2.2 Заман талабына сай өзгерістер енгізілген саптық алаңдағы қарумен жұмыстарды оқытудың эксперементтік негіздері
Қарумен жүргізілетін алғашқы сабақта әскери оқытушы бірінші кезекте, әскери қызметшілердің қарумен (автоматпен пулеметпен т.б.) саптық тұрысты қалай қабылдай-тынын көрсетуі керек.
Қарумен саптық тұрысты оқыту үшін бөлімшені немесе взводты бір қатарға тұрғызып, әр-түрлі қарумен саптық тұрысты қалай қабылдау керек екенін көрсетеді. Осыған сәйкес, оқытушы саптық тұрыс күйін әр – қашан курсанттар алдынан, артынан және жанынан оны көре алатындай етіп қабылдау тиіс.
Қарумен саптық тұрыста қарусыз саптық тұрыс сияқты, бұл ретте қаруды аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жиналмалы дүмбелі автоматты аузын төмен қаратып «белдікке» күйінде ұстау керек.
Қарумен саптық тұрысты жолай түсіндіріп, көрсеткеннен кейін командир 1-2 адым ара-қашықтықта бөлімшені тұрғызып, әр-қайсысына саптық тұрысты жеке қабылдауына бұйрық береді. Сонан соң бөлімше командирі «ТІКТЕЛ» пәрменін береді және курсанттардың қимылдарын тексереді. Бөлімше командирі көкіректің алға ұмсынылуына және белбеулі белдіктің жоғарғы кесігі дәрежесінде болуы тиіс оң қолдың күйіне (автоматшылардың) назар аударады. Дұрыс тексеру үшін бөлімшені оңға, солға бұру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |