Атырау облысы Махамбет ауданы Д. Төленов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Нұргүл Сүндетқалиқызы



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі306,31 Kb.
#31575
  1   2
Атырау облысы Махамбет ауданы

Д. Төленов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Аманғалиева Нұргүл Сүндетқалиқызы



Қызықты математика таңдау пәнінен деңгейлік тапсырмалар

Түсінік хат

Ғылым мен білімнің ғарыштап дамуына қызмет ету, еліміздің болашағына қызмет ету екенін біз жақсы түсінеміз. Ол жеткіншек жас ұрпаққа терең де , тиянақты білім беруден басталады.

Халқымыздың болашақта гүлденуі бүгіннен басталады, олай болса, егеменді еліміздің болашағына қызмет ететіндер- білімді ұстаздар екен, ұстаздың ету қиын да қызықты мамандық. Заман талабы қазіргі таңда ұстаздар қауымына зор жауапкершілікті арттырып отыр.

Білім беру жүйесін жетілдірудегі басты мақсат - әрбір жас ұрпақтың өзінің және қоғамның мүшесіне өзін- өзі белсенді етуге дайын ,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім бәсекеге қабілетті және құзіретті шығармашыл, білімді тұлғаны қалыпастырып дамыту.

Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан жеке оқушының ерекшелігін ескеру- мұғалімнің міндеті.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан- жақты дамыған, педагогикалық шеберлегі болуы – басты мәселе.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушылардың талап тілегін, қызығатын мәселелерін жан- жақты дамтуға мүмкіндік табады.Әр оқушы өзінше ойлайды. Есі де, еркі де, мінезі де алуан түрлі. Осыдан да біреуге оңай көрінген тақырып екіншіге қиын тиеді.Ол үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру тиімді. Деңгейлік тапсырмалар 4 деңгейде беріледі.Төменгі деңгей міндетті деңгей де, қалғандары оқушы қабілетіне қарай орындайды.


  1. деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында «танып- білу» және үлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалады.Яғни , бүгін өткен жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.

  2. деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немесе өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша ;

  3. деңгейлік тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі.

  4. деңгейлік тапсырмалар оқушыны шығармашылықпен жұмыс істей алатындай , ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындау үшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесіне байланысты.

Осы үш өлшемдік оқытудың педагогикалық технологиясы талап етіп отырған мақсатты деңгейлер тізбегін құру, яғни ол диагностика түрінде анықталады.

Деңгейлік тапсырмалар бойынша бақалау «ұпайлық» жүйемен жүзеге асырылады. 1- деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса, «3» алады. 2- деңгейге 10 ұпай жинаса, «4» қойылады.3- деңгейге 15 ұпай жинаса, «5» бағасы қойылады. 4- деңгейге 20 ұпай болса, «5» -ке бағаланады.Демек, әділ баға қойылады.

Оқушыларды білімін бағалау «Ашық журналды» көмегімен жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз біліміне, іскерлігіне, дағдысына сүйенеді. Мұндай әдіспен бір сабақта сынып оқушыларының барлығының білімін бағалап шығуға болады. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушының қабілеті айқындалады.Өз балаңыздың жетістігін және өзіңіздің балаға берген деңгейлік тапсырмалар арқылы өз жетістігіңізді көресіз. Нәтижесінде білім сапасы артады.

Бастауыш пен орта буын арасында өтетін адаптацияда еш қиындықсыз өтеді.

Қызықты математика сабақтарында оқушыларды деңгейлеп оқыту- нәтижеге бағытталған озық технология. Осы технология мұғалім үшін де, оқушы үшін де берері өте мол екеніне көзім жетіп, өзімнің іс- тәжірибемді әріптестеріммен бөліскенді жөн көрдім.

Егеменді еліміздің жан-жақты мәдениетті болашағын тәрбиелеуге көмегі болар деген ойдамын.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет