Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет7/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Сұхбаттасайық!
– Аудиторияның қандай түрлерін білесіздер?

– Аудиторияның ықылас-назарын жинақтау үшін қандай әрекеттер жасау керек деп ойлайсыз?

– Аудиторияда сөз сөйлеу мен баяндама жасаудың айырмашылықтары қандай?

– Аудиториядағы сізге пікірлестерді алдын ала танып алуға бола ма?






Оқылым
1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.

Аудиторияны тани білеміз бе?
Тыңдаушылардың назарын аудару үшін, қысқалық, ширақ сөйлеу, көңілді сергітетін қысқа қайырым – шегіністер болса нұр үстіне нұр.

А.Ф.Кони
Тілдік қарым-қатынастың қай-қайсысы да сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланысты аңғартады. Осыдан туындатсақ, сөз сөйлеушінің міндеті – аудиторияны тыңдата білу. Міне, осы себептен де сөйлеуге даярлануды бастамас бұрын, аудиторияны зерттеп алудың өте маңыздылығын баса айтқан болар едік.

Біздіңше, іскер маманның сөйлеуші ретінде өзіне алдын-ала қояр сауалдарының бірқатары төмендегіше болғаны орынды:



  • Сөйлеуші тарапынан айтылар мәселелер аудиторияға не себептен қызықты болуы мүмкін? Бұл неден көрінбек? Бұған дәлеліміз қайсы?

  • Олар сөз сөйлеушіні тыңдағысы келе ме? Әлде белгілі бір қажеттіліктен не тіпті амалсыздан келіп отыр ма?

  • Олардың сөз сөйлеуші туралы ойлары қандай? Сөйлеу барысында аудиторияның пікірін өзгертуге тура келе ме?

  • Сөйленер сөздің тақырыбы туралы олар қандай ойда? Олардың бәрі бір деңгейлес ойлай ма? Сөйлеушіге кейбіреумен қарсы келіп қалуға тура келе ме?

  • Тыңдаушылардың көңіл-күйі қалай болуы мүмкін? (Бұл сауалды сөз сөйленер күні қайтара қою дұрыс, сәйкесінше сол күнгі аса қажетті жаңалықтарды тыңдаңыз). Бір ескерері, сөз сөйлеуші қателесуді жоққа шығара алмасы анық;

  • Шешім қабылдау үшін шешен сөзі қаншалықты маңызды? Олар шешеннен не күтеді?

  • Сөз сөйлеуші аудиториядан не күтеді? Қандай жауаптар қайтарылуы не іс-әрекеттер болуы мүмкін?

Еске! Ащы да болса шындық, қашан да тыңдаушылар арасында бізге беймәлім жасырын тұрғыдағы жоспарлы, негізгі пікірімізге керағар қарсыластардың болуы әбден мүмкін. Сөз сөйлеу сәтті өткен сайын, жасырын қарсы тұрудың бас көтеруі әбден ықтимал. Бұл ретте төмендегілерді ескеру артық емес:

Негізгі пікірге кім қарсы келуі мүмкін?
а) Тікелей қатысы болмаса да, қозғалған кейбір мәселеге қатысы бар адамдар;
ә) Ұсынылып отырған іс-әрекеттерден өздері үшін немесе өздерінің саласы үшін қауіп күтетін адамдар;
б) Тікелей бәсекелес адамдар.

Аудитория тарапынан жағымсыз қабылдау боларын алдын-ала ескерген жағдайда не істеген жөн?
а) Сөйлеу кезінде туындауы мүмкін жағымсыз сауалдарды мейлінше көбірек анықтай келе, оларға жауап берілген жөн. Тыңдаушылар тарапынан қойылуы мүмкін сауалдарды алдын-ала болжай білген орынды;
ә) Егер де сөз сөйлеу сәтіңіз олардың пікіріне қарсы келер болса, онда жоғарғы айтылған қос ұстанымды да қатар ескеруге ұмтылғайсыз;
б) Сөйлеу сәтінде тыңдаушылардың білгісі келген тұстарын қанағаттандыра алмасаңыз, онда сұрақтарға жауап беруге даяр болғайсыз;
в) Сөзіңізді /әсіресе, саяси шешен болсаңыз/ сыни ескертпелермен бөлуі әбден мүмкін екендігіне даяр болыңыз.

Жасырын жоспарлы әрекет. Іскерлік шағын мәжілістерге қатысатын адамдардың көбіне-көп нақты іс-әрекеттен тұратын жоспары болады. Шағын топпен презентация жасауда, не олардың алдында сөз сөйлеуде, не іскерлік мәжілістерге қатысу үстінде төмендегілерді ескеру орынды:

  • Онда кімдердің болатындығы;

  • Тыңдаушылардың қандай ерекшеліктері барлығы, қандай мәселелер туралы қам жейтіндігі;

  • Жекелей алғанда әрбір топ мүшесі неге қол жеткізгісі келетіндігі /Атақ-даңққа ма? Билікке ме? Белгілі бір жауапкершілікке ме? Еңбекақының өсуіне ме? т. б. /;

  • Кейбіреулерге қауіп-қатер туғызарлық осы орайлас сезімге келтірер жағдайға ыңғай берілді ме?

Жасырын жоспарлы әрекетке қарсы не істеу керек? Сөз сөйлеу үстінде мүмкіндігінше олардың жасырын жоспарларына қатысты үн қату (яғни, «мұның, әсіресе, сізге қатысты екендігін бәріміз де түсінеміз. Осы жоба бойынша сіздің көрсеткен көмегіңізді шын мәнінде жоғары бағалаймыз» тұрғысында). Мүмкіндігінше қамқорсуды азайтып, тыңдаушылардың эгоистік пиғылдарын қанағаттандыруға да орын бөлу артық емес. Бұл ретте:

  • Олқылау тұсымызды байқап қалатын не бізге мән бермей қарайтын /місе тұтпайтын/ адамның алдыңыздан шығарына күнілгері даяр болу. Десек те, пікірталастың инициативасын жалқы біреудің өз ыңғайына қарай бұрып әкетуіне мүмкіндік бермеген жөн. Негізгі мәселеге қайтара оралып отырған дұрыс;

  • Өз бағыт-бағдарын жақсарту мақсатында сөз сөйлеушіні ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тырысып бағар адамдармен бетпе-бет келуге әзір болу. Егер де тыңдаушылардың лауазымдары жоғары, өзіндік салмақты орындары бар екендігі туралы алдын-ала айтсаңыз, олар сөзді бұза қоймасы анық. Десек те, қорғануды естен шығармау жөн. Қашан да салқынқанды қалыпта қалу;

  • Өзіңіз мүлдем күтпеген қарсыласыңыздың іс-әрекетіне даяр болу, қашан да байсалды қалыпта бола білу, мәдениетті түрде күн тәртібіне оралуды өтіну орынды.

Жасырын іс-әрекет жоспары жөнінде

  • Мәжілісті қашан және қайда өткізсек те, онда кімдер болатындығын ойлану;

  • Оларда қандай жасырын жоспарлы іс-әрекет болуы мүмкіндігін ескеру;

  • Олардың күн тәртібінен тыс нендей мәселелер туралы сұрауы мүмкіндігін де аңғару.

Сөйлеу сәтіндегі аудиторияны бағалау. Аудиторияны бағалау үшін өзіңізге төмендегідей сұрақтар қоюдың еш артықтығы жоқ:

  • Топ соншама ұланғайыр ма?

  • Аудиторияның жас мөлшерлік шамасы қандай болмақ?

  • Олардың қызығушылығында ортақтық бар ма?

  • Тыңдаушылардың білім деңгейі қандай?

  • Олардың экономикалық тұрғыда даярлығы қандай?

  • Тыңдаушылар әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған ба?

  • Бұл тұсқа саяси фактордың қатысы бар ма?

  • Тыңдаушылардың ішіндегі ер адамдар мен әйел адамдардың ара қатынасы қандай?

  • Сөйленер сөзімізден оларға келер пайда қандай болмақ?

  • Осы аудиторияға сөйлер сөзіміздің ерекше мәні неде?

Аудиторияға баға берілгеннен кейін сөйлеу «тілімізді» мұқият ойланып алған жөн. Бұл ретте төмендегі мәселелерге назар аудару орынды:

  • Тыңдаушылар арнайы терминдерді түсіне ме?

  • Белгілі бір тұсты түсіндіру не сол тұсқа қатысты нақты дәйексөз келтіру қажет пе?


2-тапсырма. Мәтіндегі сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Тілдік қарым-қатынас

Іскер маман

Шешім қабылдау

Сөз сөйлеуші

Тыңдаушылар тарапынан

Шағын мәжіліс

Байсалды қалыпты

Лауазымдары жоғары



Мәдениетті түрде

Өзіндік салмақты

Салқынқанды қалыпта

Олардың қызығушылығы

Ұлт өкілдері

Саяси фактор

Экономикалық тұрғы


3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сөз сөйлеушінің міндеті не?

2. Іскер маманның өзіне қояр сауалдары қандай болуы керек?

3. Негізгі пікірге кім қарсы келуі мүмкін?

4. Жасырын жоспарлы әрекетке қарсы не істеу керек?

5. Сөйлеу сәтіндегі аудиторияны қалай бағалаған жөн?


4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз.

  1. Күтпеген қарсыластар.

  2. Аудитоияны бағалау

  3. Сөйлеушінің міндеті

  4. Қойылатын сауалдар

  5. Жасырын жоспарлы әрекет


Сөз мағынасын саралайық!

Тыңдалым





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет