Дәрісханада тыңдармандармен ешқашан да жоғары үнмен сөйлеспеу. /Мәселен, «Бұның не екенін сіздер білмейсіздер, сол себептен де сіздерге түсіндіруге мәжбүрмін» деген тұрғыдағы сөйлемдерді мүлдем қолданбау. Мұның орнына «Бәріміз білетіндей...» деген тіркестерді қолданған абзал/;
Өзіндік біліміңізбен жоғарғыларға әсер қалдыруға ұмтылмау. Себебі шешім қабылдау үшін, ең керегі жай ақпарат қана. Өзіңіздің әрбір сөйлеген тұсыңызда «диссертация қорғаудың» қажеті жоқ;
Тыңдаушылардың бірін ренжітіп аларлықтай терминдерді, иллюстрацияларды не мысалдарды қолданбау.
Аудиторияны жандандырамын, қозғалысқа келтіремін деп тақырыпқа қатысы жоқ қызықты оқиғаларды айтпау. Айтар әңгімеңіздің негізгі тақырыпқа тікелей қатысы болу керек;
Күлкілі оқиғаларды айтпау. Тыңдаушылардың көңіл көтеруге емес, бір нәрсе білуге келгені аян. Бірақ та бұл тұсаукесердің ұйымдастырылуы жағынан тиімді, тыңдауға жағымды болмасын деген сөз емес, керісінше, тап солай болуға тиіс;
Егер ретін келтіре алмасаңыз, мүлдем әзілдемеу. Әзілдесу ретін екінің бірі біле бермейтінін ескергейсіз;
Тыңдаушылардың бірін ренжітіп аламын деп ойласаңыз күлкілі оқиға не анекдот айтпау, иллюстрациялар қолдануды кейінге қалдыру.
Қысқасы, бәрін де дұрыс түсінгейсіз. Біздіңше, жоғарыда айтылған кеңестерді ескергенде ғана белгілі бір дәрісханада алдына шығып сөз сөйлеуде табысқа қол жеткізеріміз даусыз.