Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет3/75
Дата06.02.2022
өлшемі5,41 Mb.
#35116
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Қадыр Жүсіп, Х. Досмұхамедов атындағы
АМУ профессоры, ф. ғ. д. , З. Қабдол атындағы
ғылыми зерттеу орталығының директоры



Қазақ халқының рухани қарыштап дамуы тіл тағдырымен тікелей байланысты әрі Тіл саясаты – Қазақстан Республикасының ғаламдық даму бағытындағы саясатының ажырамас бөлігі.


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу – құралдарын, аудио – бейнематериалдарды әзірлеу керек» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі заман талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту – тілдік тұғырнаманы қалыптастыру болып табылады. Бұл орайда Президент сөзі мемлекеттік тілді оқытуды жүзеге асырып отырған Тіл орталықтарының оқытушыларына үлкен міндет жүктейді.
«Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Дұрыс сөйлей білмеген адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентемін деп езілтеді, жұбатам деп жылатады. Сөйтіп, тілін білмеген түбін білмейді» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, сөз мағынасын терең түсіну, оның астарын ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету басты парызымыз.
Осы бағытта тереңдетілген ІІІ деңгейге сай негізделген «Іскери - шешендік тіл дамыту» курсы ашылған болатын. Бұл курстың мақсаты – шешендік өнердің алуан сипаттарын, тарихын, шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктерін, іскерлік қарым – қатынас әдебін, іскер маманның тыңдау білігін, сөйлеу өнерін жете меңгеруге, шаршы топ алдында сөз сөйлеу мәдениетін, ресми – іскерлік қарым-қатынаста өзін ұстай білуге, шешендік өнер қағидаларын меңгеруге көмектесу.
Сонымен бірге, жалпы сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық атаулы жоқ. Ал адам іс - әрекетінің кейбір салаларында ол аса қажетті де тиімді жұмыстың міндетті алғы шарты да. Сауатты да шешен сөйлей білу дағдысы адамдар арасында жылы да жағымды қарым – қатынас орнатуға және оны сақтауға мүмкіндік береді. Әншейінде мағынасы көмескі, тіптен қажетсіз көрінетін сөзді өз орнында, дәл мезетінде шебер де шынайы қолдана білсе, ол теңдессіз күшті құралға айналары сөзсіз.
Ұлтымыздың қайраткер ұлы, халық батыры Б. Момышұлы: «Өз тілімнің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай» дегендей, мемлекеттік қызметшілер тек тілді үйреніп қана қоймайды, дауыс ырғағын келістіре сөйлеуге дағдыланады, яғни сазды үнмен қазақ тілінің сондай көркем де әсем екендігіне өзгелердің де көзін жеткізеді.
«Іскери – шешендік тіл дамыту» курсы арқылы нәтижесінде:

  • адамдармен ресми қарым-қатынас жасауда іскерлік дағдылары;

  • жұмыс барысында ісі түсе келген тұлғаның көзін жеткізу арқылы адам факторы есепке алынады, мемлекет, мемлекеттік қызметші туралы оңды пікірі;

  • бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар, жұмыс барысы бойынша баяндамалар дайындауда ойды жүйелеу, мемлекет саясатын түсінікті жеткізу, қисынды пікірді айта білу дағдысын;

  • шаршы топ алдында, телебейне көрсетілімдерде өз саласы бойынша пікір алмасып, сөз сөйлегенде мүдірмей, ойын нақты, ашық айтуды, өзін - өзі ұстай білуді қалыптастырады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет