Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы


Солдан оңға қарай: асылған ет (бесбармақ), қазы, ірімшік, жент, қымыз, бауырсақ, құрт



бет18/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Солдан оңға қарай: асылған ет (бесбармақ), қазы, ірімшік, жент, қымыз, бауырсақ, құрт.
Даналық мәйегі


Т Е С Т
1. Іскерлік әңгіме бейресми жағдайларда қайда өткені дұрыс?

А. Кафе, мейрамханаларда;

Ә. Үй ішінде;

Б. Мекеме ішінде;

В. Мәдениет үйінде.

2. Іскерлік жағдайлардағы таңертеңгілік ас қанша уақытқа созылған дұрыс?

А. 1-2 сағат;

Ә. 45 минут;

Б. 3 сағат;

В. 1, 5 сағат.

3. Іскерлік жағдайдағы кешкілік асқа қалай киінген жөн?

А. Кешкілік көйлек;

Ә. Қара сұр түсті костюм;

Б. Спорттық үлгіде;

В. Қарапайым үлгіде.

4. «Құдайы қонақ» деп қандай қонақты атаймыз?

А. Қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп келе қалатын сүйкімсіз қонақ;

Ә. Алыстағы ағайын, туған- туысқандарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый- құрметін көріп қайтатын қонақ;

Б. Арнайы қонаққа қой сойып, сыйлап шақыратын қонақ;

В. Жолаушылап келе жатып түстеніп, не бір күн түнеп шығатын қонақ.

5. Шұбат қай малдан алынатын сусын?

А. Түйе;


Ә. Ешкі;

Б. Жылқы;

В. Сиыр.
ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ:

«АТАДАН ЖЕТКЕН АСЫЛ МҰРА»
Мақсаты:


  • Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

  • Халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді кеңінен насихаттау, оны білудің, сақтаудың маңыздылығы;

  • Тыңдармандардың түсінігін кеңейту, сөздік қорын молайту;

  • Өз ойын нақты, дәл, дұрыс айта білуге жаттықтыру, мағыналы сөйлеуге баулу, логикалық ойлауын жетілдіру;

  • Шаршы топ алдында еркін, мүдірмей сөйлеуге үйрету;

  • Тыңдармандар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

  • Ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.


Сабақтың түрі: бейне-аудио.

Бағалау: ең жоғарғы балы – 10 ұпай.

Ұйымдастыру бөлімі:

1. Сабақтың жүру барысымен таныстыру

2. Топтармен танысу (Жеребе бойынша топқа бөлінеді, аттарын қояды)

3. Әзілқазылар алқасын таныстыру


Сабақты бастар алдында жеребе тартып, топтарды анықтау (қоржыннан асық суыру арқылы анықталады. І, ІІ, көрермен )

Әділқазылар алқасын ортадан тағайындау.
Сабақтың бөлімдері:

І. Даналық мәйегі - 12 мақал-мәтел. (мақал-мәтелдерді жалғастыру, берілген сөздерді қатыстыра отырып, мақал-мәтелді дұрыс тауып, мағынасын ашу);

ІІ. «Айтар болсаң, әр ойыңды қадап айт

Бір сөзіңді мың толғамға балап айт» (халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардан үзінді беріледі, оны табу, сипаттау);

ІІІ. «Өнерлі болсаң, топтан оз» (Ақындар өлеңінен, күй, ән өнері бойынша үзінді беріледі, авторын табу, тақырыбын атау);

ІV. «Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» (Би-шешендердің сөзінен үзінді беріледі, кімдікі екенін анықтау, мағынасын ашу);

V. «Жүйрік болсаң, шауып көр» Блиц-сауал. (5 минут уақыт беріледі, сол уақыт ішінде 15 сұраққа жауап беру)

VІ. «Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті» (Көрсетілген тақырып бойынша мәтін құрау, оны қорғау)

Қорытынды бөлімі: Жеңген топты анықтау, жеңімпаздарды марапаттау.
Сабағымызды бастайық, қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Сабақтың жүру барысы:

Ұлы даланы сан ғасырлар бойы мекендеген ата-бабаларымыз қылыш ұстап серт берген дәуірден – құран ұстап ант берген заманға дейін талай-талай асулардан асып, бұралаң-бұлтарысы көп жолдардан өткен. Сырт көзге сыр бермейтін көшпелі өмір-тіршіліктің қаншама асылдары мен құндылықтары тарихтың аударылған ауыр парақтарының астында қалып бара жатыр. Ата-бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп-ақ, ат ауыздығымен алысып, етігімен су кешкен заманда да кең байтақ, ұланасыр жерімізді көзінің қарашығындай сақтап, ділімізді, дінімізді, тілімізді, ұлттық құндылықтарымыз – халықтық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды кейінгі ұрпақтарға жеткізіп отырған. Ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабаларымыздың келер ұрпаққа қалдырған сара жолын, айтып кеткен, ғұмырлы өсиетін Сіздердің араларыңызда кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда.


І. Даналық мәйегі (мақал-мәтелдерді жалғастыру, берілген сөздерді қатыстыра отырып, мақал-мәтелді дұрыс тауып, мағынасын ашу)

Терең ойдың інжу-маржандары – мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы жаттығып, теңеледі. Халықтағы: «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды. Бір айтпаса нақылды, ақылсыз айтпайды», - деген тұжырым содан шыққан.

1. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, .......................................................

(төртеу түгел болса, төбедегі келеді);

2. Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, ..............................................

(Жамандар жақсымын деп айқайлайды);

3. Өзге елге сұлтан болғанша, .................................................................

(Өз еліңде ұлтан бол);

4. Дәстүрдің озығы бар,.......................................................(тозығы бар);

5. Дұрыс тіркесті тауып, мағынасын айту







Отырар

Ана

Мекке

Мәдина




Сайрам

(«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың»).

6.





Ұл

40

Қыз

Жезде




Бөле

(«Қызға қырық үйден тыйым». «Қызда қырық көліктік бақыт бар» төрде отырса сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар» босаға да отырса – сол қырсық сол үйде қалады. «Қызда қырық періште бар» төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан бар» есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады. Осындай ырымдардың салқынынан қалтырап, ыстығына қуанады екен).

7.





Сиыр

Түйме

Түйе

Жылқы




Қой

(«Түймедей нәрседен түйедей сөз шығаруға болады», «Түймедейді түйедей қылып», «Көрмес түйені де көрмес»)

8.





Ата

7

Ана

Әке




Шеше

(Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер)

9. «Тыңдаушысы болмаса. . . жетім». (сөз)

10. Сөз қуған. . . жолығады, (пәлеге)

Жол қуған. . . жолығады. (олжаға)

11. Су түбінде жатқан тас................................(Жел толқытса шығады)

Ой түбінде жатқан сөз ............................. (Шер толқытса шығады)

12. Бай мен бай құда болса,............................(Арасында жорға жүреді)

Кедей мен кедей құда болса,.....................(Арасында дорба жүреді)

Бір бай мен бір кедеймен құда болса,...............................................

(Бір-біріне зорға жүреді. )


ІІ. «Айтар болсаң, әр ойыңды қадап айт

Бір сөзіңді мың толғамға балап айт» (халықтық салт-дәстүр, әдет- ғұрыптардан үзінді беріледі, оны табу, сурет бойынша сипаттау).



І-топ. ІІ -топ.

«Қыз қуу», «Көкпар»

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет