Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет17/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Оқылым

1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.

Тағам үстіндегі іскерлік қалып

Әрбір сәтті қадамымызға, әрбір қайталанбас мезеттік сәттерімізге шаттана білу өнеріне қол жеткізсек, онда біздің көп нәрсеге үйренгеніміз.



М. Аргайл.
Көбіне-көп іскерлік әңгімелер қысылып-қымтырылмай еркін отыруға мүмкіндік туындатар бейресми жағдайларда (кафе, мейрамханаларда) өтеді. Сөзсіз, бұндай жағдай тағам үсті іскерлік мәселелерді үйлестіре білу білігін қажет етеді. Бұл ретте іскери қалыптағы таңертеңгілік, түстік, кешкілік тағам үсті сәттерін бөле-жара атаймыз. Бұл үш жағдайға да тән оларды тұтастандыра біріктірер кейбір ортақ қағидаттар барлығын айтқымыз келеді. Мәселен, іскер адамның үстел басында өзін-өзі ұстай білуіндегі ортақ қағидалар. Десек те, іскерлік қарым-қатынастағы аталған үш жағдайдың өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес.

Іскерлік жағдайдағы таңертеңгілік – тәулік бойы тынымсыз жұмыс жасайтын, сәйкесінше уақыты өте-мөте тапшылау адамдардың жүздесуі үшін бірден-бір таптырмас ыңғайлы сәт. Ұзақтығы – шамамен 45 минут. Бұндай іскери қалыпта ер адамдар мен әйел адамдардың кездеспегені дұрыс.

Іскерлік жағдайдағы түстік - әріптестердің (партнер) өзара жағымды қарым-қатынастарын қалыптастыруға, әсіресе, жаңа адамдармен танысуға қолайлы. Таңертеңгілік сағат 7-8-дерге қарағанда, түстік мезетінде адам да белсендірек әрі жайылыңқы қалыпта болмақ. Іскерлік жағдайдағы түстіктің ұзақтығына қатаң шек қойылмайды. Көбіне-көп түстік мерзімі бір-екі сағатқа созылып, оның жарты сағаты іскерлік түйінге ұластырар іскери дидарласуды қамтымақ.

Іскерлік жағдайдағы кешкілік – таңертеңгілік не түстікке қарағанда мейлінше ресми сипатқа ие, уақыт шектеу деңгейіне орай қабылдауға жақын. Бұны шақыру түрі де (телефон арқылы емес, жазбаша формада), киім кию ерекшеліктері де (қара сұр түсті костюм) айқындамақ. Іскерлік жағдайдағы кешкілік тағам мезетінің ұзақтығы екі сағаттан аса уақытқа ұласпақ.

Іскерлік жағдайдағы таңертеңгілік, түстік не кешкілік ұйымдастыруға шешім қабылдар жағдайда өз міндеттеріңді жан-жақты ойластыра отырып, іскерлік саладағы нақты да тиімді шешімге келуге белгілі мезеттердегі тағам үсті атмосферасының бірден-бір мейлінше ыңғайлы, қысылу-қымтырылусыз боларын алдын-ала болжау жөн. Мүмкін алғы межелі мәселені мекеме кабинеттерінде не телефон арқылы да шешу әлдеқайда жеңіл әрі оңтайлы болуы орынды шығар. Қалай болғанда да тағам үсті әрбір кездесу сәттері бір сағаттан үш сағатқа шейін уақыт алуы әбден мүмкін, демек, бұндай реттерде өзіңнің де, өзгенің де алтын уақыттарыңа аса құрметпен қарауды ескеру жөн.


2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Тағам үсті

Ортақ қағидат

Тәулік бойы

Ыңғайлы сәт

Уақыт шектеу

Ресми сипат

Өз міндетіңді

Тиімді шешім



Алтын уақыт

Межелі мәселе

Белгілі мезет

Іскери дидарласу

Өзін-өзі ұстай білуі

Бейресми жағдайларда



Жағымды қарым-қатынас



3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Іскерлік әңгіме бейресми жағдайларда қайда өткені тиімді?

  2. Іскерлік қарым-қатынастағы үш жағдайдың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз?

  3. Іскерлік кездесуге қалай киінген дұрыс?

  4. Уақыт шектеу деңгейіне қалай қарайсыз?

  5. Телефон арқылы мәселе шешіле ме?

4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз?

  1. Іскерлік жағдайдағы таңертеңгілік

  2. Кездесу уақыты

  3. Іскерлік жағдайдағы кешкілік

  4. Тағам үстіндегі іскерлік қалып

  5. Іскерлік жағдайдағы түстік


Сөз мағынасын саралайық!







Тыңдалым
Мұны білгеніңіз жөн!

5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
Кездесу орны. Іскерлік кездесу орнын таңдауда міндетті түрде тәрбиелілік әрі әдептілік таныту тән. Дидарласуға бірден-бір сіз ынтазарлық танытсаңыз, онда пікірлесушіңізге деген өзіндік құрмет белгісі ретінде ізет білдіре отырып, кездесуді оның жұмыс орнына жақын тұстан белгілеу орынды. Мейрамхана деңгейі сіздің шақырушы адамыңыздың қалпына, лауазымына сәйкес келуі тиіс.

Ұйымдастырылуы. Алдын ала кездесу орнының, уақытының және оған қатысатын адамдардың уақытылы болуының қатаң сақталуы (кім, қайда және қашан кездеседі?) тиіс. Күн ілгері бекітілген жоспарға, ерекше бір бұлтартпас жағдайларға сәйкесті аса бір қажеттілік туғанда болмаса, өзгеріс енгізбеу жөн. Егер де сіз біреумен таңертеңгілік тамақ үстінде көзбе-көз кездескіңіз келген жағдайда шақырылған адам сізбен телефон арқылы, өзінің хатшысымен не өзге де біреулермен бірге келгісі келетінін айтса, онда сізге бұндай құрамда кездесу өзіңіздің жоспарлы ісіңізге кедергі келтірер-келтірмесін, не осы жүздесуді өткізу-өткізбеуді ойлағаныңыздың еш артықтығы жоқ.

Үстел басына отырғызу. Егер де алдын ала келісілген болса, барлық шақырылғандардың келуін (жиналуын) күтіп, содан кейін ғана үстел басына отырғызу орынды. Ал егер де сіз бір ғана адаммен кездессеңіз, ең дұрысы екі кісілік емес, төрт кісілік үстелге жайғасу жөндірек. Бұндай ретте кездесуші адамыңызға сіздің оң жағыңызға отыруды (қарсы жағыңызға емес) ұсына алар едіңіз.

Есептесу. Есептесуді кездесуге бірінші шақырушы не лауазымы жоғары адам жүзеге асырмақ. Десек те, көпшілік жағдайда бірден-бір кесімді жол – шақырушы жақтың барлық шығынды өз мойнына алуы.

Алғыс (ризашылық білдіру). Іскерлік жағдайдағы таңертеңгілік, түстік не кешкілік тағам мезетінен кейін шақырушы жаққа алғыс айту қашан да орынды. Әрине, кездесуді ұйымдастырушыларға жазбаша алғыс хат жіберу артық болмас еді, десек те, іскерлік қатынастарда бұндай қадамға жиі бармайды.
Назар аударыңыз!
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы



Қойылатын орны

Мысалы

1

Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?!



2

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады.

Ол өтініп сұрады, - бермедім.



3

Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді.

- Онда. . . – не дерін біле алмады.

- Солай, солай, шырағым, - деді.

- Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен.


4

Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады.

Алған сыйлығың құтты болсын!. .

Болсын!. . біз қашан алады екенбіз, ә?. .




Жақша



Қойылатын орны

Мысалы

1

Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады.

Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.

2

Цитатының авторы жақшаға алынады.

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз. (Абай)



3

Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

Нұрхан (көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың.


Жазылым




6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

  1. Іскер адамның. . . . . . өзін-өзі. . . . . . ортақ қағидалар бар.

  2. Іскерлік жағдайдағы. . . – тәулік бойы. . . жұмыс жасайтын, сәйкесінше уақыты өте-мөте. . . адамдардың. . . үшін бірден-бір. . . ыңғайлы сәт.

  3. Іскерлік жағдайдағы. . . тағам мезетінің. . . екі сағаттан аса. . . ұласады.

  4. Іскерлік жағдайдағы. . . ұзақтығына. . . шек қойылмайды.

  5. Алдын-ала кездесу. . . , . . . және оған қатысатын. . . уақытылы болуының. . . сақталуы (кім, қайда және қашан кездеседі?) тиіс.


7-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны. Арнайы дайындалған сөз беріледі. Сол сөзге тыңдарман сұрақ ойлайды. Ал қалғандары толық жауап беруі керек.
Керекті сөздер: дастарқан, сусын, қуырдақ, бесбармақ, ірімшік, қаймақ, айран, қазы- қарты, құрт, шұбат, қымыз
8-тапсырма. «Тамақтану және денсаулық» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сайт: www.google.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz,

www.akorda.kz,

www.kazinfo.kz.

9-тапсырма. 1. Мәтінді оқып, мазмұнын баянда; 2. Қазақ халқының қонақжайлылығы туралы әңгімеле.

Қазақ – қонақжай халық

Қазақ халқы – ертеден қонақ десе ішк­ен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп келе жатқан жолаушы «Бөлінбеген еншім бар» деп, жолшыбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ бола берген. Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі қыдыр», «Қонақты қусаң – құт, ырыс қашады», «Қонақпен бірге құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да, қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, аттана бере жамандап кететін болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.

Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп, есікті жабады, Бұл – қонақпен еріп келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауып алу деген болмаған.

Қазақ халқы қонақтарды «Арнайы қонақ», «құдайы қонақ» (жолаушылап келе жатып түстеніп, не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстағы ағайын, туған- туысқандарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый- құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп келе қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген.

Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін, үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат және басқа) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға сонымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.

Шай ішілген соң, асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайды жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді.



Үй иесінің балалары да аяқтарынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.
10-тапсырма. «Ас–адамның арқауы» сурет бойынша (қазақтың ұлттық тағамдары) әңгіме құрастырыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет