Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет14/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Оқылым

1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.
Бұқаралық ақпарат құралдары
Қазіргі таңда іскер адамдар бірте-бірте көбірек репортерлердің сұрақтарына жауап беруге, телефон арқылы әңгімелесуге не теледидар арқылы сөйлеуге мәжбүр. Бұл орайдағы тәжірибе көрсеткендей, жекелеген адамдардың, сондай-ақ ірі компания өкілдерінің қадамдары көңілден шықпай жатады. Егер бұндай жағдайға алдын-ала мұқият дайындалар болсақ, онда бұқаралық ақпарат құрал саласы қызметкерлерінің іс-әрекетін білу арқылы оларды өзімізге жұмыс жасауға (өзімізге қарсы емес) ыңғайлай алар едік.

1. Радио – тез әрі шұғыл қимылдайтын бұқаралық ақпарат құралы. Жаңалықтар жұртшылыққа пайда болған мезетте-ақ таратылады. Телфонмен хабарласу арқылы да радиодан сөйлей аламыз. Радио арқылы сөзімізді тікелей де, контекстің бір бөлігі ретінде де не толық жазып алып, кейінірек керек мезетінде өңдеп те беруге болады.

2. Теледидар – бірден-бір тікелей ұсынылар бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Жұртшылықпен жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, оны «ұсынған жаңалықтарына көпшілікті тез сендіре алатын бұқаралық ақпарат құралдарының бірі» ретінде бағалайды. Бір мезгілде көріп әрі тыңдап отырғандықтан, одан алар әсеріміз де мейлінше күштірек болмақ.

3. Баспасөз – ақпарат таратуда бірден-бір қарапайым әрі тікелей сөзбе-сөз жеткізілетін құрал. Радио мен теледидарға қарағанда күнделікті газеттер жұртшылыққа жаңалықтарды бірер сағат кеш ұсынады. Десек те, баспасөз болған оқиғаның бүге-шүгесіне дейін тарата ұсына білуімен ұзағырақ әсер қалдыруға ие. Журналдар мен кітаптар да осындай сапалыққа ие, бірақ бұлардың әсері алдыңғыдан көбірек деңгейде. Бүгінгі жаңашыл репортерлер мен очерк авторлары материалдарды жазып алу үшін арнайы диктофондарды қолданады. Ал бұл кассеталар (редакцияланбаған) қате баяндаудың, сипаттаудың болмауын қамтамасыз етеді.

БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас орнату қағидалары:


  • Жазып алынғаннан (кассетаға жазылғаннан) ештеңені алып тастай алмаймыз;

  • Репортерлердің біз үшін жұмыс жасамайтынын ескеру. Сәйкесінше, не істеу керектігін үйретпеу, олар біздің айтқанымыздың бәріне бірдей сенбейтіндігін есте ұстау;

  • Ешқашан жалған сөйлемеу. Егер де жауап беруге қиналсақ, барды айту. Бұл ретте қойылған сұраққа жауап бере алатын адамның тегін не агенттіктің атын айтуға әбден болар еді;

  • «Бұл жағдайға ешбір түсініктеме бере алмаймын» деп еш уақытта айтпау. Бұндай ретке жол беру телекөрермендерді өзімізден алшақтатуға, ал сұхбат алушы репортерді нақтылы оқиға ізіне түсуге бағыттауға сеп. Сол себептен де қашан да қойылуы мүмкін кез келген сұраққа жауап беруге даяр болу жөн. Жағымсыз сұрақтарға қысқа түрде жауап бере келе, лезде кейбір жағымды жайттарға ойысу дұрыс;

  • Сұхбат жүргізушіге /репортерге/ әңгімеге сөз қосуға жол бермеу. «Жоқ, менің айтайын дегенім дәл олай емес. Мен бұл жерде... » деген тұрғыда жайлап қана оны жөндеу артық емес;

  • Бірді айтып бірге кетпеу. Көбіне репортерге ұзақтығы 7-15 секунд мөлшеріндегі сілтеме жасауға жарарлықтай еркін де мәнерлі түрде айтылған ой-пікірлер қажет. Қойылар сауалдарды алдын-ала болжап біліп, оған жауап беруге әзірлену орынды;

  • Өзіңізге қойылар сұрақтарға қатыссыз, алдын-ала өз әңгімеңіздің қай бағытта өрілерін айқын білу міндетті. Жағымды жаңалықтар туралы көбірек баяндау;

  • Репортермен сөзге келіп қалудан аулақ болу;

  • Ешқашан да БАҚ өкілдері алдында ашуланбау;

  • Тыныштықтан қорықпау. Жауап берер алдында кідіріс жасау, өз жауабыңызды алдын-ала ой тезінен өткізіп алу. Радио не теледидарда тыныштық сақтау – жүргізуші міндеті. Егер кідіріс тым ұзағырақ созылса, ол сұрақтарды қысқарта да алады, не келесі сұрақтарды қоя да алады. Жалпы репортерге айтылғанды ұғып алуға және келесі сұрақты үйлестіре ұсынуға мүмкіндік беру жөн. Сөз сөйлеу үдерісінде репортерлердің ойлана сұрақ беруі қиындау. Ешқашан да сұраққа нақты жауап беруден артық сөйлемеу орынды;



2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Тәжірибе көрсеткендей

Жекелеген адамдар

Компания өкілдері

Бұқаралық ақпарат құралдары

Телефонмен хабарласу

Радио арқылы

Ақпарат таратуда

Арнайы диктофон



Жалған сөйлемеу

Сұхбат алушы

Жағымды жаңалық

Жағымсыз сұрақ

Қойылар сұрақ

Артық сөйлемеу

Кідіріс жасау



3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. БАҚ өкілдеріне көзқарасыңыз қандай?

2. Радио, теледидар, баспасөздің бір-бірінен айырмашылығы

қандай?


3. БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас орнату қағидаларын атаңыз?

4. Сұхбат беру кезінде дайындық керек пе?

5. БАҚ құралдарына сұхбат беріп көрдіңіз бе?
4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз.

1. БАҚ-пен қарым-қатынас орнату қағидалары;

2. Тікелей ұсынылар ақпарат;

3. Сөзбе-сөз жеткізетін құра;

4. Іскер адамадардың сұхбат беру;

5. Тез әрі шұғыл таратылуы.


Сөз мағынасын саралайық!

Теледидар. Объектінің кескіні мен дыбысын электрлік сигналдар арқылы алысқа тарату әрі сол объектінің кескінін көрсетіп, дыбысын ескертумен шұғылданатын радиотехника саласы, телевизор.

Радио. Арнаулы стансалардан электромагнит толқындары арқылы қашықтыққа хабар беретін және қабылдайтын сымсыз аппарат.

Баспасөз. Баспаханадан күнделікті және дүркінді шығатын газет-журнал.

Диктофон. Сөйлеген сөзді жазып алатын және қайта айтып беретін аспап.

Автор. Белгілі бір шығарманы, еңбекті, жобаны жазған адам.

Кассета. Фотосурет үлдірі, пленка, кинофильм таспасы орналасатын сәуле өткізбейтін жеңіл қорап

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.

Тыңдалым
Мұны білгеніңіз жөн!
5-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
БАҚ қызметкерлері қандай адамдар?

  • Жаңалықтар ұсынушы адамдар өздерін жұртшылықтың «құлағы мен көзіміз» деп есептейді;

  • Олар тың жаңалықтар іздейді;

  • Олар жеке тұлғамен жұмыс жасайтын бөліміңіздің жалғасы емес;

  • Оларға керегі дағдарыс, дау және пікір қайшылығы болуы да мүмкін;

  • Сіз тілшіге белгілі бір мөлшерде ақпарат беруді ойласаңыз, ал оның басында әрдайым өзге мәселелер болуы әбден мүмкін. Біздіңше, олардың кейбірі төмендегіше:

- бұл істің пайдалы тұсы қайсысы?

- дау-жанжал болуы мүмкін бе?

- жасырын саяси емеурін бар ма?

- тілге тиек болып отырған әңгіме үлкен мәселенің бір кішкене тиегі ме?

- айтылып жатқан мәселе кең тұрғыда таралуы мүмкін бе?
Назар аударыңыз!

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша




Қойылатын орны

Мысалы

1

Бастауыш (зат есім) – баяндауыш (зат есім)

Бөрік – адамға көрік

2

Бастауыш (сілтеу есімдігі) - баяндауыш (зат есім)

Бұл – үлкен қуаныш

3

Бастауыш (3-жақ жіктеу есімдігі) – баяндауыш (зат есім)

Ол - әйгілі әнші

4

Бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім (сан есім, есімшеден) болса

Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені

5

Бастауыш (тұйық етістік) – баяндауыш (зат есім)

Оқу – білім бұлағы.

Алдау – зұлымдық,

Алдану – ақымақтық.


6

Бастауыш (зат есім) – баяндауыш (тұйық етістік)

Бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса



Менің мақсатым – еліне пайдалы азамат болу

Жер тағдыры – ел тағдыры



7

Бастауыш (сан есім) – баяндауыш (сан есім)

Бес жерде бес – жиырма бес

Жазылым
6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Жаңалықтар... пайда... мезетте-ақ таратылады.

2. Бір мезгілде... әрі... отырғандықтан, одан алар... де... күштірек болмақ.

3. Баспасөз – ...... бірден-бір... әрі... сөзбе-сөз жеткізілетін құрал.

4. Жауап берер алдында... жасау, өз... алдын-ала ой... өткізіп алу.

5. ... сұрақтарға қысқа түрде... бере келе, лезде кейбір... жайттарға... дұрыс.
7-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін құрастырыңыз.

1. Егер сіз БАҚ құралдарынан бір мезетте кездесуге шақырту алсаңыз, ең бірінші қайсын таңдар едіңіз? Неліктен?

2. Кездесуге қандай үлгідегі киімді киген дұрыс деп есептейсіз?

3. Кездесудегі әңгіме қозғар тақырыпқа күні ілгері дайындалып барасыз ба, әлде өзіңізді дайынмын деп есептейсіз бе?


8 -тапсырма. Көне заманнан келе жатқан аңызды түсініп оқыңыз. Қандай ой түйдіңіз?

Иран жұртының даңқты патшасы Һарун Рашид бір күні түс көріп, түсінде аузындағы түстері түгелдей түсіп қалады. Ерте тұрып, түс жортушыны шақыртып, түсінің мазмұнын айтады. Жорушы: «Ей, әміршім, сенің ағайын – туыстарыңның бәрі өліп, өзіңнен басқа ешкімде қалмайды екен», - дейді. Һарун Рашид: «Менің бетіме баттитып қайғы толы қаралы сөз айтуыңа жол болсын? Егер менің барлық ағайын- туғаным қырылып қалса, мен күнімді қайтіп өткізбекпін?»- деп, түс жорушының жонына жүз дүре соғуға бұйырады. Содан кейін бір түс жорушыны шақыртып алып, көрген түсін айтып, түсімді жорып бер, - дейді.

Бұл түс жорушы: «Ей, әміршім, барлық ағайын- туысқандарыңнан сенің өмір жасың ұзақ болады екен»- дейді. Һарун Рашид: «Жалпы, ақылдың жолы біреу-ақ, екеуінің де жоруың парқы аспан мен жердей», - деп кейінгі түс жорушыға жүз ділда беруді бұйырады.
9-тапсырма. Оқыңыз. Есте сақтаңыз.

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогінің пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

Алғашқы компьютерлер үлкен бөлменің ауқымындай болды, оны ЭЕМ (электронды есептеу машинасы) деп атады.

Дербес компьютерлер ақпараттарды сақтауға, оны өңдеу кезінде есептеуді жеңілдетуге арналған.

1952 жылы АҚШ-та пайдаланушылардың ақпараттарды іздеуге және өзара алмасуға қолайлы Интернет компьютерлік желісі құрылады. Нәтижесінде интернет планетадағы барлық компьютерлік жүйелердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналады.

XXІ ғасырда барлық қоғамның қалыптасуы үшін шешуші рөл информатика мен компьютерлендіруге түсіп отыр. Онда негізгі бағалы зат ақпарат болмақ. Осы мақсатта «Қазақстан – 2030» даму жолындағы Президенттік стратегияда елімізде ғылым, басқару және оқу-ағарту салаларында компьютерлік базаны кеңінен ендіру көзделіп отыр.



Е. Балапанов «Жаңа информациялық технологиялар».
Тапсырма. «Ғасыр жетістігі» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сайт: www.google.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz

10-тапсырма. Сұрақтарға толықтай жауап беріңіз. Ой толғаңыз.

1. Компьютермен жұмыс жасай аласыз ба?



2. Адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жетістігі не деп ойлайсыз? Ол туралы не білесіз?
11-тапсырма. «Интернет – адамзат санасының жетістігі» мақала жазыңыз. Мына сөздерді пайдалануға болады: компьютер, ақпараттық технология, интернет желісі, көшірме жасау, файлдарды сақтау т.б.
Даналық мәйегі



Т Е С Т
1. Болған оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тарата білетін ақпарат құралын атаңыз.

А. Радио;

Ә. Теледидар;

Б. Баспасөз;

В. Компьютер.
2. «Диктофон» деп нені айтамыз?

А. Сөйлеген сөзді жазып алатын және қайта айтып беретін аспап;

Ә. Арнаулы стансалардан электрмагнит толқындары арқылы қашықтыққа хабар беретін және қабылдайтын сымсыз аппарат;

Б. Баспаханадан күнделікті және дүркінді шығатын газет-журнал;

В. Фотосурет үлдірі, пленка, кинофильм таспасы орналасатын сәуле өткізбейтін жеңіл қорап.
3. Тез, шұғыл қимылдайтын бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз?

А. Компьютер;

Ә. Радио;

Б. Баспасөз;

В. Теледидар.
4. Қағазға басып шығару станогі қай ғасырда пайда болды?

А. XVІ;


Ә. XVІІ;

Б. XV;


В. XІV.
5. Интернет компьютерлік желісі қай жылы құрылды?

А. 1950 ж.;

Ә. 1953 ж.;

Б. 1951 ж.;



В. 1952 ж.

9-САБАҚ. ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСЕ БІЛЕМІЗ БЕ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет