтастық жоспарларын құра отырып, алуан проблемаларды тиімді шешу үшін ден қойып, құлақ салу. Бір командада жұмыс жасаушы белді мүше ретінде сіз айтылғандарды сүзгіден өткізе баға беруші болуыңыз қажет. Бұл тұрғыдан келгенде ешбір ескертусіз-ақ құлақ қоя тыңдау аса маңызды;

  • Жоғары дәрежелі басшы ретінде өзіңізге бағыныштыларды (өз қарауыңыздағыларды) қайтарымды байланыс алу үшін тыңдау. Маңғаздана, жаза қолдану мақсатын аңғарта тыңдау қажетті қалыпты жағдайды бұзуға сеп. Сіз сөйлеушілерді шынайы да адал баяндау жағдайын туғызар қалыпта тыңдауыңыз қажет. Өзіңізге бағыныштылардың, олардың ойларынша, сіз естігіңіз келіп отырған жайтты ғана айтқанын қаламайтын шығарсыз.

Жинақталған әлеуетті проблемаларды айқындау үшін, істің даму үдерісін бағалап, ілгері атқарылар жұмыс жоспарын топтастыру үшін, сізге шынайы кері қайтарымды байланыс ауадай қажет. Ең әуелі сөйлеушіні мұқият тыңдап алып, кейін істің даму үдерісінің толық көрінісін айқындау мақсатында қосымша сұрақтар қоюға әбден болады. Айтылған мәселелерді де, айтылмай қалған тұстарды да сыни тұрғыда тыңдаған дұрыс;

  • Өз ұжымыңның өкілі ретінде сізге баса айтылғандарды мұқият тыңдауға тиіссіз. Өзгелердің сізге тікелей бергісі келмеген ақпараттық кеңестерін, өзіңізге қажетті дерек көздерін алуға ұмтылуыңыз қажет. Өзіңіздің және ұжымыңыздың мүмкіндіктеріне қатысты нарық туралы ақпараттарды сүзгіден өткізе ден қоя тыңдағайсыз. Сондай-ақ бұл ретте өз істеріңізге қатысты жұртшылық пікіріне де құлақ салудың еш артықтығы жоқ.

Демек, тыңдай білу білігі белгілі бір дәрежеде күш-жігерді талап етеді. Ал іскерлік қарым-қатынаста бұл өте маңызды дағды. Белгілі бір хабар-ақпараттан іс-әрекет туындайды. Егер де ұсынылған хабар дұрыс ұғынылмаған болса, онда оның нәтижесі ретінде көрініс беретін іс-қимыл айтылған хабардың талаптарына сәйкес келмейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, іскер маманның тыңдау білігін қалыптастыру сатыларын төмендегіше жүйелеуге болар еді:



Тыңдауға дайындалу. Сөйленген сөз өзіңізге жақсы естілетін жерге ыңғайлана орналасу. Қажеттілігіне қарай есікті жауып қою, телефон қоңырауына жауап қайтармау. Бар назарыңызды сөйлеушіге аудару. Оның көзіне назар салу. Алдын-ала түйін жасаудан, алдын-ала сенімсіздіктен аулақ болу. Айтылғандарға келіспесеңіз де, сөйлеушіні тыңдауға берік шешім қабылдау. Сабырлы да байсалды қалып ұстану. Сөйлеуші адамды ең соңына дейін тыңдау;

Сөздің ағымын бұзбай тұтас тыңдау. Адамның сөйлеген сөзінен ойы жүйрік екенін ескеру. Айтылғандарды ойлана қабылдау, десек те ой тұңғиығына сүңгіп адасып қалмау. Себебі осындай сәттерде кейбір маңызды тұстарды өткізіп алуыңыз әбден мүмкін;

Негізгі ойды мұқият тыңдау. Сіз сөз соңында негізгі идеяларды қайталай алуыңыз керек. Егер де тек деректер мен мысалдарды ғана тыңдасаңыз, онда маңызды мезеттерді өткізіп алуыңыз ғажап емес;

Жанама ойларды орталық идеялармен байланыстыру. Егер де сөйлеуші өз ойын бүкпесіз, астарсыз тура айтып жатса, онда оларды түсіну жеңіл. Ал олай болмаған жағдайда бұл салада ойлана бас қатыруға тура келуі мүмкін;

Тыңдауға жауапкершілікпен сергек қарағайсыз. Қашан да сергек, сақ болғайсыз, аса мұқият тыңдау қалпында қалғайсыз. Сөйлеушінің сізден өзіне пайдалы, аса қажетті кері байланысты алуына мүмкіндік жасағайсыз. Ал бұл сіздің дауысыңыздан, тұлғаңыздан және көз жанарыңыздан көрініс бермек. Тіпті бұл арада сіздің дауыстап сөйлеуіңіз міндетті емес;

Сөйлеушінің қалпына не қалай сөйлегеніне емес, сөйленген сөзге (сөз мағынасына) басымырақ назар аудару. Сөйлеушінің киім киісі не ым-ишараты, сөйлеу стилінен гөрі, идеялар мен деректер қашан да маңыздырақ, т. б.

Ал іскерліктегі сыни тұрғысындағы тыңдау хақында не айта аламыз. Жалпы сыни тұрғыда тыңдау дегеніміз – айтылғанды өзгеріссіз дәл тұтас қалпында қабылдамау. Естігенін сыни тұрғыда таразылай білетін тыңдаушы ойша өзіне төмендегідей сауалдарды қоя білгені жөн:



  • Айтылған сөздердің астарында не болуы мүмкін?

  • Айтылған ойдың мақсаты қандай?

  • Не қалыс қалдырылды?

  • Айтылғандарға неге сенуге тиіспін?

  • Түйіндердің маңыздылығы неде?

Плутархша түйіндесек: «Тыңдай білуге үйренсеңіз, тіпті нашар сөйлейтіндердің өзінен де пайда табуға болады».
2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Көпшілік жағдайда

Тыңдай білу білігі

Тиісті деректер

Оңтайлы шешім

Өзара ынтымақтастық

Қайтарымды байланыс

Даму үдерісі

Өз ұжымы


Ақпараттық кеңес

Ойы жүйрік

Кері байланыс

Көз жанары

Таразылай білетін

Сыни тұрғыдан

Түйіндердің маңыздылығы



3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Тиімді сөз сөйлеу неге байланысты?

2. Тыңдау білігінің қырларын атаңыз?

3. Іскер маманның тыңдау білігін қалыптастыру сатылары қандай?

4. Жалпы сыни тұрғыда тыңдау дегеніміз не?

5. Тыңдаушы өзіне ойша қандай сауалдар қойғаны жөн?


4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз.

1. Тыңдарманның таразылай білуі;

2. Тыңдау білігін қалыптастыру сатылары;

3. Тыңдау білігінің қырлары;

4. Тыңдай білу білігі;

5. Жалпы сыни тұрғыда тыңдау.






Сөз мағынасын саралайық!

Тыңдалым

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет