Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет4/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.
Небір өнер не даналық шыңына оларды оқып-үйренбей жету әсте мүмкін емес.

Демокрит.

Ұйымдастыра білген қашан да ұтады. Сіздің іс-әрекетіңіздің алдын ала ұйымдастырылуы – түсінікті де нақты, логикалық тұрғыда ойлануға және тиімді қалыпта хабарлама жасауға бастар жол.



Сөз сөйлеудің қандай формасын (сөйленер сөздің сұлбасы, тірек сөздер не толық конспект) қолдансаңыз да, сіздің бұл орайдағы алғашқы әрбір қадамыңыз бастапқы жоспар ретінде қабылданады. Бұлар әрқилы. Олар сан алуан жаңа дағдыларды талап етеді. Олар өте-мөте нәзік қимылды қажет етеді. Десек те, біз олардың түпкілікті мақсатқа қызмет етерін білеміз. Бұл орайда да баса ескереріміз: сөйленер сөзді көру үшін емес, тыңдар құлақ үшін екендігі. Сөз сөйлеу мәдениетін дамыту үшін, дауыстап сөйлеу бірден-бір маңызды. Бұл ретте өлең, жаңылтпаштар, алдын-ала сөйленер сөздің жобалы нұсқаларын оқудың ешбір артық-кемі жоқ. Керісінше, өте пайдалы. Өз дауыс ырғағыңызбен және көпшілік алдына өзіңізді қалай алып шығарыңызды алдын-ала көріп-біліп болжағанға не жетсін. Барынша аз жазып, көбірек сөйлеуге, өз-өзіңе көбірек сұрақтар бере отырып, динамикалы қалыпта сөз сөйлеудің техникасын дамытуға ұмтылу орынды.

Сөйленер сөз. Қашан да аудитория шешеннен тыңдаушыларды жалықтырмайтын, тақырыпқа сәйкесті ақпарат беретін не сенім ұялатар түйін айтатын және көпшілікке беймәлім тосын сыймен риза қылар мезеттерге толы тұшымды сөз күтеді. Сондай-ақ аудитория кейін дұрыс шешім қабылдау үшін, шешеннен нақтылы ақпарат, сөз мазмұнына сәйкес мағыналы тұрғыда бағыт сілтер, алғы істерге орайлас үлкен сенім туғызар тұжырым күтеді. Көбіне-көп мәжілістер өткізілер залдар үшін, тосын сый мен түрлі көңіл көтерер сергіту сәттері тән емес. Бірақ бұл осы реттегі сөйленер сөздің бір сарындас не жалықтырар қалыпта болуы керек дегенді аңғартпайды. Тіпті де, керісінше. Қайта бұл реттегі сөз жанды да қайталанбас қалпымен ерекшеленсе ұтымды болмақ.

Сөйленер сөздің мазмұны. Ең алдымен, істі бастамастан бұрын, сөйленер сөзге және оның мазмұнына өзіңіздің қатысыңыз, көңіл-күйіңіз, көзқарасыңыз туралы айқындыққа жету, ең бастысы өз-өзіңізді мысқал да алдаусыратпай, адал болғаныңыз дұрыс. Себебі сіздің бұл реттегі мысқал да болса жағымсыз көзқарасыңыз ұйымдастыру ісінің, әзірліктің және сөйлеу сәтінің әрбір аспектісіне жайыла отырып, ақырында аудиторияның сөзіңізді жағымсыз қабылдауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де сіз өз сөзіңізде айтар идеяларыңызға көпшіліктің қарсы болуы мүмкін деген сезімнен бастасаңыз, осы сезімді тыңдаушыларыңызға жұқтыруыңыз мүмкін, нәтижеде олар өзіңіз қорқасоқтап күткендей қатты қарсылық білдіруі әбден мүмкін.

Мақсаты. Іштей өз-өзіңізден: «Мен не үшін сөйлеуге тиіспін?» - деп сұрап көріңізші. Егер де бұл сұраққа сіздің жауабыңыз болмаса, іздеп тауып көріңіз. Әрбір сөйленер сөздің айқын мақсаты болуы тиіс. Сөз сөйлеуге келгенде айқын да анық себебіңіз болмаса, сөйлемеген жөн. Өзіңіздің де, тыңдаушыларыңыздың да алтын уақытын құр босқа жоғалтпағанға не жетсін.
Аудиторияны білу. Өз-өзіңізден іштей: «Мен кімге (кімдерге) сөйлеймін?» - деп сұрап көріңіз. Қашан да қандай болмасын даярлықты бастамас бұрын, өз аудиторияңызды білгеніңіз жөн.

Алғашқы ой үзіктері. Кезекті тақырып бойынша өзіңіз айтар мәліметтердің бәрін де қағазға түсіріңіз. Қол астыңыздағы материалдарды салған жерден жүйелей бастау міндетті емес. Басыңызды артық нәрселерден босатып, ойлар тасқынына ерік беріңіз. Бұндай сәт сіздің ойлап шығарушылық қабілетіңіздің еселеп артуына септеседі. Біз бұларды «ой үзіктері» дегенді жөн көреміз. Шаршап не жалығып кетсеңіз, ой үзіктерін теруді қоя салып, өзге іспен айналысыңыз. Миыңыз бәрібір жұмыс жасай береді. Ақырында аса қажетті, нақтылы да қызықты ой міндетті түрде жүйеленеді.

Негізгі ой. Өз сөйлер сөзіңіздің басты ой ұшығын жүйелеп, жинақтай отырып, жазып шығыңыз. Бұлайша істеу аудиторияны, мақсатты және күтілер нәтижені анықтауға бірден-бір сеп. Бастысы жазғандарың белгілі бір саланы аңғартардай (мәселен, идеяны, концепцияны, өзіңізді, өнімді) болғаны дұрыс. Мысалы, менің сөз сөйлеудегі мақсатым – ұсынылып отырған жобаның жүзеге асыруға оңтайлығы әрі пайдалылығына кеңес мүшелерінің көзін жеткізу.
Егер де сіздің негізгі ойыңызда басты сөз «тәрбиелеу» болатын болса, мүмкіндігіне қарай бұның орнына басқа сөзді алғаныңыз жөн. Себебі «тәрбиелеу» сөзінің көзге көрінбейтін жасырын психологиялық мағынасы - шешендерге өз тыңдаушыларына шекеден қарап сөйлеуге, нотация оқуға, әкелік мәнерде сөйлесуге мәжбүр ететіндей. Ал егер де сіз «хабарлау» сөзін таңдап алсаңыз, онда міндетті түрде негізгі ойға аудиторияға хабарлаудың қажеттілік себебін айтуды енгізген дұрыс /«Оларға бұл ақпарат не себептен қажетті?»/. Ал көпшілік жағдайда шешен үшін «мәлімет беру» - өзгелердің білуі аса қажеттілік туғызбаса да, өзі білетін тақырып төңірегінде айту секілді эгоистік тұрғыдағы талқылауға жол ашар алғышарт іспеттес.

Мейлінше тиімді де қомақты нәтижелерге қол жеткізу үшін үнемі бірден-бір керекті тірек сөздерді іріктей білу, қолдана білу жөн. Мәселен, сендіру, көз жеткізу, иландыру, қол жеткізу, дәлелдеу. Кім болса да, біреуге өзіңіздің негізгі ойыңызды дауыстап айтып көріңіз. Онда осы орайдағы мақсатыңызды сұрауды өтініңіз. Қорғана бермей, мейлінше шынайы болуға тырысыңыз. Бұл ретте өзіңіздің негізгі айтар ойыңызды қорғауға, бекіте түсуге немесе өзгертуге ұмтылыңыз. Сонда ғана сіз оны күштірек, салмақтырақ ете түсесіз, сонда ғана негізгі ойыңыз сіздің миыңызда қомақтала, шегелене түседі. Нәтижеде өзіңіздің таңдаған негізгі ойыңызды сөйлер сөзіңізде толық жүзеге асыра аласыз.



Даярлану сатысы. Шешендердің басым көпшілігі сөз сөйлерге дейін-ақ өзінің не айтарын және тыңдаушыларға өз ойлары мен идеяларын қалай тиімді жеткізерін нақты біледі. Ал бұған тер төге әзірленудің, бел шеше даярланудың арқасында қол жетпек.

Сөз сөйлеуге алдын-ала даярлықтың маңыздылығы сонда сіздің даяр мәтінді, тірек жазбаларды не мәтін үзінділерін қолдану-қолданбауыңызға байланысты емес


2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Сөз сөйлеу

Түпкілікті мақсат

Жаңа дағдылар

Сенім ұялатар

Мазмұнына сәйкес

Жүйелей бастау

Күтілер нәтиже

Ой ұшығы


Көз жеткізу

Кеңес мүшелері

Тірек сөз

Шынайы болу

Негізгі ойыңыз

Даярлықтың маңыздылығы

Өзгертуге ұмтылу



3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Хабарлама жасауға бастар жол қандай?

2. Тыңдаушыларды жалықтырмайтын шешен өзін қалай ұстауы керек?

3. Сөйленер сөздің мазмұны қаншалықты маңызды?

4. Негізгі ойда нені басшылыққа алу керек?

5. Сөз сөйлеуге даярлықтың маңыздылығы.


4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз.

1. Аудиториядағы шешен;

2. Сөйленер сөздің айқын мақсаты;

3. Даярлықтың маңыздылығы;

4. Ұйымдастырған ұтады;

5. Тиімді нәтиже.



Сөз мағынасын саралайық!



5-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Небір өнер не. . . оларды оқып-үйренбей жету. . . мүмкін емес

2. Сөз сөйлеу. . . үшін, . . . бірден-бір маңызды

3. Өзіңіздің де, . . . да. . . құр босқа жоғалтпағанға не жетсін.

4. Менің. . . мақсатым – ұсынылып отырған жобаның жүзеге асыруға. . . әрі. . . кеңес мүшелерінің көзін жеткізу.

5. Нәтижеде. . . негізгі ойыңызды. . . толық жүзеге асыра аласыз.


Назар аударыңыз!
Нүкте



Қойылатын орны

Мысалы

1

Хабарлы сөйлемнен кейін

Маңайда тірі жан көрінбейді.

2

Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін

Әже, сізге Алла разы болсын.

3

Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін

Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!

Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді.



4

Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде

Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады. ) Кім бар?

5

Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда

Ғ. Мүсірепов/Ғ. М. Ғ. Мұстафин/

Ғ. Мұст


6

Газет-журнал атауын шартты түрде қысқартқанда

«Қ. Ә. » («Қазақ әдебиеті»)




7

Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда

Тағы басқалар – т. б.

Тағы сол сияқты – т. с. с.



Тағысын тағылар – т. т.

8

Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда

А. Яссауи кесенесі (XІІғ) – Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі.

Тыңдалым
6-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Негізгі ойды анықтаңыз.
Мұны білгеніңіз жөн!

Демосфен – шешендік өнер әлеміндегі жарық жұлдыз, шешендер мектебінің ұйытқысы, ұлы ұйымдастырушысы. Ол өз қоғамының судьясы мен саяси көсемі ғана емес, тапқыр да табанды полемист және байқағыш кәміл психолог. Демосфен – Афина мемлекетінің рухани өмірінде жарқын із қалдырған тарихи қайраткер. Ол өз өмірнамасында сұрақ-жауап әдісін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп, сөзінің драмалық қасиетін күшейтті. Демосфен дәлел-айғақтармен сөйлеген, айқын, жатық баяндаған. Фразеологиялық оралымдары нақты, қысқа, сөйлеу мақамы бірқалыпты, байсалды, біресе шиыршық атып, ұшқын шашқан, жалынды жігер қайратқа, лептілікке, құштарлыққа ие. Теңеу мен метофораларды жиі туындатады. Бұған қоса сөйлемдерді нұрландыру үшін ым – ишараттарды, қимыл -қозғалыстарды, дауыс ырғағын шебер ұсталықпен қолданады. Демосфенді дұшпандары «Адуынды аңға» теңеген.





Жазылым
7-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңыздар. Өздеріңізге ұнаған оралымды, айшықты сөздерді теріп жазыңыз. Ауызша мазмұнын айтыңыз.

Бөлтірік шешен

Бөлтірік семсер тілді шешендігімен, билік-кесім айтуда айрықша тапқырлығымен және батырлығымен әйгілі болған. Қырғыз бен қазақтың дүрілдеп өткен бір асында Бөлтірік ересен ерліктің үлгісін көрсетіпті. Сонда қырғыздың сегіз қырлы, бір сырлы жүйрігі:

Атса, оғын өткізген,

Айтса, сөзін өткізген,

Ұстаса құлатқан,

Ұрса сұлатқан

Бөлтірік деген нар екен, - деп, Бөлтіріктің ала бөтен жаратылысын осылайша сипаттапты. Тезек төремен алғаш жолыққанда Бөлтірік шешен өзі туралы:

Менің атым - Бөлтірік,

Қазақ пенен қырғызға,

Жерім жоқ айтқан өтірік.

Сөзімнен құлап мертіккен,

Не мықтылар өкіріп.

Шын буырқансам, кетермін,

Бір ауыз сөзбен өлтіріп – дейді.


8-тапсырма. «Тіл – адамзат баласына тән аса бір ғажайып құбылыс» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер.

Сайт:

www.google.kz,

www.astana.kz,

www.egemen.kz
9-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз.

Жүйрік, ерлік, нар, батыр


10-тапсырма. Берілген суреттерге байланысты 3 сөйлем құраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет