«Шығыс базары» әдісі арқылы оқушылармен өткен сабақты пысықтау,бір-біріне
сұрақ қойғызу , әр оқушы қораптағы жатқан бір –бірден кез келген оқушының атын
суырып, содан соң сол аты аталған оқушыға сұрақ қояды, сұраққа жауап беруші оқушы
өз атын сұраққа жауап бере отырып сатып алады.
Сұрақтар:
1.Адамның сырт келбетіне қарап баға беру дұрыс па?
2.Өз-өзіңе қандай баға берер едің?
3. Өзіңді басқалардан жоғары ұстау дұрыс деп ойлайсың ба?
4.Кербез, тәкаппарлық жақсы қасиет пе?
5.Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап, көтерген.
Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
6. Абайдың «Он сегізінші сөзінде» не туралы айтылған еді?
(Видеороликті көрсету. «Адамның көзіне қарап мінезін тану»)
«Түрткі болу сұрақтарын» қойып, жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру.
Бұл видеоролик не туралы болды? Сендер өздеріңнің қандай адам екендіктеріңді
көздеріңнің түстері арқылы біле алдыңдар ма?
Адамның мінезі қандай болады?
Тағы да видеороликке назар салсақ:
«Адамның мінезі жыл мезгілдері сияқты» атты видеоролигін көрсету.
Берілген оқу мақсаттарына сай оқушыларға тапсырма беру:
Ж. Жазылым алды тапсырма
Үнтаспа. Мінез-ақыл сауыты
Оқушылар үнтаспаны тыңдайды.Тыңдап болған соң, берілген ақпаратты зерделей отырып,
өз ойын жүйелеп жазады.
«Сұрақ-жауап» әдісі
Жүсіп Баласағұн бабамыз бақытқа жеткізетін қандай пайдалы үш нәрсені атап көрсетті?
Мінезі бар адамның ұяты бар дегенді қалай түсінесің?
Дана Абайдың адамның мінезін өзгертуге болады деген пікіріне келісесің бе?
ТЖ.Жазылым тапсырмасы.
Сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құраңдар.Әңгіме құрау барысында
кейіпкерлердің мінез-құлқын сипаттауда сын есімді, оның шырай түрлері мен
сын есімді зат есімнің орнына қолданып жазыңдар.
ТЖ.Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Әр топ өз жұмысын қорғау барысында төмендегі бағалау парағын басшылыққа алады.
Р/с
|
Бағалау критерийі
|
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
1
|
Сюжет желісі бойынша әңгіме құрастырады.
|
|
|
|
2
|
Кейіпкерлердің мінез- құлқын сипаттайды.
|
|
|
|
3
|
Кейіпкерлердің мінезін сипаттауда сын есімді қолданады.
|
|
|
|
4
|
Кейіпкерлердің мінезін сипаттауда сын есімнің шырайларын қолданады.
|
|
|
|
5
|
Әңгімеде заттанған сын есімдерді қолданады.
|
|
|
| |