Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет15/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Тілдесім
Сұхбаттасайық!
– Күнделікті өміріңізде Сіз үшін телефон қандай рөл атқарады?

– Телефонмен сөйлескендегі сөз әдебі туралы не білесіз?

– Ұялы немесе үй телефонның қайсысы тиімді деп есептейсіз?

– Телефонмен сөйлесу мәдениетін меңгеру қажет деп ойлайсыз ба?


Оқылым

1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.
Телефон арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетінің басты талабы – тек ойлауда ғана емес, ойды баяндауда да мейлінше қысқалық, жинақылық, нақтылық әрі айқындылықты сақтау. Телефонмен сөйлесу ұзақ кідірістерсіз, басы артық сөз, оралымдарсыз, сондай-ақ артық-ауыс көңіл күйдің қатысынсыз өткені жөн.

Телефон арқылы байланысты жұмыс барысында жиі қолданушыларға өзге де бірқатар талаптарды ескеруге тура келеді. Себебі сізбен телефон арқылы сөйлесуші адам осы дидарласу сәтіне толық сипаттама берерліктей сіздің қандай орында (ғимаратта, бөлмеде), қандай жағдаятта сөйлесіп тұрғаныңызды білуге мүмкіндігі жоқ. Десек те, телефон арқылы байланыс сәтіне белгілі бір дәрежеде манипуляция жасауға септесер бейвербалды стимулдар да жоқ емес. Бұларға кідіріс (пауза) жасауға таңдалған мезет және оның ұзақтылығы; бірер сәт үндемей қалу; энтузиазм, келісу не келіспеу реакциясын аңғартарлықтай интонация (дауыс екпіні, тоны) жатады. Адамның телефон тұтқасын тез көтеруінің де көп мәні бар. Бұл қарсы жақ сөйлесушіңіздің қаншалықты дәрежеде уақытының қат екендігін, қаншалықты дәрежеде өзгенің телефон соғуына қызығушылық танытатындығын аңғартады.

Тәжірибеге сүйенсек, телефонмен сөйлесе білу этикасының бірден-бір маңызды қағидаттарының бірқатары төмендегіше:


  • Арқылы өзіңізді таныстыруды және не мәселе төңірегінде білгіңіз келерін айту орынды. Бұл ретте өзіңіздің кім екеніңізді атай отырып, қоңырау шалуыңыздың себебін қысқа айту дұрыс;

  • Сіздің хабарласқан адамыңызға тезірек жалғастыру үшін, сөйлескіңіз келетін бұрын танымайтын адамыңыздың досы ретінде өтінуіңіз іскерлік этикет нормасын бұзу болып есептеледі;

  • Сіздің телефон соғуыңызды күтіп отырған жағдайда телефон соқпай қалу өрескел қателік болар еді. Мүмкіндік туған мезетте-ақ қоңырау шалу орынды;

  • Сізге телефон арқылы хабарласуды өтінген адамға телефон соққан жағдайда ол жұмыс орнында болмаса не телефонға келуге мүмкіндігі болмай жатса, өзіңіздің қоңырау шалғаныңызды айту жөн. Кейін қайтара телефон соғу не өзіңізді қашан және қайдан оңай табуға боларын айту да орынды болар еді. Ал бүгінгі кезеңдегі іскерлік саласындағы ұялы телефонның орны бір бөлек, әрине. Десек те, ұялы телефонмен сөйлесуде де бұл орайдағы ортақ этикеттен аспағанға не жетсін;

  • Егер де әңгіме ұзаққа созылар болса, онда дидарласушыңыздың асықпай сөйлесе алар уақыт мезгіліне орай өзара хабарласуға келіскен дұрыс;

  • Ауызыңызды тағамға толтырып алып ешқашан сөйлеспеу. Сөйлесу сәтінде бір нәрсені сораптау не шайнаңдап тұру орынсыз;

  • Егер де сіз бір телефонмен сөйлесіп жатқан тұста екінші телефон соғып жатса, ең дұрысы алғашқы әңгімені мүмкіндігінше аяғына жеткізе тәмамдау, содан кейін ғана екінші қоңырау шалушыңызбен хабарласу дұрыс. Бұндай жағдаятта, мүмкіндігіне қарай, екінші дидарласушыңызға қандай нөмерге қайта соғуға боларын, кімді шақыру қажеттігін білу артық емес.


2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Телефон арқылы

Ұзақ кідіріссіз

Басы артық сөз

Дидарласу сәті

Толық сипаттама

Таңдалған мезет

Қоңырау шалу

Мәселе төңірегінде



Ұялы телефон

Мүмкіндігіне қарай

Шақыру қажеттігі

Ортақ этикет

Сөйлесу сәтінде

Маңызды қағидат

Тәжірибеге сүйенсек



3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Телефонды жиі қолданасыз ба?

2. Телефонмен сөйлесе білу этикасы туралы не білесіз?

3. Іскерлік саласындағы телефонмен сөйлесу мәдениеті жайында не айтар едіңіз?

4. Телефондағы адамның көңіл күйін қалай білуге болады?

5. Өз көзқарасыңызды айта аласыз ба?


4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз.

  1. Адамның көңіл күйі;

  2. Жағдаяттарға қарай жауап;

  3. Телефонмен сөйлесу мәдениеті;

  4. Бірқатар талаптары;

  5. Сөйлесе білу этикасы.


Сөз мағынасын саралайық!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет